Аннотация: В статье рассматривается значение стихотворений Жамбыл Жабаева о воспитании
поколения. Идеи, поднятые в поэтических стихах, подробно анализируются.. Это позволяет нам понимать
стихотворные стихи, в основе которых лежат такие человеческие качества, как мораль, честность,
патриотизм, правдивость, обещания обещать воспитание потомства.
Ключевые слова: патриотизм, поколения, нравственность, труд, мужество, щедрость, правда,
ответственность.
Annotation: The article discusses the significance of Zhambyl Zhabayev’s poems about the upbringing of a
generation. The ideas raised in poetic poems are analyzed in detail. This allows us to understand poetic poems,
which are based on such human qualities as morality, honesty, patriotism, truthfulness, promises to promise the
education of posterity.
Keywords: patriotism, generations, morality, labor, courage, generosity, truth, responsibility
ХХІ ғасыр – ақпараттық-технология қарыштап дамыған заман. Осындай жаһандану заманында ұрпақ
тәрбиесі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Жас ұрпақты тәрбиелеуде Жамбыл
жырларының берер тағылымы мол.
Өзінің ғасырға жуық ғұмырында Жамбыл Жабаев ел мен жерді, адам баласының бойындағы жат
қылықтарды, ел арасындағы достықты жырлады. Қазақ поэзия әлемінде өзіндік тұғыр биігіне көтерілген
жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, образға толы поэзиясы әр жас
ұрпақтың бойына өшпес рух береді.
Жас ұрпаққа ақынның жырлары ғана үлгі-өнеге болып қана қоймай, жүз жылдық ғұмырының өзі
жанына сая боларлықтай көлеңкесін түсіре алады. Жылдар жылжып өтіп жатса да, қарт Жамбылдың саф
алтындай асыл жырларына еш кедергі бола алмады.
Алып ақынның жүз жыл өмірі, жүз жыл бойында суарылған сайын шыныға түскен шар болаттың
бабындай, шымырлап толысып, түрлене түскен ақпа ақын өзгеше бір өсу өмірі болатын /1,6-7/.
Күрмеуі көп күрделі дүниеде шыншылдық, әділдік, бауырмашылдық, отансүйгіштік қасиеттер сынға
түспек. Осындай астасып жатқан аласапыран кезеңде Жамбыл жырлары айнымас бағыт-бағдар беретін
құнды дүние болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |