Дау –дамайлардың алдын алу жолдары. 1. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіру.
2. Отбасының өмірін ынтымақтастық негізде ұйымдастыру.
3.Талап қоюды іс- әрекет арқылы бекіту.
4.Балалардың қызығушылықтарын ескеру, оларды түсіне білу. (Д. Лешли, А. Рояк, Т. Юферова, С. Якобсон)
Ата-аналардың балалармен конструктивті әрекет жасауына төмендегідей жағдайлар ықпал жасайды:
- әр жағдайда балалардың ерекшеліктерін ескеру;
- жаңа жағдайда жаңа шешім қабылдау;
-баланың талабын түсінуге тырысу;
- жағдайды өзгерту үшін араға уақыт салудың қажеттілігі;
- қарама-қайшылықтарды баланың дамуына ықпал жасайтын фактор деп түсіну;
-балаға деген қатынастың тұрақты болуы;
-бірнеше альтернативадан баланың өзі таңдауына мүмкіндік тудыру;
-балаға белгілі жағдайлардың негативті аяқталуын түсіндіру;
-материалдық қолдау көрсетудің орнына моральдық қолдау көрсету;
-үлкендердің, басқалардың үлгі-өнегесі;
Қорта келгенде,отбасындағы дау-дамайлардың алдын алу жолдарын кез келген ата-ана білсе, онда бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалар дұрыс шешілер еді. Ашуланған кезде өзін қалай меңгеруге болады?
Ол үшін, ашуды тудырған мәселеге ұстамдылықпен қарау қажет, оған трагедия деп қарамау. Ашуланған кезде адам өзін-өзі бақылау керек. Ол кезде аяқ, қолдың бұлшық еттері қатаяды, осы кезде белсенді түрде қимылдар жасау қажет. Және назарын басқа көңілді жағдайға ауыстырған жөн.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Дау –дамайлар деген не?
2. Отбасындағы ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың пайда болу себептері қандай?
3.Дау –дамайлардың түрлері қандай?
4. Дау –дамайлардың аяқталу жолдары қандай?
5. Дау –дамайлардың алдын алу жолдары қандай?
6. Отбасындағы дау –дамайлардың, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балаларда қандай проблемалар туындайды?
7. Дау-дамайлар мәселелерін зерттеген ғалымдар кімдер?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Дау-дамайлар-отбасында адамдардың..., ..., ...қарама- қайшы келу барысында туындайтын келіспеушіліктер.
Конфронтация – қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын... .
Компромисс, екі жаққа да ... жолы.
Дау-дамайлар болып тұратын отбасы түрлері....
Дау-дамайлар шешілу жолдары... , .... .
Дау-дамайлардың ең қызған кезі .... деп аталады.
Дау-дамайлардың басталу кезі .... деп аталады.
Келесі жағдаяттардың дұрыс шешілу жолдарын көрсетіңіз:
Сенбі кунінің кеші. Күйеуі теледидардан спорт туралы хабарды көргісі келеді, ал әйелі – телесериалды басқа бағдарламадан көргісі келеді.
Әйелі баласына сабақ оқуын талап етіп ұрысады, ал күйеуі теледидар көруге кедергі жасама деп ренжиді.