Сөйлеу, айту, деу, үндеу, тіл қату. Көңілге келген ойды, пікірді, хабарды басқа біреулерге жеткізу.
Келеді өлең еселеп, Үлгере жазып, жатамын. Бір емделіп, бір сөйлеп, Мол рахатқа батамын (Қ.Аманжолов).
Алдына тура бара алмай, барып жауап ала алмай, айта алмадық зарыңды (Жамбыл). Ол осы кезде «есті
әйел ер жігіттің гүлі мен көркі» деген ұстаз сөзін ішінен қайталап тұрған сияқты (С.Бақбергенов). Үндеп,
«мен істедім» деп тану деген ала қойшының ойына да келмеді (І.Жансүгіров). Тәңірберген бірер рет тіл
қатып еді, Еламан үндемеді (Ә.Нұрпейісов) [486 б.]. Осымен байланысты сөйлеу етістіктерінің тұлғалық
үлгілеріне, олардың таралу ерекшеліктеріне: нысаны, мазмұны, мақсаты, кімге айтылғаны және т.б.,
кейбір айтылу етістіктерінің қалай және қандай жағдайда айтылғанына талдау жасалды. Бүгінгі қазақ
тілі білімінде бұл мәселені жаңа ғылыми көзқарас тұрғысынан терең зерделеу, талдау, зерттеу тақы-
рыптың әлі де өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көрсетеді.
Қорыта келгенде, түркі тілдеріндегі сөйлеу етістіктерін функционалды, коммуникативті-прагматика-
лық, когнитивтік аспектіден қарастыру бүгінгі күн талабынан туындайды. Қоғамдық сұраныспен сәйкес
міндеттердің бірі – тілдік таңбаның семантикалық-мағыналық, семантикалық өріс жағына қатысты
мәселелер. Тілдік бірліктердің мағыналық семантикалық табиғатын зерттеу оның мағынасы мен функ-
ционалды қызметі, қолданыс заңдылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік береді және тілдік бірліктердің
негізгі қызметімен байланысты заңдылықтарды ашуға жол ашады.
Сөйлеу етістіктері – шынайы өмірде объективті түрде орын алған, нақтыланған процесті атайды.
Сөйлеу етістіктерінің басты қызметі – заттың әрекетін орын алған процесс ретінде белгілеу. Сөйлеу етіс-
тіктерінің семантикасы сөйлемдегі негізгі қызметі мен туындаушы семантикалық қызметтерін анықтай-
ды. Сөйлеу етістіктері – әрекет-белгіні ұлттық дүниетаным құндылықтары тұрғысынан бағалауға, басқа
әрекет түрлерімен салыстыруға, әрекет-белгіні идентификациялауға, бүтін және бөлшектерге бөлуге
мүмкіндік беретін тілдік бірлік. Сөйлеу етістіктерінің коммнуикациядағы қолданысын бірнеше семан-
тикалық топтарға ажыратуға болады. Олар: бағалауыштық. салыстыру, идентификациялау және бүтін-
бөлшектік мағыналар.
Достарыңызбен бөлісу: |