Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет87/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   548
Тірек сөздер: есімдік, мәтін, синтаксистік қызмет.  

 

Аннотация: В статье раасматривается синтаксические функции местоимения, и их текстуальность. 

Приводится примеры на то что, смысловые группы местоимения могут составлять текст. 



Ключевые слова: местоимения, текст, синтаксическая функция.  

 

Annotation:  This article discusses the syntactic functions of the pronoun, their textuality. Examples of 

literary groups may constitute  text.  



Keywords: 

pronouns, text, syntactic function.  



 

Адам  сөйлегенде  қоғамдағы,  қоршаған  ортадағы  белгілі  бір  зат  немесе  құбылыс  жайында  күрделі 

ойын жеткізеді. Ойын жеткізу барсында сол заттың әртүрлі сипаттарын, тілдік  таңбасын тірек етеді. Кез-

келген ойды тиянақты әрі жүйелі жеткізу тек мәтінге тән сипат екені белгілі. Ал осы мәтін өз ішіндегі 

байласымды қалай құрады? Бұл тұста әрине мәтін ішінде сөздер, сөз топтары, тұтас сөйлемдердің тобы 

құралып,  олар  құрылымдық-мағыналық  жағынан  тығыз  байланыста  тұрады.  Осы  байланысты  құрауда 

есімдіктердің де орны ерекше.  

Ахмеди Ысқақов өзінің «Қазіргі қазақ тілі» кітабында есімдіктердің синтаксистік қызметі жайында: 

«Синтаксистік  жағынан  есімдіктер,  әр  түрінің  ерекшеліктеріне  қарай,  демек,  қай  сөз  табының  орнына 

жүретініне  қарай,  бастауыш  та,  толықтауыш  та,  анықтауыш  та,  баяндауыш  та  болып,  қызмет  атқара 




53 

береді.  Дегенмен мағыналық ерекшеліктеріне қарай, әрбір есімдік белгілі бір синтаксистік қызметтерге 

бейім болып отырады» деген болатын [1; 210]. 

Жантас  Жақыпов  «Сөйлеу  синтаксисінің  сипаттары»  атты  еңбегінде:  «Есімдіктердің    синтаксистік 

қызметін оның сөйлемнің қандай мүшесінің  қызметін атқаратынын анықтауымен  ғана шектейді екенбіз. 

Бұл  –  жаңалық  емес,  өйткені  есімдіктер  есімдердің    орнына  жүретін  сөздер  болғандықтан,  сөйлемнің 

қандай да болмасын  мүшесі бола береді» деген көзқарасын жеткізді [2; 44]. Ғалымның айтуы бойынша 

есімдіктердің тіл білімінен алатын орны – орынбасарлық қызмет. Есімдіктердің синтаксистік құрылыстан 

алатын орнын да оның осы қызметінен іздеу жөн деп келтіреді.  

Жуынтаева  Зәмзәгүл  «Сөз  таптарының  мәтінтүзімдік  сипаты»  атты  еңбегінде  есімдіктердің  мәтін-

түзімдік  сипатына  ерекше  тоқталып:  «Есімдіктердің  жалпылама  мағынасы  контекст  аясында  айқын-

далады, олардың мағынасы тым жалпы. Есімдіктердің дәл нақты мағыналары өздерінен бұрын айтылған  

сөйлем ынғайына қарай білінеді»  [3; 44] деп келтірген болатын. 

Аяужан Таусоғарованың:  «Есімдіктер тақырып пен контекст байланысында ғана емес, контекстегі 

ситуациялардың, сөйлемдердің байланысында да маңызды» [4; 22] деген пікірін де назарға алу керек. 

Олай болса, есімдіктердің  мағыналық түрлерінің  сөйлемге қатысуы арқылы сол сөйлемді тинақсыз 

етіп, басқа сөйлемдермен байланыстыратынын, солай мәтін түзуге қабілетті екенін байқауға болады. 

