Keywords: updated content of knowledge, creative thinking, cognitive, problematic, criterion evaluation.
Білім беру үрдісінде жаңа бағдарламаның тәжірибеге енуі мен қолданысқа түсуі жаңалық болып
келді. «Жаңартылған білім мазмұны» деген атауға ие болып, білім мазмұнын түбегейлі өзгерткен бұл
бағдарлама өзіндік ерекшелікке ие. Осы бағдарламаны басшылыққа алып жаңа тұрпаттағы оқулықтар
құрастырылды.
Қазіргі заман білім мен ғылымның, технология мен инновацияның заманы. Қазақстанға жалынды,
бәсекеге лайықты жастар мен белсенді қоғамның құрылуы қажет. Елбасымыз егемендігімізді алғаннан
бері еліміздің болашағы – жастар екендігін айтуда. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, жаһандық аренада
өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Осыған байла-
нысты елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен
мазмұнына елеулі өзгерістер енуде. Жаңартылған білім мазмұнының басты мақсаты – білім мен білік
дағдылары қалыптасқан, белсенді, шығармашыл ойлайтын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру. Бұл бағдарлама биылғы оқу жылынан бастап мектепте қолданылып, 2021 жылда барлық
сыныптар аталған бағдарлама бойынша білім алатын болады. [1]
Оқытуды қазіргі заман тұрғысынан талдайтын болсақ, білім мазмұны жаңартылып, қазіргі қоғамның
аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне, білімі
мен құндылықтарды қабылдауы идеясы біріктіріле қарастырылған білім бағдарламалары тәжірибеге
енгізілді. Жаңа бағдарламаға сүйенген білім оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың
субъектісі ретінде қалыптастыра алады деген сенімде. Өзінің ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-
мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып
келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Баланы заман ағымы талаптарына
сай, бәсекеге білімімен төтеп бере алатын, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлға етіп
қалыптастыру үшін бар мүмкіндіктер оқыту үрдісінде қарастырылуда. Ондай жеке тұлға ғылым, білім,
эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа
ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Жақсы білім, білік, дағдыны игерген тұлғаның іс-әрекеті
мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіру, дағдыларын
қажетті ортада жағымды үрдісте қолдану, қоғам өмірінің өзін қажетсінген тұстарында креативті ойлармен
алға шығуы – оның тұлғалық болмысының білім мен тәрбие арқылы қабылданған үдерістері болып
саналады. Сондай-ақ – оқушыға білім беру, дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып беріліп жат-
қан қазіргі заманғы оқыту процесінің жаңартылып ұсынылуының мәні осында. Ғалым Н.Ф. Талызина-
ның: «Оқыту мен тәрбиелеу – алдыңғы толқын тәжірибелерінен үйрену үдерісіндегі арнайы ұйымдас-
тырылған қызметтің түрі» (Talyzina,1998:9), деген анықтамасында көрсетілгендей, оқыту мен тәрбиені
қабыстыра берудің маңызы зор. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және
тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Ең басты мәселе, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік, жаңа қоғамдық
қатынасты дамытушы тұлға керек.
Өз кезеңінде әр заманның тәжірибелі педагогтарының озық идеялары таратылып, дидактикалық
үдерістерге еніп жатады. Ш.А. Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Волков, В.Ф. Шаталов, К.Бітібаева,
К.Нұрғалиев, Р.Б. Нұртазина, т.б. жаңашыл ізденістерін айтуға болады. Алдыңғы аға буын ғалым-
педагогтар ізін жалғастырушы, жаңартылған білім оқулықтарының мазмұнын Ф.Оразбаева,
Ж.Дәулетбекова, Г. Қосымова, Р. Рахметова, Т. Ермекова, Б. Қапалбек, Ж. Отарбекова, М. Жолшаева,
369
Г.Раева, т.б. ғалымдар құрып, олардың қолданысқа түсуіне автор ретінде атсалысты. Ал қазіргі таңдау
мүмкіндігі бар мұғалімнің ізденуіне, шығармашылық идеяларын іске асыруына және жариялауына еркіндік
бола тұра, олардың педагогтік ісіне бірыңғай талаптар мен міндеттер де қойылып отыр. ҚР Тілдерді дамыту
мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетіл-гендей: «Қолда-
ныстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту және олардың біліктілігін арт-
тыру құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады» (bagdarlama, 2011), ұстаздардың
біліктілігіне деген жауапкершілік, яғни оларды оқыту мәселесі мемлекет тарапынан да қолдау тауып отыр.
Олардың алдындағы шәкіртіне жаңартылған білімнің бағдарламалық мазмұнын игерту арқылы олардың
танымын арттырумен қатар ол бағдарламаның бірыңғай талаптарын орындауы да өте маңызды рөл
атқармақ. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы білімгерді жан-жақты дамыту мәсе-
лесі пәннің ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, саналылық, көрнекілік, т.б білім берудің негізгі ұстаным-
дарын басшылыққа алуды көздейді. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында: «Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын
іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар
денсаулығының нашарлауына әкеледі» (bagdarlama, 2010) деп, анықтап берілген білім берудің керағар
тұстарын ескере келе, олардан алшақтататын тәсілдерді жүйелеу мақсат етіледі.
Әрбір мұғалімнің өз ісіндегі тәжірибесі бірегей болғанымен, жаңартылған білім беру бағдарламасын
оқытуда олардың ортақ идеялары да бар, олар:
-
шәкірттеріне деген ізгілікті тұлғалық қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;
-
оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, олардың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала
отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;
-
оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін
нығайту;
-
ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлеріне сүйену;
-
оқушыларға мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере білу;
-
бағдарламалық материалды 4 түрлі танымдық іс-әрекетке бағыттай үйрету;
-
ұжымдық және даралық өзін-өзі талдай білуге қатыстыру;
-
оқушылардың дүниетанымдық көкжиегін кеңейтуге негізделген ақпараттарды мол беру;
-
оқушылар білімін бағамдауда критериалды бағалау өлшемдерін негізге алу, т.б.
Мұғалімдер тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы – сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Жаңартылған
мазмұндағы бағдарламаны меңгертуде сабақтың кезеңдері де жаңарып және мектептегі балалардың
дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамытуға бағыттылығына негізделген жаңа үдерістермен
толықтырылған. Сабақтың 40 минуттық уақытқа қысқартылуы да баланың ынтасына, денсаулығына,
физиологиялық дамуына нұқсан келтірмеудің бірден бір көрінісі.
Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатын шешуде жаңа бағдарламаға құрылған оқулықтардың
тапсырмалар түзуінде көп жаңалықтары бар. Әр мақсаттың жетістік критерийлері есепке алынады.
Оқушылардың ынтасын оятатын, қызығушылығын арттыратын, белсенділікке жетелейтін тапсырма-
лардың түрлендіріле берілуі оқулықтардың өзіндік ерекшелігі ретінде айқындалады.
Жаңа бағдарламамен ұйымдастырылған сабақ нәтижесінде мұғалім жақсы жетістікке жетудің жаңа
формаларын шеберлікпен пайдалана алуына қарай: оқушылардың өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар
мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя білуі; жолдастарының
жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған
оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы
келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі
тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін ойластыруы; танымдық
міндеттердің шешімін өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы жүзеге асырылады.
Білім берудегі инновациялық технологиялардың тәжірибеге енуі мен оны тиімді қолданудың өзіндік
рөлі бар. Әлемдік озық үлгілер ғана жинақталып, тиімділігі танылған, нәтижелілігі мойындалған әдіс-
тәсілдер қолданыстан шықпайды. Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері
өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында оқыту үдерісінің елеулі бөлігі болып табылатын әдістердің алуан
түрі жинақталған. Алайда олардың ара қатынасы, артықшылығы, нақты толысуы мектептің мақсаттық
бағыттарына қарай өзгеріп отырады.
Жаңартылған мазмұнда құрастырылған оқулықтарда балалардың танымдық және шығармашылық
белсенділігін дамытудың міндеттері бірінші орынға қойылады. Баланың логикалық ойын дамытатын
тапсырмаларды көптеп беру қарастырылған. Оқылым мақсатындағы мәтіндермен оқып танысқаннан
кейін, сол ақпараттардың мәнін түсінуі, қабылдауы және ол туралы өзіндік ой қорытуы, ақпаратқа
370
интерпретация жасай алуы тұрғысынан баланың ой генерациясы іске асады. Ол тапсырмалдарды немесе
қойылған сұраққа жауап беруі ауызша немесе жазбаша жүруі ықтимал. Бұл кезеңдегі іскерлік дағды
қалыптастыру жұмыстары оның практикасына жол береді. Ал тыңдалым мақсатындағы мәтіндермен
жұмыстың түрі де сан түрлі. Ақпаратты тыңдау арқылы негізгі мәселені анықтау, қосымша ақпарат не
болып тұр және оған өз көзқарасы тұрғысынан анализ, синтез жасауы – оның оқу танымдық қабілетін
арттырады.
Осындай жаңалық тұрғысында мектеп мұғалімдерінің бағдарламаға және жаңа тұрпатты оқулықтың
мазмұнына көзқарас, пікірлері қандай деген мәселе туындады. 2017 жылдың қараша айында респуб-
ликамыздың барлық облысына оқулық авторлары іс-сапарға шығып, оқулық мазмұнымен аймақ
мұғалімдеріне таныстыру семинарлары жүргізілді. Еліміздің оңтүстік, батыс аймақтары бойынша жаңа
оқулыққа деген қызығушылықтың басымдығы байқалды. Дегенмен мәселе туындататын сұрақтардың да
көп болғаны жасырын емес. Мәселен, оқылым және тыңдалым мақсатындағы мәтіндерді бір сабақтың
үдерісінде игерудің қиыншылығының басымдығы сөз болды. Алыс аудандарда тыңдалым іс-әрекетін
жүргізуге техникалық құрылғылардың дайын еместігі алға тартылды. Дәл осы мәселемен оңтүстік, батыс
аймақтардағы шалғай ауылдардың 50 пайыздайы қиындыққа ұрынары анық болды. Тыңдалым
материалдары электронды сипатта жазылып, диск түрінде оқулыққа қосымша берілген болатын. Кейбір
тәжірибелі ұстаздар өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, өзінің жеке компьютерлерін көтеріп жүріп
бұл кедергілерді жеңудің жолын қарастырғаны да белгілі болды.
Ауызша баяндау әдістері мектепте бұрыннан-ақ басты орын алып келді. Мұғалім сөзі, оқулықтар –
оқыту үдерісінің бұрыннан келе жатқан құралдары. Мектеп мұғалімдері дәстүрлі оқытудың осындай
қасаң тәсілдерін қолдану үрдісінің орнын жаңа тәсілдермен ауыстыруға көше бастады. Соңғы он жылда
олар проблемалық сипатқа ие болып келеді. Осы проблемалық әдіс жаңартылған білім мазмұны
оқулықтарының мазмұндық құрамы болып келеді. Оқу материалы көкейкесті ғылыми және әлеуметтік
мәселелер төңірегінде топтастырылып, оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері ұсынылады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай проблемалық міндеттер мен сұрақтар беріліп отырады.
Мәтінге кіріспес бұрын ойтүрткі сұрақтарының берілуі проблема қоя оқыту ретінде, оқу материалын
түсіндірудегі жүйелі үдерісте басты орынға ие.
Оқыту тәсілдерінің бірі – өздік жұмыс, оқушылардың өздігінен білім алуына, жұмысты жоспар-
лаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты
талдау мен сараптауға, эссенің түрлерін қолдануға, жазуға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиісті
түзетулер енгізуге дайындығы үшін маңызы өте зор. П.И. Пидкасистыйдың пікірінше (Pidkasistyi, 1980:
68), ең қолайлы және практикада тексерген сабақтың тиімділігін, сабақ үстінде оқушылардың
белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы оқу жұмысында өзіндік жұмысты тиісті ұйымдастыру болып
табылады. Өздігінен жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді меңгеруде қол жетімді жетістікке
жетеді. Т.И. Шамованың айтуы бойынша, “Оқушылардың өзіндік жұмысы дегеніміз – олардың барынша
белсенділік, шығармашылық, дербес ойлау мен ынталылық таныта отырып атқаратын қызметтері”
(Shamova, 2007: 169). Өзіндік жұмыс оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай, оның қазіргі ақпараттар
заманындағы өте маңызды әртүрлі бағыттан келіп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын
қалыптастырады. Профессор Р.Г. Лемберг оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру белгілі
шарттарға байланысты болатынын көрсеткен. Олар:
а) оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне сенімділігі (Lemberg, 1962: 9). Осы
аталған шарттардың орындалуы негізінде оқушы іс-әрекеттерінің нәтижесі айқындалып отырған. Мектеп
мұғалімдері балалардың танымдық қабілетін арттыратын іс-әрекеттің қандай түрі болмасын, төселетінін,
орындауға құзыретті болатынын тәжірибеде дәлелдей түскендігін байқаған.
Өз қызметтерінде жаңартылған білім мазмұны оқулықтарын қолдануға қызығушылықтың артқаны
туралы пікірлер білдіріп, оңтүстік және батыс аймақтарында жүргізілген сауалнамалар бойынша аймақ
мұғалімдерінің 90 пайызы қолдау танытты.
Жаңа оқулықта бағдарлама бойынша ірі бөлімдік тақырыпты және сол мазмұнды қамтитын бірнеше
тақырыпшалардың қамтылуы оқушылардың оқу танымдық және дүниетанымдық, шығармашылық
белсенділіктерін арттыру міндетіне басымдық береді. Осы міндеттердің орындалуындағы кейбір іс-
әрекеттерді дидактикалық ойындар негізінде жүзеге асыру қарастырылады. Эмоционалдық өріске
бағытталған олар оқушылардың танымдық ынта-ықыласына, қиялына дем беріп, оқу процесінде аз
қамтылатын жеке тұлғалық компоненттердің қызметін арттырады. Рөлдік ойындар мен драматизация
371
ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсіл болғандықтан, іске асыруда оқушылардың
қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Тыңдалым мақсатында
мультимедиялық үрдіс қолданылады. Оқу үрдісінде ақпараттарды экранда бейнелеудің түрлі формалары
мультимедия идеясын туғызады. Мультимедиялық технология – әртүрлі типтегі мәліметтерді пайдалану,
ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асатын
құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарлауына
септілігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық-ақпараттық құрал.
Презентациялар – оқушыларға жаңа материалды (иллюстрациялар, суреттер, бейне жазбалар, дидактикалық
материалдар) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге материалды дайындауды
және қолдану үдерісін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелерде көрсетілгендей, ақпараттық-
коммуникативтік құралдарды сабақта пайдалану, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, сабақтың
қызықты өтуін қамтамасыз етеді. Ең бастысы-мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды
пайдалануға дағдыландырады. Мультимедияның білім беру үрдісіндегі маңызы:
-
оқушы өз бетімен ізденеді; (интернет материалдарын жинақтау)
-
шығармашылық белесенділігін арттырады;
-
ұжымдық іс-әрекетке баулиды;
-
еркін ойлауға мүмкіндік береді.
Оқулықтағы оқылым, тыңдалым материалдарын меңгеруде қолданылатын техникалық құрылғылар
мұғалімнің дайындығына және оқушылардың есте сақтауы тұрғысынан маңызы зор. Еліміздің шет
аймақтарындағы орта мектептерде жаппай құрылғылар орнату, жалпы мектепте техникалық база құру
мәселесі Білім және Ғылым министрлігі тарапынан қолға алынып жатқан өзекті мәселе. Ал жаңартылған
мазмұнды оқулықты қолдану мәселесі әр мектептің қай баспадан жарық көрген оқулықты таңдауы өз
құзырындағы мәселе болып қалады.
Осылайша, жаңартылған білім беру бағдарламасынмеңгертудің мақсат- міндеттерін шешудегі іс-
әрекеттердің кешенді тұрғыда құрылғаны оқушыларды танымдық тұрғыдан белсендірудің практикалық
шешімі мен нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұн – оқушыны құндылықтардан алшақтат-
пайтын, тұлға болып қалыптасуына, болашақта өз мамандығын таңдауына бағыт алатын және білім
қорын жан-жақтан қалыптастыратын бірден бір оқыту құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |