Тақырып : Отбасы педагогикасы пәні және оның міндеттері. Отбасы педагогикасы пәнінің зерттеу пәні, объектісі. Отбасының адам өміріндегі алатын орны


Тақырып: Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдары



бет38/41
Дата02.06.2023
өлшемі246,26 Kb.
#98332
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Тақырып: Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдары.
1. Ата – аналардың педагогикалық мәдениеті туралы түсінік.
2.Педагогикалық мәдениетті жетілдіру жолдары.
3.Мектеп психологының отбасымен жүргізетін ағартушылық жұмыстары.
Пайдаланған әдебиеттер;
1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание:Учебник для студентов сред. и высш. пед .учеб. заведений-М.:1999.-232 с.
2. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс. Оқу құралы.Астана.2005.-180 б.
3. Зверева О.Л., Ганичева А.Н. Семейная педагогика и домашнее воспитание. М., 2000 г.
4.Клюева Н.В. Психолог и семья: диагностика, консультации, тренинг – Ярославль, 2002 г.
5.Монахова А.Ю. Психолог и семья: активные методы взаимодействия – Ярославль, 2004 г
6.Ж. Қ.Мукутова. Отбасындағы халықтық тәрбие құндылықтары, Көкшетау, - 2002, 33 бет.
Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр.
Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет.
Сондықтан оқу орындары ата- аналардың білімдерін жетілдіріп отыруға көмек көрсетулері керек.
Бұл жұмысқа педагогикалық ұжыммен қатар психолог,дәрігер, логопед ,т.б.мамандарды қатыстыруға болады.
Қазіргі ата-аналарға бала тәрбиесі туралы педагогикадан, психологиядан, генетика, физиология, коррекциялық педагогикадан білімдерін жетілдіріп отыру маңызды іс.
Педагогикалық мәдениет–ол адамның жалпы мәдениетінің бір компоненті, ғасырлар бойы бала тәрбиесі жайлы жинақталған білім мен тәжірибе. Отбасындағы бала тәрбиесі ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейіне тікелей байланысты .
Педагогикалық мәдениет құрылымына жатады: бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, баланың дамуы, тәрбиесі, білім беру туралы білімдері, балалардың отбасындағы өмірін ұйымдастыру жайлы іскерліктері ,білім беру мекемелерімен тұрақты байланыс жасап отыру.
Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудің бүгінгі күнгі бірдей-бір ошағы-мектеп. Бұл ең алдымен, ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыру бүгінгі сынып жетекшісінен, психологтан терең білімділікті қажет етеді.
Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың «тәрбиелік мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып тәрбиелеу»- деп айтуы балалар тәрбиесіне қатысты ата-аналар алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді.
Мектеп - балалар үшін де, ата-аналар үшін де үйтқы болатын орын. Ондай дәрежеде жету үшін мектептерде ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бір сарынды, жаттанды жұмыстар болмауға тиіс.
Мектептерде тікелей ата-ананың білімін жетілдіру мақсатында өткізілетін жұмыс түрлері өте аз қарастырылатынын мойындауымыз керек. Олай болса, ата-аналарға педагогикалық білімдерін көтеруге көмекке келетін ортаның бірі-мектеп. Сондықтан мектеп өз жұмысында жақсы нәтижеге жету үшін ата-аналармен бірлесіп өз жұмысын ынтымақтастық негізінде құрағаны абзал.
Дегенмен бүгінгі отбасылардың қабілеттер мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады.
Біріншісі: отбасының мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата-аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектептерге оқуға береді. Оқушылрдың ұлттық тәрбие алуымен қоса ең әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының мектептерге өзара ынтымақтастығы нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әртүрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын іріктеу және т.б. жүзеге асырылады.
Екіншіден: отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайдылықпен қарауы орын алуда. Бұл күнкөріс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің дұрыс бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысықа келмеулері, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне қатысты әдебиеттерді аз оқитындары және т.б. арқылы айқындалады.
Отбасы тәрбиесін жетілдіруді мектеп пен отбасы ынтымақтастығын тиімді ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс:
- тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы
тәрбие институттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін ықпалдастыру;
- мектеп отбасындағы педгогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната
отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік
жасау;
- мұғалім мен оқушыларың және ата-аналардың белсенділігін
мен шығармашылығын арттыруды демократияландыру.
Ш.Амонашвили педагогикалық үрдісті ізгілендіру тұрғысынан ұйымдастыра отырып, тәрбие отбасында өз жалғасын табуы үшін ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеруге және тәрбие тәжрибелерін алмасуда ата-аналарды отбасындағы бала санына қарай топтан жинаудың тиімді екендігін айтады.
Мектеп пен отбасының педагогикалық үрдістер өзара байланысты, жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдісі аясында жүреді.
Мектеп оқушылары отбасының пеагогикалық үрдісіне қатысатынын және осы үрдістің нәтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқартынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланыста болса, бала тәрбиесіндегі проблемалар дұрыс шешілері сөзсіз.
Ондай жұмысты басқаратын ата-аналар тобы.
Топтық жұмыстардың мақсаты мен нысаны ата-аналық тақырыппен шектелген. Топ ең алдымен балалар тәрбиесінің мәселелеріне араласумен айналысады, қатысушылардың тұлғалық мәселелері ата-аналардың проблемларының аясында ғана талқыланады.
Ата-ана-бала өзара қатынастардағы негізгі ерекшеліктерінің қандай екендігіне қарамастан, әлеуметтік қызметкерге өтініш білдірген ата-аналар әдетте дұрыс көзқарас ұстана бермейді, яғни оларды балалармен қарым-қатынастары тиімсіз болып келеді.
Ата-аналардың қарым-қатынасындағы бұрмалаушылығы бәрі психологиялық түзетудің көмегімен жөнге келтірілуі мүмкін.
Педагогикалық ағарту жұмысы мектептегі педагог- психологтың жұмысының басты бағыттарының бірі. Психологиялық -педагогикалық білім ата-аналардың педагогикалық ойлау дәрежесін көтеріп, педагогикалық іскерліктерімен дағдыларын жетідіру мақсатында ұйымдастырылады. Педагогикалық ағарту жұмысы тәрбиеде кездесетін қиындықтардың алдын алуды көздейді. Ересек адамдардың білім дәрежесін көтерудің ерекшеліктері бар. Олардың білім деңгейлерін жетілдіру үшін білім берудің белсенді әдістерін қолдану керек.
Дәстүрлі және дәстүрлі емес, бірлесіп ізденушілік негіздегі ұйымдастырылған жолдарына көңіл аударсақ, айырмашылығын төмендегі кестеден көруге болады:

Дәстүрлі жолдары

Ізденушілікпен ұйымдастырылған жолдары.

Психолог өзі идеяларды, түсініктерді ұсынады.

Ата-аналар негізгі идеяларды психологтың көмегі арқылы игереді.


Негізгі мақсат–педагогикалық іскерліктерімен,дағдыларды жетідіру.


Нақты ұсыныстар бойынша жұмыс атқарылады. Қорытынды және ұсыныстар алдын ала жоспарланады.


Негізгі жұмыс формасы : лекция


Психикалық процесстер: зейін, қабылдау, есте сақтау.


Психолог қызметі- бәрін білетін адам.

Ата-аналар өздері немесе психологпен бірлесіп идеяларды, түсініктерді іздестіреді.

Ережелерді, заңдылықтарды, идеяларды өздері шығарады.


Жүйелі ойлау қалыптасады, қарама-қайшылықтарды өздері таба алады.


Шешім қабылдауда басты рөлді ата-аналар атқарады.


Іздену жолдары дискуссия, пікір алмасу, ойға сүйену.


Негізгі функциялар: көмектесу, қолдау, бағыт беру.





Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формаларына: лекция, дискуссия, зерттеу, психологиялық тренинг, психологиялық ойын , тестілер т.б. жатады. Ондай жұмыстарға ата-аналар білімін жетілдіру университеттері, конференциялар, практикум, ролдік ойындар, педагогикалық пікірталас, ашық есік күндері, түрлі мәселелер бойынша кеңес беру, ата- аналар тобымен жүргізіетін тренингтерді жатқызуға болады.
Қазіргі кезде бұл іс бірталай мектептерде ойдағыдай өтіп жүр деп айта аламыз.
Олар: «Халық шежіресі-көне дәуірдің көзі» атты халықтық педагогикаға негізделген мектептері арқылы жүзеге асады.
Ата мектебі-«тал бесігі», ене мектебі - «ақ отау», әке мектебі – «ізбасар алқасы» құрылған.
Ата-аналар мен жұмысты жемісті жүргізу мақсатында «Біз қандай ата-анамыз?» деген, анкета таратуға болады. Ата-аналардың білім деңгейлеріне қарай топтастырып лекциялар, баяндамалар тақырыптары анықталады.
Лекция
Ата-аналар арасында педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізіліп тұрады. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Лекция ата-аналармен жұмыс жасау әдісі ретінде өте танымал. Ол үлкен аудиторияда және жұмыстың басында тиімді және ақпараттың үлкен көлемін беруге мүмкіндік беретін жұмыс түрі.
Психолог көрнекіліктер мен қызықты мысалдардың көмегімен ата-аналардың күш салуларына бағыттайды .
Балалары оқуда үлгермейтін ата-аналарда оқуға қалай көмектесу, үйге берілген тапсырманың орындалуын қалай бақылап отыру туралы әңгімелеген пайдалы. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде, белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырылса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мектептерде ата-аналармен әңгімелер, әдетте мынадай тақырыптарда өткізіледі: "Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы", "Балаларды жанұяда еңбекке тәрбиелеу", Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу", "үйге берілген тапсырмаларды орындауда балаларға қалай көмек көрсетуге болады", "Балаларды мадақтау және жазалау шаралары туралы", "Үлкендерді сыйлауға үйрету", "Тіл алғыштыққа үйрету », "Бала тәрбиелеуде күн тәртібінің маңызы", "Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу туралы", "Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек", т.б.
Иллюстрация, интерактивті тақтаны қолдану арқылы психолог ата-аналардың назарын түрлі проблемаларды қойып, оларды шешуге ұмтылдырады. Лекция оқу барысында шығармашылық белсенділікті тудыру үшін: жеке тұлғаға бағыттау жолдары қолданады. Мысалы, сіз лекцияны мынандай тақырыпта оқығыңыз келді: «Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына отбасының ықпалы ». Сіз аудиторияға келіп бір парақ қағазды
таратасыз, онда мынандай сұрақ қойылған: « Қазіргі отбасында бала тәрбиесінде қандай қиындықтар кездеседі?» Ата-аналар кім екендерін жазбауларына болады. Бұл мәселе бойынша түрлі жауаптар қабылданады. Лекция осылай басталып бала тәрбиесі жайындағы мәселелер бойынша әңгіме жалғасады. Лекция соңында рефлексия жасау маңызды.( Бүгін біз қандай жаңалықтар білдік, тәжірибеде оларды қалай іске асырамыз т.б.).
Ата-аналармен жұмыста әр-түрлі белсенді әдістерді қолдануға болады. Олар: әңгімелер мен лекциялар, дискуссия, зерттеу, психологиялық тренинг, психологиялық ойындар және тестілер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет