Вербалды - бұл сөзді бөлу, талас змоциялардағы сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы.
Вербалды емес - екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.
2. Адамның жеке өзіндік типтеріне байланысты ерекше (мінез-құлық, темперамент, жағымсыз змоциялы жағдай)
а) қарым-қатынастағы темпераментке байланысты түрлі типтегі адамның қатынасы.
б) мінез-құлықтың сәйкес келмеуі
в) жағымсыз эмоция
г) жиіркену, жек көру
д) қорқыныш - бұл бірінші биологиялық себептерге байланысты болуы мүмкін. Ол адамның денсаулығы мен өмірге қорқыныш,ауру жұқтыратырып алу.
3. Әлеуметтік моральдық, материалдық жағдай, қоғамдық ортадағы статус, жазалаудан сақтану, бір жақтан қысым көрсету және т.б
а) ар-ұят және күнә, бұл жерде адамның өзінің ебедейсіздігіне байланысты.
б)Ұлттар арасындағы кедергілер.
Адамдар бір-бірімен түрлі деңгейде түсініп және ақпаратты түрлі типте алмасады. Ақпарат ауызша және жазбаша қарым-қатынаста болады.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Біз білеміз, өте білімді және дұрыс ауызша және жазбаша сөз ол адамдармен өзара әрекеттесудің жемісті нәтижесі.
Сөздік қарым-қатынастың құрылымына мыналар кіреді:
- тіл – сөз жүйесі, келбеті, айтылуы, олардың мағыларының дұрыс қосылуы.
- Тілдік дыбыс құбылысы - сөз темпі, ритм, тембр, дикция. Мұнда бірізді, қарапайым, жай, өлшемді сөз манерасы маңызды.
- Дауыстың мәнерлі сапасы - өзіндік дыбыс ерекшеліктері: күлкі, жылау, сыбырлау, күрсіну, пауза, мысқылдау.
Қарым-қатынастың нәтижелігі екінші адамды ұғыну, сөзді түсіну, интонация, вербалды емес түрдегі ақпаратты оқи алуы.
Қарым-қатынастың синтоникалық моделіне қол жеткізу мақсатында тілді мазмұнды және кедергісіз қолдану репрезантивтік жүйе деңгейіне байланысты. Яғни әңгімелесу мен іскерлік қатынастар вербалдық формада (ағылшын тілінен аударғанда – verbal – сөз, ауызша деген мағына береді) жүзеге асады. Бұл қарым-қатынасқа қатысушылардан тек сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас этикасын сақтауды қажет етеді. Және де бірқатар сөз сапаларына да байланысты болады.
Оларға: сөз нақтылығы, сөз тазалығы, сөз жүйелігі, сөз мәнерлігі, сөз байлығы, сөз орындылығы жатады. Бұл сөз сапалары білім субъектілері арасындағы қарым-қатынастың тиімді болуында маңызды роль атқарады. Яғни:
- сөз тазалығы - әдеби тілден тыс сөздердің қолданылмауы, соның ішінде диалектік, кәсіби, жаргон сөздер және т.б.;
- сөз нақтылығы – сөз мазмұны мен ақпарат мағынасының негізіне сәйкес келуі. Сөздің нақтылығы сөзді орынды, нақты, сөз мағынасына қарай, синоним, антоним, омоним сөздерді дұрыс қолдана алуға байланысты. Сөз нақтылығының маңызды шарты - лексикалық нормалардың сақталуында. Егер сөйлеуші қажетті ақпаратты субъектіге жеткізуде мағыналас сөздердің ішіндегі ең орындысын таңдаған кезде ғана, сөз нақтылығы көрініс береді.
- сөз жүйелігі – ойлау компоненттерінің бөліктері мен сөйлеу компоненттерінің мағынасының қатынасының көрінісі;
- сөз мәнерлігі – тіл мәнерінің бар мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде көрініс беретін сапа. Ол барлық деңгейлердегі тіл бірліктерімен жасалына береді. Сонымен қатар, тілдің арнайы көркемдік қасиеттері болады (троптар, стилистикалық фигуралар), олар айтылған ойды, әсерлі, образды, эмоционалды етуге көмек береді;
- сөз байлығы – ақпаратты барынша әсерлі жеткізе алуға мүмкіндік беретін сөз бірліктерін еркін және кең қолдана алу;
- сөз орындылығы – тілдегі сөз бірліктерінің мақсатына, жағдайына, мағынасына сәйкес қолданылуы.
Аталмыш категориялар вербальды қарым-қатынас құралдары болып табылады. Вербалды қарым-қатынас тек адамға ғана тән және тілді меңгеру міндетті шарт болып табылады. Өзінің коммуникативтік мүмкіндіктеріне қарай ол вербальды емес қарым-қатынастың барша түрлері мен формаларынан бай, дегенмен оны толықтай алмастыра алмайды. Және де вербалды қарым-қатынастың дамуы бастапқыда міндетті түрде коммуникацияның вербальды емес құралдарына келіп тіреледі.
Жалпы адамдарда қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес түрлері маңызды болып табылады. Вербалды емес қарым-қатынас дыбыстық сөйлеуді, табиғи тілді құрал ретінде пайдалануды қажет етпейді. Вербалды емес қарым-қатынас – ол мимика, жест, пантомимика, тура сенсорлы немесе жанасудың көмегімен жүзеге асады. Бұл өзгелерден алынатын тактильді, көру, есту, иіс сезу және т.б. сезімдер мен образдар.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.
Қарым-қатынаста вербалды және вербалды емес қатынастық кедергілер бар. Вербалды– сөзді бөлу, талас, эмоцияналды сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы.
Вербалды емес екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.
Вербалды емес қарым-қатынас құралдары:
– поза, жест, жүріс.
- мимика
- визиуалды контакт
- тұлғааралық қашақтық.
Вербалды емес тіл басқа адамның сезімін түсінуге және өзінің сезімін жеткізуге қолайлы, басқа әдістер ақпаратты жеткізе алмағанда маңызды, адамның айтқаны, қозғалыстың жасанды және оның ақиқат екендігін түсуге ыңғайлы.
Бұл тіл барлық ер және әйел адамдарға, барлық мамандықтарға да толығымен түсінікті. Бірақ түрлі көзқарастар әр түрлі ұлт өкілдеріне байланысты анықтау қиынға соғады.
Арнайы іскерлік сферада қарым-қатынас іскерлік мінездемеге ие болады қарым-қатынас түскенде іскерлік және тұрмыстық деп бөлініун арнайы және арнайы емес қарым-қатынас, формалды және формалды емес топтардың адамдардың байланыстырған дұрысырақ. Формалды топтарға ұйымдастырылған ұжымға анық мақсаттар адамдарды должносттары бойынша орналастыру, онда құқықтары мен міндеттері шарттарға сәйкес анықталады,ол қарым-қатынасқа түскенде міндетті түрде көрінеді. Бірақта әр ұжымда іскерлік қатынастың басқа тағы жекеше қатынастың болатынын естен шығармауымыз керек.
«Іскерлік қарым-қатынас» деген сөздің өзі көбінесе іскер адамдардың арасындағы, бизнесмен, комерсант пердпринимательдің арасындағы қарым-қатынас деп түсіндіріледі. Бірақ іскерлік қарым-қатынас дегенді кең көлемде түсіну қажет яғни ұйымдастырылған және қызметтік сферада (іскерлік әңгіме, әріптестердің, қызметтік талас, сынып жиналысы, бастықпен әңгіме, педкеңес, тағы да сол сияқты).
Іскерлік қарым-қатынас бұл әңгімелесушілердің арасында бір-бірімен ақпарат, тәжірибе алмасады, нақты мәселенің шешімін табу болады. Іскерлік қатынастың басқа қатынастан өзгешелігі - бұл процесте өздерінің шешімін табатын мақсат және нақты тапсырма қойылады. Қарапайым достық қатынастық көбінесе нақты тапсырмалар қойылмайды, арнайы мақсат жоқ және ол кез-келген уақытта тоқтатуға болады. Іскерлік қатынастың мақсаты қандайда бір мәселенің шешімін табу құралы болу керек. Іскерлік қатынастың өзгешелігі және телефон арқылы сөйлесу жатады. Ауызша қатынастың келесі түрлері көрсетіледі: әңгіме, дисскусиялар, таластар. Ал жазбаша іскерлік қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік хат, өтініш, мірбаян, нездеме, түсініктеме,сенім хат, хаттама т.б. жатады.
Қарым-қатынас жасағанда әңгіменің шарттары маңызды роль атқарады, болатын орны, уақыты, көптеген кедергілердің болмауы, телефонның дыбыстары, бөлмеде ықтият болуы және стол үстінде қағаздарды реттемейут.б. Әңгімелесушінің қолы тимей жұмыс жасап жатқан кезінде қатынасқа түспей-ақ қойған жөн.
Қандай болмасын әңгімеге алдын ала дайындалу керектігін ұмытпаған жөн. Егер әңгіме барысында көп нәрсе білу керек болса, онда арнайы, қажетті сұрақтарды рет-ретімен жазып алу керек. Алдын ала өзіңді дайындау маңызды. Мен әңгімені қалай бастаймын? Қандай аргументтер келтіремін? Қандай қарсылықты күту керек? Мен оларды қалай теріске шығарамын? Қандай соңғы шешуші аргумент қолданамын?
Әңгіме жылу жүзбен орташа ырғақпен сөйлеген дұрыс-ол оның бойында сенімділікті ұялатады. Әңгіме белгіленген уақыт жайында ескертіп отыру қажет. Бірінші сөз ол сізге таныс, таныс емес болсын әңгімелесе беріледі. Осыдан кейін өзіңіздің көз қарасыңызды айта аласыз.
Қарым-қатынастың болмауына келесі жағдайда әсер етеді.
Сенімсіздік көрсету. Кешірім сұраудан қашу керек яғни бұл сенімсіздікті білдіреді. «Кешіріңіз, кедергі жасасам». «Мен тағы естісем деп едім» «Өтініш, егер сізде мені тыңдауға уақыт болса».
Керісінше, әңгімені бастағанда кездесуге не түрткі болғанын айту керек. Серіктесіңізге оның сұрағының барлығына жауап бере алатыныңызды байқатыңыз.
Кездесу барысында ыңғайсыздық көрсету яғни «сізбен тезірек жағдайды қарастырайық». «Мен өтіп бара жатып сізге кіре салдым». «Ал менде бұл жөнінде басқа пікір».