3.Еңбек нарығы, субъектілер және объектілер, оны реттеу механизмдері.
Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып,мемлекеттік араласу обьектісі болып таблады.Сонымен бірге басқа тауарлардың рыногы тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.

Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан мемлекет төреші (арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс. Еңбек рыногының басқа рыногтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оныңң әлеуметтік табиғаты болады.
«Еңбек рыногы- жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттілігінің болуы ,екінші жағынан – жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама – қарсы келетін сала» (Лившиц).
«Еңбек рыногы - жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттілігінің болуы ,екінші жағынан – жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама – қарсы келетін сала» (Лившиц).
Еңбек рыногы - бұл рынок экономикасы құрылымының құрамдас болігі. Ол басқа да рыноктармен: шикі материалдар,халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б рыноктармен қатар қызмет етеді. Еңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы)-жұмыс берушілер:кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен,сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жүзеге асады.