2 Тақырып «казгидромент» қоршаған орта жағдайының мониторинг жүйесін ұйымдастыру
2.1 Зертханалық жұмыс Атмосфераның экологиялық жағдайын бағалау
Сабақтың мақсаты - әртүрлі көздердегші ауа сапасының негізгі қөрсеткіштерін зерттеу, атмосфераның экологиялық жағдайына баға беру.
Тапсырма- атмосфераның экологиялық жағдайына баға беру (2 сағат). Жұмыс орындары ауасы құрамындағы СО2 көлемін анықтау (2сағат). Ауаның аммиакпен ластануының аймаққа әсері (2сағат). Автокөлік ауа ластағыш шығарындыларының көлеміне сандық баға беру (2 сағат).
Шылым түтінің тірі ағзаларға әсерін зерттеу.
Қауіпсіздік техникасының ережелері (ҚТЕ) – зертханада жұмыс істегенде рұқсат етілмейді:
1) Химикаттар мен ерітінділердің сілемейлі қабықшаға,теріге, киімге түсуі;
2) азықты қабылдау;
3) әсіресе жағымсыз иісі бар және ұсақ кристалды (шаң-тозаң түзетін) химикаттармен және ауамен тыныс алу;
4) химикаттар қаптамасының мықтылығына, жақсы және түсінікті жазылған этикеткаларға назар аудармау, сонымен қатар жараланбау үшін шыны заттармен жұмыс істегендебайқаусыз болу;
5) ауа ластағыштарынүлгілеу эксперимнттерін жүргізу кезінде концентрациялы және араласқан қышқылдарын (күкірт, тұз, азот, құмырсқа) қолдану көзделген. Практикум барысындапайда болған кейбір газдар да адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Үлкен қауіп көзі минералды және құмырқа қышқылдары болып табылады. