Халықаралық маркетинг «маркетингтің жоғарғы мектебі» ретінде саналады. «Халықаралық маркетинг» және «Экспорт» ұғымының арасында көптеген айырмашылықтар бар. Дәстүрлі экспортта отандық кәсіпкерлер өзінің өнімдерін екінші бір мемлекетте орналасқан фирмаларға, яғни импортерлерге жеткізіп берумен айналысады.
Халықаралық маркетинг – бұл ұйымдардың елден тыс жерлердегі тауарлар мен қызметтер маркетингі. Жалпы маркетингтің негізгі принциптері халықаралық маркетингке де тиесілі екендігін айқын, дегенмен де ішкі және сыртқы нарықтар арасында жиі ескерілуі тиіс маңызды айырмашылықтар бар.
Сонымен бірге халықаралық сауда жүйесінде экономикалық қауымдастықтар да қызмет жасайды. Халықаралық маркетингте сыртқы нарыққа шыға отырып, әрбір елдің экономикалық, саяси және мәдени ортасы зерттелуі тиіс.
Экономикалық орта мыналарды атап көрсетуге болады: натуралды шаруашылық экономикалы елдер, шикізатты экспорттаушы елдер, өнеркәсібі дамыған елдер.
Саяси тұрақтылық халықаралық сауда ынтымақтастығында маңызды ролге ие. Халықаралық маркетинг көмегі арқылы саясаты тұрақсыз елдерде де тиімді кәсіпкерлікті жүргізуге мүмкіндік алуға болады.
Мәдени орта, әрбір елдің өзіндік салт-дәстүрі, ережелері және өзіндік шектеулері бар. Сондықтанда халықаралық маркетингте сол елдің мәдени ортасына бейімделуі қажет.
Халықаралық қызметтің үш формасы қолданылады: экспорт, бірлескен кәсіпорын, тікелей иелік ету. Экспорт, бұл тікелей сату арқылы халықаралық нарыққа шығу. Бірлескен кәсіпорын, фирма тәжірибені, байланысты біріктіріп және шығындарды өзара бөлісу, өндіріс және маркетинг бойынша шетел компанияларымен өз қызметін біріктіру. Тікелей иелік жүргізу, халықаралық қызметке бақылау және толық жүзеге асыруды қарастырады.
Халықаралық маркетинг кешенінің ерекшеліктері келесідей жайлардан құрылады:
өнімдерді халықаралық жоспарлау қарапайым түрдегі кеңейту, өнімдерді бейімдеу, «кері жаңалық ашу» және жаңа ойлап табу стратегияларына негізделеді;
халықаралық ауқымда өткізуді жоспарлау, өткізу арналарын таңдау мен пайдалану және тауарлардың физикалық араласуын қарастырады.
Маркетингтік секторда қызмет көрсету аясындағы салаларға мыналар жатады: еңбек биржасы, жинақ банктері, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және өнер, өрттен қорғау, пошта т.с.с. жатқызылады. Сонымен бірге қызмет коммерциялық және коммерциялық емес түрде ұсынылады.
Қызмет көрсету, бұл бір жақтың екінші жаққа ұсынатын, сезілмейтін және қандай да бір заттай бұйымды иемденуге әкелмейтін кез келген іс-әрекет немесе алынатын пайда.
Қызмет төрт сипатқа ие: сезілмеушілік, сақтауға қабілетсіздік, иесінен бөлінбеушілік және сапалық өзгергіштігі.
Маркетингтік қызмет көрсетуді – қызметтердің жіктелуі экономикадағы қызмет көрсетудің ролі және сервистік фирмалардың маркетингтік пайдалану көзқарасы тұрғысынан қарастыруымыз қажет.
Қызмет көрсетулер өзінің үлгісі бойынша бір-бірінен маңызды түрде ерекшеленеді және олар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: қызмет көрсету көзі бойынша; тұтынушының қызмет көрсетуі кезінде қатынасуы бойынша; тұтынушылардың мотиві бойынша.
Қызметтер көлемі мен түрлері әр уақыт өсіп отыру тенденциясына ие. Себебі, басқа салаға қарағанда салыстырмалы түрде, оның дамуы үшін көп шығын қажет емес болып саналады.
Коммерциялық емес маркетинг қоғамдық мүдделер үшін іс-қимыл жасайтын немесе қандай да бір идеялар қатысатын және қаржылық пайда алуға ұмтылмайтын ұйымдармен, жекелеген тұлғалармен жүргізіледі.
Коммерциялық емес және коммерциялық маркетинг арасындағы негізгі айырмашылық мақсаттарының әртүрлілігі болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің сәттілігі немесе сәтсіздігі қаржылық көрсеткіштермен өлшенбейді, себебі бұл ұйымдардың мақсаты күрделі сипатқа ие болып табылады. Тәжірибе жүзінде барлық коммерциялық емес ұйымдар үлкен дәрежеде демеушілер мен қайырымдылық қаржылар есебінен өмір сүреді. Оларға салық салу бойынша да жеңілдіктер беріледі.
Ұйымдар, жекелеген тұлғалар, тұрғын үй құрылыстарындағы орындар, демалыс аймағы, идеялар және басқа объектілер маркетинг объектісі ретінде саналады және осы аталған объектілерге тән маркетингтің түрлерін қарастыруымыз қажет ретте саналады.