Бәрімізге  белгілі  жіктеу  есімдіктері  үнемі  арнайы  бір  жақты  көрсету  мақсатында  жұмсалады.  Сол 

қасиетіне орай үнемі сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады 

[3; 50]. Мысалы:   «Қанатым едің, арыстандай арысым едің , не жазығың бар еді? 



Сен не көрмедің? Мен 

тірі қалғанша, бірге неге өлмедім» деп өксіп-өксіп көп жылап, Бақтығұл қалды (М.Әуезов) Осы  сөйлем-

дегі 


сен  жіктеу  есімдігі  тыңдаушыны,  мен  есімдігі  айтушы  жақты  білдіріп  мәтін  түзіп  тұр.  Бақтығұл 

жаңағы қауіп мүйнеті енді  еркіндікке ауысқанда, тез-тез қараңғы сайға түсіп, қарағайға кіріп, адас-

тырып кетпек болып, шаба жөнелді.  Ол  мына шаба жөнелгеннен-ақ, өкпе тұсынан қосылмақ болып, 

көлденеңдей шапты.Бұл екі сөйлемді ұштастырып тұрған – бірінші сөйлемдегі Бақтығұл сөзінің орнына 

екінші сөйлемде 



ол жіктеу есімдігінің жүруі. Егер екінші сөйлемді контекстен тыс алсақ, ол сөйлемдегі ой 

тиянақсыз болар еді, өйткені 



ол кім екендігін біле алмаған болар едік. 

Мәтіннің  құрылымдық  бірлігін  қалыптастыруда  сілтеу  есімдіктері  үлкен  қызмет  атқарады.  Сілтеу 

есімдіктерінің  сөйлемдегі  ойды  тиянақсыз,  контекстке  тәуелді  етуінің  және  аяқталған  сөйлемдерді 

байланыстыруының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бұлар  анфоралық  та,  эпифоралық  та  бағытта  нұсқай 

алады. Анафоралық сілтеу есімдігі өзінен бұрынғы қандай да бір мүшеге қатысы болуы мүмкін, демек, 

бұдан  іргелес  байланысты  да,  кейде  алшақ  байланысты  да  байқаймыз.  Бақтұғыл  інісінің  қасына 



жамбастай, жақындай отырып,өзінің ең алғаш жаңа ғана айтқан «арысым» дегені жайында қадала 

ойланып, қатты қобалжып қалды. Мұның інісі Тектіғұл анығында бойы биік, кеудесі талыстай дейтін, 

қол-сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді (М.Әуезов).  Бұл екі сөйлемдегі ой жалғастығы 

бірінші сөйлемдегі 



Бақтұғыл сөзін екінші сөйлемдегі мұның сілтеу есімдігіне ауыстыру арқылы, іргелес 

байланыс жүзеге асып тұр. Ол белгілі бір зат пен құбылысты оқырманға сілтейді. Мысалы: Көп ойлануға 



уақыт қалған жоқ, жалғыз үміті: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады – әйтеуір 

дұшпанға жоқ. Осындай не өлу, не құтылу сияқты бір-ақ қана түйіннің үстіне   келді  де, құла атты 

қамшылап-қамшылап  жіберіп Талғардың  тасқынына қойып кетті.Екінші сөйлемдегі осындай есімдігі 

әрі сөйлем арасын байланыстырып, әрі бірінші сөйлемдегі берілген 



не Талғар өткел беріп құтқарады, не 

өзі жұтып құтқарады деген сөздердің орнына жұмсалып мәтін түзген.  

Сұрау есімдіктері сөйлеу мақсатын күшейтуші, тыңдаушының көңілін  аударушы, сөйлеу мақсатын  

айқындаушы қызметтерде сөйлесім құрылысында тұрақты орындарда тұрады. Сұраулық есімдік қатыс-

қан  сөйлем мағыналық жағынан тиянақсыз болады, оның басты себебі сұраудан адам ойы міндетті түрде 

жауап  іздеуінде.  Сондықтан  бұндай  сөйлем  сұраудың  табылатын,  я  табылмайтын  сөйлеммен  тікелей 

қатысты  болады  [3;  66].  Бұл  диалогке  құрылған  синтаксистік  күрделі  бірліктерден  нақты  көрінеді. 

Мысалы: 

–  

Кім айтты деп солай дейсің? 

–  

Айтушы бар деп солай деймін. 

– 

Алып  кел  айтушыңды,  мойныма  салсын!  Осындағы  кім    сұрау  есімдігі  өзінен  кейінгі  сөйлемде 

жауап беруді күтіп, ол жауап 



«Айтушы бар деп солай деймін» деген сөйлем арқылы беріліп тұр. Осындай 

мысалды поэзиядан да қарастырсақ болады. Мысалы: 

 

 –

Ей! 

Кімсің? 

Тірісің бе? 



54 

Жаның бар ма? 

Аққуды неге атасың, арың бар ма?! 

 

Байғұс әйел үн түнсіз жылап тұрды, 

Қарттың үні мең-зең ғып құллаққа ұрды  

Қолыңдағы мылтығын құлаштап кеп, 

Бөгелмей Жетімкөлге лақтырды  

                                                (

М.Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда).  

 

Бұл  өлең жолдарында бірінші шумақтағы 



кімсің сұрау есімдігі, өзінен кейін жауапты күтіп, екінші 

шумақта 


әйел сөзімен айқындалып тұр. Осы тұста Кәкен Ахановтың: «Бәрімізге белгілі сұраулы сөйлем-

дер  коммуникативтік қызметі жағынан басқа бір хабардың келіп тууын қажет етеді» [5; 496] дегенпікірі 

ойға оралады. Осы тұрғыдан алғанда сұрау есімдіктерінің мәтін түзу қасиеті орынды.   

Адам  ойы  белгісіздікке  ұмтылатыны  –  даусыз  құбылыс.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  белгісіздік  есімдігі 

қатысқан сөйлем тиянақсыз болып келеді. Мәселен   Жігіттер тегіс мол денелі, ұзын бойлы. 

Кейбіреулері 

қапсағай, сүйекті, сіңірлі. Тағы біреулері иір-иір тарамыс, шақпақ еттері қайыңның  безіндей мықты 

жігіттер  (М.Әуезов).Бұл  сөйлемдердегі  біреулері,  кейбіреулері  белгісіздік  есімдіктері  өзінен  бұрынғы 

сөйлемдегі  



жігіттерсөзінің орнына қолданылып, әрі мәтін түзушілік қызмет атқарып тұр  

Өздік есімдіктері – сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге құбылыстардан бөліп алып көрсететін 

сөздер. Есімдіктің бұл түрі қимыл иесін және затты  нақтылап, айқындап, дәлелдеп тұрады.  Өздік есімдігі 

сондай-ақ біріне-бірі  ұласып айтылған сөйлемдер құрамындағы қимыл иесін қайталай бермеудің  тәсілі 

ретінде жұмсалып, қимыл иесін көрсетіп дейксис қызметін атқарып тұрады [3, 71]. Мысалы: 

Бақтұғылға 

«былтырғы істеген ісі тағы да сағынған екенсің» деп, содыр жуандықтың  жотасын көрсеттіӨзінің 

айыбы жоқ және ескі кегі ұмытылмаған Бақтығұл мына сөзге  шыдамады (М.Әуезов). Бірінші сөйлем-

дегі Бақтұғыл сөзінің орнына мәтіннің  екінші сөйлеміндегі өзінің  есімдігі  іргелес тұру арқылы мәтін 

байланыстырушылық  қызметте  жұмсалған.  Есімдіктің  бұл  түрінің  мәтінтүзімдік  қасиетін  поэзиядан  да 

байқауға болады. Мысалы: 

 

             

Неге ертерек суалдың, жаным Анам? 

             

Қалжыраған қозыңның хәлі жаман.  

            

Өзің берген уызды іздеуде әлі, 

Жетім қозы күзекте маңыраған.  

                                                

(М. Мақатаев. Неге ертерек суалдың).  

 

Бұл  шумақтың  бірінші  жолындағы  ана  сөзінің  орнына  ,  екінші  жолда  берілген  өзінің  есімдігі 



жұмсалып, мәтін түзіп тұрғандығын байқаймыз. 

Жалпылау есімдіктері белгілі бір заттар мен құбылыстарды толық қамтып жинақтай айту үшін жұм-

салатын  жалпылау  мағыналы сөздер. Олар кем дегенде екі заттың немесе толып жатқан біркелкі не әр 

қилы  заттар  мен  құбылыстардың  жиынтығын  жалпылап  көрсету  үшін  қолданылады  [2,  74].                                                                                                                         



Бұлар  соғысты  да,  қуғыңды  да,  басқа  тиген  сойыл,  атылған  мылтық    оғын  да  көрді.  Соның  бәрінің  

соңында таң аппақ атқан кезде болыс бұйрығын  ойдағыдай орындады.Екінші сөйлемде берілген  бәрі 

жалпылау  есімдігі  бірінші  сөйлемдегі  соғыс,  қуғын,  басқа  тиген  сойылдеген  сөздердің  орнын  басып, 

іргелес байланыста тұрғанын байқаймыз. Одан бөлек: 

 

 



Бәрі де үн 

Үнсіз аспан, үнсіз жер, 

Үнсіз орман, үнсіз таулар,  

Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер. 

 

Үнсіз кеуде... 

Үнсіз жүрек дүрсүлдер (М.Мақатаев. Үнсіздік).  

 

Осы өлең  шумағындағы 



бәрі жалпылау  есімдігі өзінен  кейінгі өлең жолдарындағы аспан, жер, орман, 

таулар, көл  ұғымдарын жинақтап, эпифоралық бағытта жұмсалып тұр. 

Мәтіннің мағыналық тұтастығын құрауда сөйлемдер өзара паралель және тізбекті  байланыс жасап 

күрделі бірлік құрып тұратыны белгілі [6; 740]. Осы тұста  есімдіктердің түрлі мағыналық топтары бір 

мәтін ішінде келіп, сөйлем арасында тізбекті  байланыс құрап тұрады. Мысалы: 



             


55 

Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз, 

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз. 

Сен мықты, ана уосал, мен орташа 

Бәріміз бір асапанның астындамыз  

                                                                               

(М.Мақатаев. Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз). 

 

Бұл  өлең  жолындағы 



бәріміз  жалпылау  есімдігі  өзінің  алдында  келген  сен,  анау,  мен  бастауыштарын 

жинақтап, 



өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,  асқынбаңыз сөздерінің тізбекті қайталаулармен байланысып, 

анафоралық бағытта мәтін түзіп тұр. 

Қорыта айтқанда, ойды толық ашық айтып жеткізуде сөйлемнің  жеткіліксіз екені анық. Осы тұста 

тек мәтін ғана кез-келген ойды тиянақты білдіре алады. Ал ондағы сөйлемдер мен сөздер мәтіндегі тілдік 

тұлғалар арқылы байланысады.Жоғарыда санамалап көрсеткенімдей  есімдіктің әр мағыналық түрі мәтін 

түзуге қабілетті. Кез-келген мәтін ішіндегі байласымдық сол сөз таптары мен тілдік тұлғалардың грамма-

тикалық, синтаксистік тұрғыдан бірлескен кезінде ғана орнайды. Ендеше мәтін түзудегі есімдіктердің  де 

орны айрықша дегім келеді. Жоғарыдағы мысалдардан байқайтынымыз есімдіктің  және оның мағыналық 

топтарының  мәтін  байланыстыруда  өзінің  орынбасарлық  қызметі  негізінде  жүзеге  асырады.  Олардың 

синтаксистік қызметі тек сөйлем шеңберімен шектелмей, мәтін көлемін де қамтитынын байқадық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет