Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет465/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   548
Байланысты:
2

Кeywords: 

concept, concepts good / evil, idioms, association, stereotypes, language picture of the world, 

humanity, kindness, 

pedagogy, philosophy. 

 

Лингвистиканың  әртүрлі  даму  кезеңдерінде  зерттеушілерді  халықтың  ішкі  өміріне  қатысты,  оны 



анықтайтын  этикалық,  философиялық,  культурологиялық  доминант  (басым)  жақтарын  зерделеу  қызық-

тырды. Оларға өмір, өлім, ақиқат, сұлулық, махаббат, жақсылық, жамандық сияқты категориялар жатады. 

Осылардың  басында  қарама-қарсы  мағына  беретін,  Т.И.  Вендидің  айтуынша,  «ғаламдық  антиномия», 

«әлемді танудың онтологиялық кілті» есептелетін жақсылық пен жамандық концептілері тұр.  

Жақсылық пен жамандық әлемнің тілдік бейнесінде және әлемнің көркем бейнесінде (художествен-

ная картина мира) көрініс тапқан ең негізгі, орталық категория болып табылады. Этика мен философияда 

да осындай қызмет атқарады: оларда адамның өзіндік тұрмысының көрінісі бейнеленеді, сол арқылы адам 

өзінің  осы  өмірдегі  тіршілігін  анықтайды,  олар  барлық  жағымды  және  жағымсыздықтың  өлшеуіші 

болады. Осылар арқылы адам өзінің жасаған істеріне баға бере алады.  

Философиялық  сөздікте  жақсылық  пен  жамандыққа  адамдық  қызметтің  жағымды  және  жағымсыз 

аспектілерін білдіретін, бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар деп жалпылай түсініктеме берілсе, қазақ тілінің 

түсіндірмелі сөздігінде бұл ұғымдарға мынадай анықтама келтірілген: «Жақсылық – 1. Қайырымдылық, 

рақымдылық, мейірімділік. 2. Белгілі бір заттың бойындағы тәуір қасиет, сапа. Жамандық – жағымсыз іс, 

оқиға,  зұлымдық,  қастық,  жауыздық»  [1,  324].  Жалпы  ғылыми  танымда  ақиқат,  көркемдік  танымда 

сұлулық қандай қызмет атқарса, әлемді моральдік игеру аясында жақсылық та сондай зор қызметке ие. 

Категориялар болғандықтан ақиқат, көркемдік және жақсылық – адамның дүниеге деген қатынасының 

белгілі бір қырлары, яғни бір қатынастың әртүрлі жақтары. Осындай әртүрлі қырлардың өзге нәрседен 

өзгеше мазмұнының болатыны белгілі, бірақ олар түпкі бір құндылықтың көріністері.

 

Ойшыл-философ 



Сократтың пікірінше  «моральдық өлшемдер  объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың 

арасындағы айырмашылық – салыстырмалы  емес, абсолютті  бағытта болады. Жақсылық жасағанда ол 

жақсылықтың  неде  екенін  білген  дұрыс.  Егер  адамдар  жақсылықтың  да,  жамандықтың  да  не  екенін, 

олардың табиғатын түсініп болатын болса, онда олар ешуақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандық-

тың  өзі  жақсылықтың  не  екенін  білмегендіктен  болатын  құбылыс»  [2,  34].  Және  жамандыққа  адамды 

бүлдіруге әсер ететіндердің барлығы жатады.  




357 

Н.А. Бердяев, И.А. Ильин, Н.О. Лосский, В.С. Соловьев, Л.М. Лопатин, Л.П. Карсавин сынды орыс 

ойшылдарының ойынша, жақсылық және одан ажырамайтын жамандық мәселесін шешпесе толыққанды 

этикалық жүйенің жұмысының жүруі мүмкін емес. Жақсылық пен жамандық ұғымының салыстырмалы 

характеріне  қарамастан,  көп  зерттеушілер  адамдық  қызметтің  позитивті  бағыты  жақсылық  екенін  баса 

айтады. 


Әл-Фарабидің  этика  жөніндегі  тұжырымдамаларында  жақсылық,  мейірбандық  категориясы  басты 

орын  алады.  Себебі  ғалым  этиканы,  ең  алдымен,  жақсылық  пен  жамандықты  ажыратуға  мүмкіндік 

беретін  ғылым  деп  қарады.  Ғұламаның  этикалық  ойларынан  терең  гуманизмнің  лебі  еседі.  Әл-Фараби 

«Бақытқа  жол  сілтеу»  сияқты  трактаттарында  адамның  бақыты  туралы  айтады.  Адам  оған  жету  үшін 

көптеген  қиын  жолдардан  өтуі  тиіс.  «Адамның  табиғи  қабілеті  өздігінен  жақсы  қылықты  да,  жаман 

қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді» 

[2, 70] және адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық» тәңірден болмай, оларды адамның өзі таңдауға 

болатынын айтып кетеді.  

Философ  В.А.  Канкенің  пайымдауынша,  «Жақсылық  –  бұл  істің,  қимылдың  дұрыс  құндылығы. 

Жақсылық  –  бұл  жауапкершілік.  Ал  жауапкершілік  –  жақсылықтың  қазіргі  ұғымы».  «Жақсылық», 

«жамандық»  лигвистикалық  құбылмалы  сөздер.  Жақсылық  туралы  былай  дейді:  өте  жақсы,  ең  үздік, 

теңдесі жоқ, баға жетпес, кемшілік жоқ, керемет, аса маңызды т.б. Сол сияқты жамандыққа да қарама-

қарсы мағынадағы сөз тізбектерін келтіру қиын емес» [3, 150]. Одан соң ғалым «Жақсылықты өлшеуге 

бола ма?» деген сұрақ қояды да, қайдағы бір құрылғының көмегімен емес, эстетикалық құндылықтармен 

өлшеуге болады деген шешімге келеді.  Әркімнің өз ақиқаты бар деген басты қағиданы ұстанған софистер 

ілімінің ойынша да «Жақсылық пен жамандықтың объективті мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы болса – сол 

жақсылық,  игілік»  [2,  29].  Философ  Канке  одан  соң  шындық,  сұлулық,  жақсылықтың  бірлігін  былай 

қарастырады: «Осы үш құндылық үндескенде ғана адам өмірі толық мәнге ие болады. Шындық, сұлулық, 

жақсылық –  қастарында өмір бойы адасушылық, тұрпайылық, жамандық сияқты  қарсы ұғымдар қатар 

жүретін идеалдар» [3, 224]. Сөз соңында философ «Бізде жақсылықтың не екенін мәңгіге анықтай аламыз 

деген  үміт  бар.  Негізі  жақсылықтың  не  екенін  білеміз,  сонымен  қатар  оны  қайта  іздейміз.  Бұл  –  өмір 

заңдылығы» [3, 152] деген қорытындыға келеді 

Философия  ғылымында  жақсылықты  ақиқат  және  көркемдік  ұғымдарымен  үнемі  бірге,  тығыз 

байланыста қарастырады. Бұл үш ұғым өте ерте кезеңдерде бір-бірінен ажырай қоймаса керек. Білетіні-

міздей,  ақиқат  болған  нәрсе  әрі  көркем,  әрі  жақсылық  болып  келеді.  Платон  сияқты  ғұламалардың 

диалогтарынан  осы  үш  ұғымның  ажырамағынын  анық  көруге  болады.  Әсіресе  оның  «Мемлекет», 

«Сократтың  ақталу  сөзі»  деген  еңбектерінде  осы  үш  нәрсенің  неғұрлым  ажырамай,  біріге  жымдасуы 

қоғамның үнемі ұмтылатын мұраты деп қаралған. Осыған жақын ойларды Гегель де ұсынғанмен, оның 

даму  идеясының  тұрғысында  ақиқат,  көркемдік,  жақсылық  ұғымдары  бірліктерін  сақтай  алған  жоқ. 

Гегель  философияны  ғылым  деп  түсініп,  ақиқатты  ең  жоғарғы  қасиет  деп  таныды.  Ал  көркемдікті, 

жақсылықты сол ақиқатқа жету жолындағы төменгі сатылар деп бағалады. Гегельдің ойынша, ақиқат тек 

танымдық ақиқат, ол көркемдік пен жақсылықты өз ішіндегі тек бір бағынышты кезеңдер ретінде ғана 

сақтайды. Бұл үш ұғымның бірлігін қостай отырып, Гегель оларды тең бірлік емес, ол бірлік тек ақиқатқа 

бағынады  және  көркемдік  пен  жақсылық  ақиқатпен  анықталады  дейді.  Ал  Фарабидің  жасаған 

қорытындысы білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігі. Ол ақыл мен білімнің биік мәнін дәріптеді. 

Көркемдік, сұлулық жайлы былай дейді: «көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмысты 

нақты түрде  бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі  елесі. Көркемдік – адамның денесі мен 

рухани жан-дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды» [2, 70].     

Әлем  халықтары  философиясының  үлкен  бір  арнасы,  ол  –  қазақ  философиясы.  Және  қазақ  фило-

софиясы ертедегі қазақ халық ауыз әдебиетінен басталып, Абай, Шәкәрім ойларымен сабақтасып жатыр. 

Шәкәрімнің «Үш анық» философиялық трактатында әлем, адам және жаратылыс туралы философиялық 

ойлары  жүйеленген.  Бірінші  анығы  –  дүниені  Құдайдың  жаратқандығы,  екінші  анығы  –  жан  тәннің 

қожайыны, жан өлмейді. Одан әрі сол жанға керек азық деп ар-ұжданға тоқталады. Адамға екі дүниеде де 

керек нәрсе ұжданды Шәкәрім үшінші анығы етіп алады. Және ойшыл ғалым әділет, мейірім, ынсапты 

ұжданды құрайтын негізгі үш қасиет деп біледі. Шәкәрімнің ойынша, ұждансыз адам өзінің бойындағы 

барлық  қасиеттерін  жамандыққа,  зұлымдыққа  пайдалануы  мүмкін.  Және  «ұждан  тек  адамдарға  бұл 

тіршілік кеңістігінде ғана қажет емес, адам ұжданға сай өмір сүру арқылы бақидың алдында да өзінің таза 

болмысын ақтап ала алады» [4

,

 98]  


Лингвистика мен философияда көрініс тапқан «жақсылық/жамандық» концептілері педагогикада да 

кең өріс алған. Адамның жақсы не жаман боп қалыптасуы тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиені зерттейтін 

ғылым ол – педагогика. Сан салалы ғылымдардың ішіндегі педагогика ғылымының бүгінгі таңда алатын 



358 

орны  да  ерекше.  Қай  саланың  болмасын  қазіргі  заман  талабына  сай  маманы  педагогикалық  біліммен 

жоғары деңгейде қарулануы  қажет. Және бұл маманның одан әрі тұлға ретінде жетіліп, қалыптасуына 

жаңа  айтқан  педагогикалық  білімнің  маңызы  зор  болмақ.  «Педагогика  –  адамзат  қоғамының  даму 

тарихымен  бірге  өмір  сүріп,  дамып  келе  жатқан,  адамдардың  тәрбие,  оқыту,  білім  беру  деп  аталатын 

саналы әрекетін зерттейтін ғылым» [5, 14]. Қазіргі таңдағы педагогиканың ең қысқа да нұсқа анықтамасы, 

бұл – тәрбие жөніндегі ғылым. Басты мақсаты – адам тәрбиесі жайындағы білімді жинастыру, жүйелеу. 

Педагогика адамдарды тәрбиелеу мен білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, солардың негізінде 

алға  қойылған  мақсаттарға  жетудің  ең  пайдалы,  ең  негізгі  педагогикалық  жолдары  мен  тәсілдерін 

көрсетіп отырады  

 

Педагогикадағы  тәрбие  мәселесіне  келсек,  оның  түсінілуі  мынадай:  «кең  әлеуметтік  мағынада  – 



тәрбиені адамға бүкіл қоршаған болмыстың әсері деп айтады; кең педагогикалық мағынада – бүкіл оқу-

тәрбие  үрдісін  қамтитын  мақсатты  бағытталған  әрекетті  тәрбие  деп  қарастырады;  тар  педагогикалық 

мағынада – тәрбие дегеніміз – арнайы тәрбие жұмысы; бұдан да тар мағынада – тәрбие белгілі бір міндет-

пен, мысалы, адамгершілік қасиеттердің (адамгершілік тәрбиесі), эстетикалық түсініктер мен талғамдар-

дың  (эстетикалық  тәрбие)  қалыптасуымен  байланысты  қарастырылады»  [6,  7].  Тар  мағынасындағы 

тәрбие  адамға  белгілі  бір  міндетпен  беріледі  делінгенмен,  адам  бойындағы  адамгершілік  қасиеттерді, 

эстетикалық түсініктерді дамытатын осы тәрбие. Тәрбие – жеке бір тұлғаны қалыптастыратын ең маңыз-

ды  және  шешуші  факторы.  Білетініміздей,  өмірде  «тәрбие»  сөзімен  бірге  «педагог»  сөзі  қатар  жүреді. 

Себебі,  балаға  тәрбие  беретін  сол  ұстаз,  сол  педагог.  «Тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы» 

деген  әл-Фараби  сөзін  басшылыққа  алатын  әр  ұстаз  шәкіртінің  бойына  біліммен  қатар  тәрбиені  де 

сіңіреді. Баланы бірінші кезекте адамгершілікке тәрбиелеу қажет. Адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – 

адам бойына ізгілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіру. Я.А. Коменский ізгілікті жанның күші, жомарттық, 

сабырлылық,  әділдік,  мейірбандық,  жақсылық  жасау,  шындық,  сыйластық  деп  түсіндіреді.  Осы 

адамгершілік тәрбиесінің толық жүйесін асыруда ата-ананың, ұстаздардың, достардың ықпалы зор  деп 

санайды. Олар балаға әркез жақсы тәрбие беріп, үнемі дұрыс жол көрсетіп, мысалдар келтіре отырып үлгі 

болуы  тиіс  дегенді  педагог  Я.А.  Коменский  баса  айтады.  Ж.Ж.Руссоның  ойынша,  адамгершілік  пен 

еркіндік – тәрбие принципі. Бала еркіндікті сезіне отырып, өзіне керек болатын адамгершілік тәрбиесін, 

яғни  жақсылыққа  деген  сүйіспеншілікті  сезінуі  керек.  Педагог  И.Пестолоццидің  адамгершілік  туралы 

тәрбиесінің мақсаты – жеке тұлғаның дамуы, оның қалыптасуына кедергі жасайтын қарама-қайшылық-

тардан арылу және тұлғаның жан-жақты тәрбиеленуін қамтамасыз ету. Ғалым адамгершілік тәрбие адам 

бойында халықтың жақсы және жаман қасиеттері негізінде қалануы керек дейді. Фурье адамгершілікке 

тәрбиелеуде  адамның  бойында  еңбексүйгіштік  пен  ұйымшылдық  сияқты  тек  жақсы  құндылықтардың 

қалыптасатынын айтады. В.Г. Белинский мен А. Герцен болса адамгершілікке тәрбиелеудің әділеттілік, 

ұлтты сүю, басқа адамдарға жанашырлықпен қарау деген жаңа жүйесін ойлап тапты. Сол сияқты педагог-

ғалымдар  адамгершілік  тәрбиесін  еңбек  және  денсаулық,  ақыл-ой  тәрбиесімен  тығыз  байланыста 

қарастырады.  

Адамгершілік – мәңгілік тақырып. «Адамгершілік – қоғамдық ойға сүйене отырып, рухани дамуға, 

адамдардың  сана-сезіміне  әсер  етеді,  оларды  қоғамда  қалыптасқан  адамгершілік  заңдылығына  тәрбие-

лейді» [5, 107]. Адамгершілік мінез-құлық әдеті мен дағдыларын қалыптастыратын адамгершілік тәрбие-

сін меңгерген адам жеке тұлға болып танылады. Тұлға психология, философия, әлеуметтану және педа-

гогика сияқты ғылымдардың көңіл аударатын негізгі мәселелерінің бірі. Философия адамның болмысын, 

табиғатын кеңірек қарастырады, сондай-ақ мәңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді.

 

Адамның 


мәнін  және  оның  өмір  сүруінің  мағынасымен  қатар  биологиялық  және  әлеуметтік  дамуының  жалпы 

заңдылықтарын  ашып  көрсетеді.

 

Психология  пәні  болса  тұлғаны  психикалық  процестердің  қатынас-



тарының (темперамен, қабілет, мінез-құлық,  ерік) тұрақты тұтастығы ретінде  зерттейді.

 

Эмоция, сезім, 



танымдық  және  тағы  басқа  психологиялық  процестер  арқылы  көрініс  табатын  адамның  ішкі  жан 

дүниесіне басты назар аударады.

 

Ал әлеуметтану ғылымы адамға емес ең бірінші қоғамға көңіл бөледі. 



Тұлғадағы  әлеуметтік-типтік  ерекшеліктерді  айқындап  береді.  Тәрбие  жөніндегі  ғылым  саналатын 

педагогикадағы тұлға дегеніміз – баланың жеке адам ретінде сезінуі, жауапкершілікті сезінуі және өзіндік 

өмірлік ұстанымының болуы мен  «меннің» қалыптасуы. «Тұлға – нақты адамның дамуының нәтижесі, 

адамдық  сапалардың  толығымен  көрінуі»  [7,  6].  Тұлға  мәселесін  қарастырған  Махмұт  Қашқаридің 

ойынша,  орта  ғасырдағы  түркі  адамының  бейнесі  –  «ұлылыққа  ұмтылған»,  «білімділікті  іздеген», 

«даналықты  таңдаған»,  «біліктіге  серік  болған»,  «бабалардың  әдеп-насихатын  ұстанған»  ірі  тұлға. 

«Қашқаридің  педагогикалық  тұжырымдамасында  баланы  тұлға  етіп  қалыптастыратын  адамгершілік 

сапалардың бірі – қонақжайлылық. Мұның дәлелін «Түркі сөздігенен табуға болады: 

 



359 

Көркем тонды өзіңе, 

Тәтті асыңды өзгеге (қалдыр),  

Қонағыңды құрметте, 

Даңқын жайсын еліңе!» [8, 40].   

 

Қашқаридің педагогикалық идеяларының құндылықтарының бірі – жеке тұлғаның өзін-өзі  тәрбие-



леуіне бағыт беруі. Өзін-өзі тәрбиелеу деген адамның өз ісіне, өз мінез-құлқына өзінің баға беруі. Адам 

мейірімді, ізгілікті, иманды, кешірімді болуы керек. Осы имандылық тәрбие М.Қашқаридің педагогика-

лық  тұжырымдамасындағы  басты  тәлімдік  тағылымы  болып  табылады.  Ғалымның  тұжырымдамасы 

бойынша адамның тұлға болып қалыптасуы үшін де адам бойында осындай адамгершілік қасиеттердің 

болуы тиіс. Адамның тұлға болып қалыптасуына халықтық педагогиканың да ықпалы зор. Мазмұны бай 

да  сан  қилы  қазақтың  халықтық  педагогикасы  жеткіншек  ұрпаққа  тәрбие  берудің  барлық  жақтарын 

қамтиды. Қазақ халқы баланы бесігінен жақсы қасиеттерге баулып, «ұят», «намыс», «ар» деген ұлағатты 

сөздердің  мағынасын  тереңнен  ұғындырып,  «Үлкенді  сыйла»,  «Жолын  кесіп  өтпе»,  «Сәлем  бер»  деп 

үнемі түзу жол  сілтеп  отырған. Қазақ халқының эстетикалық тәрбие берудегі  тиімді құралдары болып 

ертегілер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар саналады. Олар балалардың 

ойлау  қабілеті  мен  тілін  дамытуға,  шешендікке,  тапқырлыққа,  олардың  бойында  әлеуметтік-моральдік, 

әдептік  түсініктерді  қалыптастыруға  септігін  тигізді.  Тағылымы  мол  мақал-мәтелдер  мен  шешендік 

сөздер де балалардың тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы нағыз халықтық педагогикасы деуге 

әбден болады. 

Сонымен  адамгершілік  тәрбиесі  негізінде  шыдамдылық,  жомарттық,  әдептілік,  ізеттілік  үлкенге 

құрмет,  кішіге  қамқорлық,  өзіндік  тәртіптілік,  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  басқару  сияқты  жақсы  қасиеттер 

қалыптасады.  Мақсаты  –  жауапкершілікті  ұғынатын,  намысы  бар,  адал,  жалғандықтан  бойын  аулақ  

ұстайтын  адам  тәрбиелеу.  Ол  дегеніміз  –  жеке  бір  тұлғаны  қалыптастыру.  Адам  –  ең  әуелі  адам-

гершілігімен, содан соң парасатының биіктігімен көрікті.  

 

«Үш нәрсе бар жер қылатын адамды. 



Үш күнә бар оттай қарыр табанды 

Біріншіден – арсыз мақтап, жамандық 

Екіншіден – алдау, арбау, арамдық, 

Үшіншіден – алыпсатар, сараңдық 

Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық»  

 

деп Ж.Баласағұн айтқандай, адам өзін жер қылатын жамандық, арамдық, сараңдық сынды қасиеттерден 



аулақ болғаны жөн. Міне, осындай тәрбиені бала бойына сіңіретін ғылым, ол – педагогика. Үлкендердің 

ұстаздық  етуімен  шәкірттердің  азаматтық  және  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыратын  тәрбие 

педагогиканың негізгі процестерінің бірі. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілген бүгінгі таңда педагогика, 

соның ішінде халықтық педагогика терең ақыл-ойдың мектебі болып табылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет