Тақырып : Отбасы педагогикасы пәні және оның міндеттері. Отбасы педагогикасы пәнінің зерттеу пәні, объектісі. Отбасының адам өміріндегі алатын орны



бет2/41
Дата29.09.2023
өлшемі246,26 Kb.
#111817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Зерттеу пәні- отбасының мәні, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету әдістері, формалары т.б.
Отбасының қазіргі кездегі проблемалары:әлеуметтік жағдайлар,жұмыссыздық,
ажырасудың көбеюі, ішімдікке салыну, нашақорлық,тастанды балалардың көбеюі,
толық емес отбасылардың санының артуы, жезөкшелік,түрлі ауруларға
шалдығу, қаңғырып кету, халықтың жақсы тәрбиесінде дәстүрдің азаюы –
бұлардың барлығы тек отбасының ғана емес, қоғамның, мемлекетімізді
толғандыратын мәселелері.
Отбасынтану пәнінің міндеттеріне төмендегілер жатады :
- Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін қарастыру,
- Отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеу,
- Ғылыми жетістіктерді тәжірибеге еңгізу,
-Студенттердің, ата-аналардың педагогикалық-психологиялық мәдениетін жетілдіру жолдарын карастыру,
-Отбасына, балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.
Сонымен, отбасы не үшін қажет:
-Біреуге арқа сүйеу үшін;
-Ақылдаса алатындай біреу болу үшін;
-Пікірін құрмет тұта алатын біреу болу үшін;
-Қиын жағдайда қалдырмайтындай біреу болу үшін;
-Шынайы түрде жақсы сезімде болатын біреу болу үшін;
-Сондай-да құндылықтарды бағалай білетін біреу болу үшін;
-Қызғанбайтын біреу болу үшін,
-Табысқа бірге қуана алатын біреу болу үшін;
-Сенімділік таныта алатындай біреу болу үшін;
-Қиын уақытта қайғысына ортақтаса алатын және қорғай білетін біреу болу үшін;
-Заттар мен оқиғаларға ұқсас пікірмен қарай алатындай біреу болу үшін;
-Әлсіз жақтарын теңдейтіндей біреу болу үшін.
Отбасы мәселелері әлі толық зерттелмеген, себебі жабық институттар қатарына кіреді.
Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.
Ертеде отбасы туралы еңбек жазғандар Платон, Аристотель, шығыс зиялыларының ішінде Қоркыт ата, Ж,Баласағұни т.б.атауға болады. 18-19 ғасырда Ресейде А.Н.Радищев, Н.И.Новиков, кейін К.Д. Ушинский, П.Ф.Лесгафт, П.Ф. Каптерев, В.Н.Сорока- Росинский т.б. Соңғы жылғы ғалымдарға С. Зверева,Т. А. Куликова т.б. жатқызуға болады.
Солардың ішінде Ю.П.Азаров пен В.Сатир жағдайсыз отбасыларға ерекше көңіл бөліп зерттеген. Шетел ғалымдары ішінде жағдайсыз отбасыларды терең зерттегендер: Хоментаускас, В.В Юстицкий, Р. Спиваковская т.б.
Қазақстанда отбасы мәселелерін зерттегендер: Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев, К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т.Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:
-отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу Дж.Ф.Мак-Ленанд, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов М.Мид және басқалары;
-отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары;
-отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының мәселелері С.В.Ковалев,Л.В.Ковалева,А.И.Кочетов,В.Сатир,А.Я.Варга,И.В.Гребенников, Ю.И.Семенов, С.Д.Лаптенюк, А.М.Нечаева т.б.;
-отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс тәсілдерін жасау Ю.П.Азаров, П.Ф.Лестгафт, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және басқалары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет