Табиғат жағдайында микроорганизмдер тек ортаға әсер етіп қоймайды, ортамен өзара белгілі бір қарым-қатыста болады. Кейде бір микроб екінші бір микробтың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай құбылысты симбиоз деп атайды. Кейдеосы кұбылыс микроорганизмдер үшін қажет те. Мәселен, май қышқылы процесін қоздыратын анаэробты микроб — клостридиум пастеурианум аэробты бактериялармен өте жақсы симбиозда болады. Аэробты микроорганизмдер мұнда ортадағы оттегін қабылдайды және анаэробты микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде пайда болған зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Сөйтіп, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактерияларын көміртектес және минералдық заттармен қоректендірсе, олар азотты ауадан сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен саңырауқұлақтар арасынан кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды.