Тақырып 10 Саяси процесс және іс-шаралар жоспар



Дата10.12.2023
өлшемі9,66 Kb.
#136798
Байланысты:
Тақырып 10 Саяси процесс және іс-шаралар жоспар-emirsaba.org (1)


Тақырып 10 Саяси процесс және іс-шаралар жоспар

Тақырып 2.10 Саяси процесс және іс-шаралар

ЖОСПАР:


  1. Саяси процесс ұғымы, мәні және негізгі мінездемесі.


  2. Саяси процестің құрылымы.


  3. Саяси процесстің міндетті іс режимдері.


  4. Саяси процесстің сатылары.


  5. Саяси процесстің мазмұны және типологиясы.


  6. Сыртқы саяси және ішкі саяси процесстер. Ашық және жасырын саяси процесстер.


  7. Саяси мінез-құлық және оның формаларын анықтау. Әлеуметтік топтардың тосын мінез-құлқы.


  8. Саяси шешім: дайындау, әзірлеу және жүзеге асыру. Саясатты анықтау және іске асыру саяси институттардың рөлі. Қазақстан Республикасындағы саяси процесс.


Саяси процесс ұғымы барлық қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл ұғымның мәнін анықтау үшін, жалпы «процесс» терминінің мәнін айқындаудан бастау керек. «Процесс» термині латынның жалғасы, қозғау сөзінен шыққан, ол: біріншіден, өзінің бағыты бар белгілі бір қозғалысты, қозғалыстың қайсыбір барысын, ретін, дамуын; екіншіден, жәй-күйдің, сатының, эволюцияның табандылықпен ауысуын; үшіншіден, белгілі бір нәтижеге жету үшін табанды қимыл-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Демек, «процесс» терминінің әмбебаптық сипаты бар, өйткені ол табиғат пен қоғамның шынайы және тұрақты қалпын көрсетеді.

Саяси процестің құрылымы:
  • саяси қарым-қатынас: өндіріс, бөлу, алмасу, қоғамдағы саяси өнімдерді тұтыну жағынан.


  • саяси процестің субъектілері: әлеуметтік, конституциялық.


  • саяси тәртіп: саяси белсенділік, саяси қызмет.


  • Саяси әсер аясында Ішкі саясат Сыртқы саясат




Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;
4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

Саяси процесстің мазмұны және типологиясы. Саяси өмірдің бірқатар белгілері мен көп түрлілігіне байланысты саяси процестің әр түрлі типологиясы бар. Алайда бұл саяси процестің типологияларын түсіндіруде саясаттануда түрліше екпін жасалған, солардың біршама танымалдарын атап өтелік.
Саяси процестің өркениет тұрғысынан алғанда батыстық және батыстық емес екі типін көрсетуге болады. Олардың айырмашылығы батыстық және батыстық емес дүниенің өркениеттілік ерекшеліктерімен, олардың халықтың практикалық бағытын және мінез-құлқын анықтайтын мәдениетімен айқындалған.
Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.
Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.


Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі.

Саяси мінез-құлық - субъектілердің саяси тәжірибеге қатысты бағыты мен әрекетін көрсететін саяси шындық пен өзара іс-әрекеті. Саяси мінез-құлық адам мінез-құлқының жоғары сатысы. Саяси мінез-құлық жеке тұлғаларға, топтарға, ұйымдарға қатысты айтылады. Саяси мінез-құлық алға қойылған мақсаттармен реттеледі. Оның мәні, бағыты, құндылығы, сипаты мен ерекшеліктері адамның дүниетанымына тәуелді. Саяси мінез-құлық кең мағында ерекше қызметті білдіреді.

Саяси шешім – саяси әрекеттің міндетті анықтауды жеке және ұжымдық процесс.

Қазақстан Республикасындағы саяси процесс. Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Тақырып бойынша сұрақтар:
  1. Ішкі және сыртқы саяси процесс дегенді қалай түсінесіңдер?


  2. Ашық және жасырын саяси процесс дегенді қалай түсінесіңдер?


  3. Саяси процесстің сатыларын атап беріңіз?




http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет