Тақырып 10. Мемлекеттік қҰрылудың кеңестік үлгісін жүзеге асыру. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері Ұжымдастыру әдістері мен қарқыны. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Қазан»


Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы



бет5/7
Дата31.03.2023
өлшемі280 Kb.
#77913
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 lektsiya

5 Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған аумаққа тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 50% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінің 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, үшақтан 3 есе, артиллериядан - 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі - Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылыгымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Мәскеу түбіндегі шайқаста, әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарган бөлімше - 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одагының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің «Волоколамское шоссе» повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оган Кеңес Одагының Батыры атағы берілді.
И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойы ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Мәскеу түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238- дивизия, 19- атқыштар бригадасы да қатысты.
«Барбаросса» жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған «Блау» деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер аумақтарынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп - фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары - Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мән берді.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда - 69, ал қыркүйекте - 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені, кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Мәскеу бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені «Блау» бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Мәскеу бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей қазақстандық әскери қүрылымдар қатысты: 292- атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-Аралдық атқыштар бригадасы, 387-атқыштар дивизиясы, 27-атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-атқыштар кейінгі 3-гвардиялық атқыштар бригадасы. 3- атқыштар бригадасы Сталинград түбіндегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-атты әскер дивизиясы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі мен 196- жеке көпір құрылысы батальоны қатысты.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Совет Одағының батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне «Казахстанская» аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдың басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік Соғыстагы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға «Цитадель» деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. «Цитадель» операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: «Рейх», «Ұлы Германия», «Фикинг», «Адольф Гитлер» және т.б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 1943 жылы 5-шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңес әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақстандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Совет Одағы Батыры атағына ие болды.
1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болганнан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі «Багратион» операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты - неміс фашистерін Кеңестер Одағы аумағынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.
«Достық көмек» идеологиясын жамылған Кеңестер Одағы болашақта азат еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені басты жауы - Германияны жеңгеннен кейін, Кеңестер Одагы әлемдік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды жоспарлады.
Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар - В.А. Андреев, Л.И. Беда, П.Т. Брилин, Т.К. Абилов, В.Г. Козенков, И.И. Корнев, И.В. Кутурга және т.б.
Словакия аумағын жаудан азат етуге 4-Украина майданы құрамында қазақстандық 8-атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151-Карпат полкі 3-дәрежелі Кутузов орденімен, 310-атқыштар полкі 3-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.
72 және 73- гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия аумақтарын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық М.А.Пупков Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105-гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті.
Прага операциясына 118, 88, 314, 8-атқыштар, 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-дәрежелі Суворов ордендерімен үш мәрте марапатталды. 992-полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді және т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52- армия құрамындағы алматылық 556-эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мәрте жау аумағын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан марапатталады.
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А.Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б.Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алды.
1945 жылы 16 сәуір мен 2 мамыр арасындағы Берлин операциясына қазақстандық 118, 313-атқыштар дивизиялары және 209-атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Рақымжан Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ қыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Хиуаз Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Райкова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет