Тақырып 2: Материалдық нүкте динамикасы Негізгі сұрақтар



бет4/8
Дата04.10.2024
өлшемі301,77 Kb.
#146830
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
file-1738 (7)

Серпімділік күші
Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.
Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.
Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.
Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l – l0 — дене ұзындығының өзгеруі.



Гук заңы — тегеурін мен одан туған пішін өзгерісі арасындағы тура пропорционалдықты анықтайтын заң. F= − ĸx
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозгалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Қарастырылатын дененің үйкеліс күші (Fүйк) екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке (демек, тіректің N реакция күшінде), үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты болады.

Космостық жылдамдықтар
Жерді айналып ұшу үшін дененің өзіндік жылдамдығы болуы керек.
Бірінші космостық жылдамдық:
Екінші космостық жылдамдық:
Үшінші космостық жылдамдық:


Өзіндік бекіту сұрақтары:

  1. Динамика нені зерттейді?

  2. Күштердің түрлерін ата?

  3. Инерция заңын басқаша қалай атауға болады?

  4. Ньютонның ІІ заңының анықтамасы қандай?

  5. Ньютонның ІІІ заңының анықтамасы қандай?

  6. Гравитациялық әсерлесу күштері деген не?

  7. Бүкіл әлемдік тартылыс заңының формуласы қандай?

  8. Серпімділік күші деген не?

  9. Үйкеліс күші деген не?

  10. Екінші космостық жылдамдық нешеге тең?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет