Клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр. Қоңыр балдырлардың құрылысы күрделі түрлерінің (саргассум) талломдары бұтаққа ұқсас жапырақтәрізді қырлы табақшалардан тұрады. Қоңыр балдырдың, әдетте, барлық түрлері су түбіне немесе басқа балдырларға ризоидтары арқылы бекініп тұрады.

Көбеюі
Вегетативті.Жынысты.Жыныссыз жолмен жүреді.
Вегатативті көбею таллом бұтақтарының кездейсоқ үзіліп түсу және сфацелярия сиякты турлерінде арнаулы буршіктерден пайда болуы аркылы болады.
Жынысты көбею процесі изогамиялық,оогамиялық,сирек гетерогамиялық жолмен журеді.
Қоңыр балдырлар – судағы негізгі органикалық зат түзуші болып саналады. Одан альгинаттар (жасанды жібек алу үшін қажет тұз) алынады; маннит, йод, микроэлементтер өндіріледі. Медицинада қанның ұюына қарсы, организмнен радиоактивті заттарды шығаруға арналған препараттар жасауға, әр түрлі тағамдар дайындауға (ламинария, алария, ундария) пайдаланылады.

Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сірке қышқылы, спирт және басқалар өндіріледі.