Тақырып №1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні
Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні жайлы жалпы мәлімет беру. Әдебиеттің басқа пәндермен байланысын дәлеледей отырып түсіндіру.
Негізгі терминдер мен түсініктер: әдістеме, әдебиеттану, оқыту, мақсат, міндет, мұғалім, әдебиет.
Қарастырылатын негізгі мәселелер:
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні
Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екендігі. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті пәнін мектепте оқытудың мақсат-міндеттерін, әдеби білім мазмұнын оны анықтайтын ұстанымдар және өмір талабына сай оқыту әдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздері. Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға негізделіп философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология, т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы.
Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамытып, ұғымды шешен сөйлеуге баулу. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.
Әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері т.б. сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.
«Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі баииды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты- сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері:
1.Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру;
2.Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету;
3.Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;
4.Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету;
5.Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру;
6.Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру;
7.Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі маңызы туралы білімдкерін қалыптастыру;
Тәрбиелік жағынан:
8.Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке-адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиеитіне деген қызығушылығына әсер ету. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе- мұғалімнің оқытуы, екінші мәселе- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен, әдіс-тәсіл де оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А.: Рауан, 1997.
2. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А.: Білім, 2009 -288 б.
3. Байтанасова Қ., Айтуғанова С. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – А., 2008,
4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А.: Мектеп, 1985.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тақырыпқа қатысты Қ.Бітібаева, Т.Жұмажанова еңбектеріндегі ойлар
2. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері
3. Басқа да ғалымдардың ой-тұжырымдары
Достарыңызбен бөлісу: |