Әдебиеттер
Негізгі
Берри Дж. Кросс-культурная психология. – Харьков: Гуманит. Центр, 2007.
Лебедева Н.М. Этническая и кросс культурная психология. М.: Макс-Пресс, 2011.
Мацумото Д. Психология и культура. СПб., 2002.
Берри Д, Пуртинга А., Сигал М., Дасен П. Кросс-культурная психология: Исследования и Применение/пер. с английского. Харьков: Гуманитарный центр. 2007.
Стефаненко Т. Г. Этнопсихология. М., Аспект Пресс, 2004.
Қосымша
Аймаганбетова О.– Социально-этнические проблемы современной психологии. – Алматы: КазНУ, 2008.
Белик А. А. Психологическая антропология. - М.,1993.
Коул М. Культурно-историческая психология. М., 1997.
Лебедева Н. М. Кросс-культурная психология: цели и методы исследований. / Этология человека и смежные дисциплины / под ред. М. Л. Бутовской., М., 2004.
Личность. Культура. Этнос. Современная психологическая антропология. М., 2002
Этническая психология и общество (под ред. Н. М.Лебедевой). - М., 1997.
Шпет Г. Г. Введение в этническую психологию. - Спб., 1996.
Тақырып 21-22. Кросс-мәдени психологиядағы қарым-қатынас
Мақсаты: кросс-мәдени психологиядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас мәселелерімен, этносаралық қарым-қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
Түйін сөздер: қарым-қатынас, қарым-қатынас құралдары, жоғары байланыс мәдениеті, вербалды, вербалды емес, этносаралық қарым-қатынас
Жоспар:
Қарым-қатынас және оның түрлері
Қарым-қатынастағы кедергілер
Этносаралық қарым-қатынас
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. А.Б.Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді, сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген.
Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:
- перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),
- интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),
- коммуникативті (ақпарат алмасу).
Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:
- вербалды
- вербалды емес
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мейербайн қарым-қатынаста 7% ақпарат вербалды (сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың вербалды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген.
Ақпаратты жеткізу негізгі сөз арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік өмірдегі адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі – сөйлеу. Сөйлеу күрделі психикалық процесс. Сөйлеу адамдардың қарым-қатынас құралы.
Қарым-қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі .Зейін қойып,тыңдап отырған адамда көзі ым-шиара, көзі қозғалуы ,сөйлеушіге тугелдей бөлгендігі айқын байқалады. Осы арқылы қарым-қатынас жасаудың белгілі таңбалары пайда болады. Қатынас жасаушы көіл куйін, ойын толық жеткізуге максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, сағырттық қарама-қарсы нәтиже береді. Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар сөзді айта алады, бірақ естімейді (түсіну, қабылдау), көбіне адамдар ести алмайды. Бұдан адамдар тыңдай отырып өзінің басқа ойына тез ауысады. Адам сөйлегеннен 4 рет жылдам ойланады. Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал уақытты толық түсіну үшін 14-15 сек уақыт қажет. Адам 1минутта 60-70 сөздің мағынасын ұғынады.
Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Кейде біздің сөзіміз, іс-әрекетіміз қасымыздағы адамға немесе әріптесімізге дұрыс айтылып дұрыс қабылданбайды. Сондықтан олар қатынастың жасалуынан қашады. Мұның барлығы кез-келген коммуникация, екінші адамға әсер етуі, өзі туралы басқа адамға қатынасы, жанның тыныштығы т.б. Бірақ барлық ақпарат қарым-қатынаста кедергі бола бермейді. Мсыалы: ашықтар, көп жыл өмір сүрген ерлі-зайыптылар бірін-бірі бірден көзқарас қисынынан түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |