Тақырып 2: Әлеуметтану теорияларына кіріспе



бет2/3
Дата05.10.2022
өлшемі179 Kb.
#41473
1   2   3
Огюст Конт (1798–1857)
Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст 
Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым.
Конт – әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді.
Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі – қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік құрылым (тәртіп) және әлеуметтік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.

Герберт Спенсер (1820–1903)
Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі – британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды.
Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.
Бұл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам – қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бұл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады.
Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі – оның ғылыми әдіске қатысты ұстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет