Бос уақыт – адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, рухани және
материалдық қызығушылықтарын өз қалауына сәйкес жүзеге асыруға қолданылатын, оқу
және еңбек әрекеттерін орындаудан тыс қалған жалпы уақыт көлемінің бөлігі.
Әлеуметтанушы Г.П.Орлов: «Бос уақыт бұл- адамның еркін әрекет аймағы мен дамуы
болып табылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі. Ол әр адамның рухани даму деңгейі мен
барлық әлеуметтік қатынастар жиынтығымен қамтамасыз етілген». Орлов педагогикаға
қатысты мынадай пікір білдірген: « … бос уақыт-бұл ең алдымен өсіп келе жатқан жас
ұрпақтың мектептегі, одан тыс отбасындағы тәрбиелеу мәселесі» [2].
Қазіргі таңда оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесін шешуде
төмендегідей қызметтерді жүзеге асырушы мектептер мен мектептен тыс мекемелердің
рөлі артуда:
а) Өзіндік шығармашылық ұжымдарда, қызығушылықтары бойынша клубтарда,
әуесқойлық бірлестіктерде, көпшілік мерекелік іс-шараларда ересектер мен оқушылардың
бірлескен әрекетін ұйымдастыру;
б) Оқушылардың өз құрбы-құрдастары және ересектермен қарым-қатынасындағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру;
в) Шығармашылық әрекеттің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;
г) Отбасындағы бос уақытты пайдалану мәдениетінің деңгейін арттыру (оқушылар
және ата-аналары);
д) Оқушылардың бос уақыт аумағында қоғамдық бақылау мен педагогикалық
жетекшілікті іске асыру;
Мектеп тәжірибесі оқушылардың бос уақытты тиімді пайдалануын арттыру үшін екі
жолға сүйенеді:
— оқушылардың бос уақытына жетекшілік ету;
— бос уақытты тиімді пайдалану үлгісіне негізделе отырып оқушылардың өз бос
уақытын дербес ұйымдастыру;
Жоғары сынып оқушыларының бос уақыттарын ұйымдастыруда оған педагогикалық
жетекшілік жасау шешуші рөл атқарады. Педагогикалық жетекшілік жасау мазмұны
оқытушылардың оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға әсер ете білуіне,
шығармашылық
әлеуетін
үнемі
арттырып
отыруға,
қоғамдық
маңызы
бар
қызығушылықтарын анықтау және ашу оларды көптеген өмірлік тіршілік әрекетінде
жүзеге асыруына жағдай жасауға негізделген тәрбие жұмысының бір бөлігінен тұрады.
Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік ету оқудан тыс уақытында
әрекеттік дамытушы формалары мен түрлеріне, бос уақыт күндері мен сағаттарын белгілі
бір тіршілік жүйесіне ынталандыруға негізделген. Оған екі компонент жатады: 1) Әртүрлі
мемлекеттік құрылымдар көмегімен бос уақыттың қажетті материалдық базасын жасау; 2)
Оқушыларда бос уақыт және оқу уақытын ұйымдастыруға, оларды реттеуге көмек беру
[3].
Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік етудің тиімділігі мектептің
педагогикалық үдерісі барысында төмендегідей жағдайларды жүзеге асырғанда
қамтамасыз етіледі. 1) Оқушылардың бос уақыт мазмұны мен құрылымын анықтау; 2)
Оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері мен бейімділіктерін зерттеу; 3)
Оқушылардың бос уақытын пайдалануы үшін материалдық жағдай жасау; 4) Мектептің
оқу-тәрбие жұмысының тиімді жүйесін құру; 5) Оқудан тыс уақыттарда танымдық және
дамытушы әрекет түрлерін басымырақ ұйымдастыру; 6) Мектептің тәрбиелік жұмыс
барысында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың топтық, ұжымдық және дербес
формаларын пайдалану; 7) Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша
мектептің мектептен тыс мекемелер, мәдени ұйымдармен өзара әрекет жүзеге асыру; 8)
Оқушылардың ата-аналары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тәрбиелік жұмысқа
тарту (қатыстыру); 9) Оқушыларды тұрғылықты орындары бойынша белсенді әрекетке
қатыстыру;
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын келесідей үлгіде көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: