Тақырып 12. Нуклеин қышқылдарының биохимиясы Мақсаты



Дата25.11.2023
өлшемі32,65 Kb.
#126938
түріҚұрамы
Байланысты:
Дәріс 12. Нуклеин қышқылдарының биохимиясы


Тақырып 12. Нуклеин қышқылдарының биохимиясы


Мақсаты: мононуклеотидтер – нуклеин қышқылының мономерлері екендігін дәлелдеу; ДНҚ, РНҚ қасиеттері, құрылысы, химиялық құрамын оқу; репликация, транскрипция, гендердің химиялық табиғаты, генетикалық код туралы түсінік беру.
Жоспар

  1. ДНҚ биосинтезі (репликация), қасиеттері, құрылымы, химиялық құрылысы. Гендердің химиялық табиғаты

  2. РНҚ биосинтезі (транскрипция), қасиеттері, құрылымы, химиялық қасиеттері. РНҚ түрлері. Генетикалық код туралы түсінік

Нуклеин қышқылдары – мономерлері нуклеотидтер болатын биологиялық полимерлер.
(нуклеотидтер) нуклеин қышқылы
Нуклеотидтер – фосфор қышқылы, көмірсу (пентоз), азотты негіздер (пуринді немесе пиримидинді) үш молекуларлардың қалдықтарынан тұратын органикалық қосылыстар. Нуклеозидтердің нуклеотидтерден айырмашылығы олар органикалық заттардың екі молекуласының қалдықтарынын құрылған: пуринді немесе пиримидинді және пентоздан. Нуклеин қышқылдары – дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин қышқылы (РНҚ) болып бөлінеді. Егер нуклеотидтер фосфор қышқылының екі молекуласынан құралса, онда қысқаша АДФ, УДФ, д – ГДФ, ал егер үшеуден құралса АТФ, ЦТФ, белгіленеді. Нуклеотидтер метаболизмде маңызды роль атқарады: циклді нуклеотидтер (ЦАМФ) клетка ішіндегі зат алмасуды реттейді; басқалары клетка энергия аккумуляторы (АТФ); үшіншісі – коферменттердің (КАФ, ФАД) құрам бөліктерін құрайды. Үш нуклеотид қалдықтарынан құралған органикалық қосылыстар – үшнуклеотид, төртеуден – тетрануклеотид, бестен – пентануклеотид, алтаудан – гексануклеотид деп аталады. Нуклеотидтер өзара күрделі эфирлі байланыс арқылы қосылады: бір нуклеотидтің фосфор қышқылының қалдығы басқа нуклеотидтегі пентозаның үшінші көміртек атомымен қосылады. Полинуклеотидтердің аттары былай жазылуы мүмкін:
АМФ – ГМФ – ЦМФ – УМФ – ГМФ – АМФ - ...
– АМФ – дГМФ – д-ЦМФ – дТМФ – дАМФ - .
немесе
А – Г – Ц – У – Г – А - ...
д (А – Г – Ц – Т – А – А - ...)
Организмнің негізгі нуклеопротеині рибосомдар мен хромосомдар.
Рибосомдар – клетка органеллалары дм. 15-35 нм, белок биосинтезі жүреді. Клеткада бірнеше мыңдаған болады. Рибосомдар клетка шырынында, ядро митохондриясында болуы мүмкін. Рибосома екі бөліктен тұрады: кіші және үлкен. Кішісі бір молекула р – РНҚ және 20 молекула белоктан, ал үлкені үш р- РНҚ молекуласынан және 35 белок молекуласынан тұрады. Рибосом белоктары биосинтез процесінде катализатор ролін атқарады.
Хромосомдар – тұқымқуашылық хабарды сақтауға және беруге жауапты клетка ядросының органоидтары. Хромосомның үштен екі бөлігін белоктар (гистондар), үштен бір бөлігін ДНҚ, 10% - ке дейін РНҚ құрайды. ДНҚ ядродағы құрамы тұрақты. Хромосомдарда генетикалық информацияны тасушы ДНҚ молекуласы.
Ген – құрамында белоктың біріншілік құрылымы туралы информациясы бар ДНҚ молекуласының бөлігі. ДНҚ спиралсызданған жағдайда генетикалық информация алынады.
Генетикалық информацияны тасу жолдары
Клеткада былай көрсетіледі:


Репликация
транскрипция трансляция
ДНҚ РНҚ Белок (біріншілік құрылым)

Репликация немесе өздігінен екіеселену – нуклеин қышқылдарының бір класс төңірегінде генетикалық хабарды тасымалдау: ДНҚ ДНЦ.
ДНҚ – ң бір молекуласынан екеу түзіледі.


Транскрипция
Транскрипция - әртүрлі нуклеин қышқылдарының арасындағы хабарды тасымалдау: ДНҚ РНҚ. Транскрипция барысында РНҚ – ң барлық типтері түзіледі: и – РНҚ, т – РНҚ, р – РНҚ. Транскрипция кезінде ДНҚ –ң жеке бөліктері көшіріледі. РНҚ нуклеотидтері ДНҚ молекуласының нуклеотидтерімен комплементарлы принципі бойынша қосылады (А – У, Г – Ц, У – А, Ц – Г)
А Т Т Г А У А Ц Г Т Т А А Т . . . ДНҚ тізбегі
. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
... У А А Ц У А У Т Ц А А У У А РНҚ тізбегі


Трансляция
Трансляция – макромолекулалардың әртүрлі класс төңірегінде генетикалық хабарды тасымалдау: и – РНҚ белок. Оны генетикалық (биологиялық) код арқылы жүзеге асыруға болады.
Генетикалық код – гендер қандай белокты қанша мөлшерде синтездеу қажет екенін клеткаға хабарлайды. Код – үштриплет – кодоннан құралады.
и – РНҚ – да А, Г, У, Ц атты 4 нуклеотид (АМФ, ГМФ, УМФ, ЦМФ), белокта 20 амин қышқылы болады, триплет саны (кодондар) 43 = 64.
64 – ң 61 – і амин қышқылдарын кодтайды, ал үш кодон УАА, УАГ, УГА мағынасыз, олар полипептидтік тізбек синтезінің аяқталу белгісі қызметін атқарады.
Бақылау сұрақтар

  1. Нуклеин қышқылдарының жіктелуі

  2. Азотты негіздердің химиялық құрылыстары

  3. РНҚ, ДНҚ – ң нуклеозидтері мен нуклеотидтері

  4. Нуклеин қышқылдарының құрылымдары

  5. Транскрипция, трансляция деген не?

  6. Генетикалық код, оның биологиялық қасиеті

Әдебиет:
1, 91-110 бет; 2, 291-317 бет; 5, 107-121 бет; 6, 273-283 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет