БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МАЗМҰН: ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Джамамбетова А.У.
ҚР ҰҚ Академиясы оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі
Түйіндеме: Мақалада қазіргі білім берудің жаңа мазмұны туралы сөз болады. Жаңартылған білім
бағдарламасына негізделген оқулықтардың сипаты және авторлары туралы, олардың құрастырған
оқулықтарының артықшылықтары қарастырылып талданды. Оқулықтардың оқылым, тыңдалым
мәтіндерін талдау сұрақтары проблемалық тұрғыдан келеді. Оқулықтың оқу материалдары ғылыми
және әлеуметтік мәселелер төңірегінде топтастырылғаны және оларды шешудің әртүрлі теориялық
әдістері ұсынылуына өзіндік сараптама жасалды. Проблемалық міндеттер мен сұрақтардың
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай берілуі, мәтінге кіріспес бұрын ойтүрткі сұрақтарының
берілуін оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, шығармашылыққа бағыттайтын, оқушыны сабақ
үдерісінде белсенділікке апаратыны туралы тұжырым жасалды.
Тірек сөздер: жаңартылған білім мазмұны, креативті ой, танымдық, проблемалық, критериалды
бағалау өлшемдері.
Достарыңызбен бөлісу: |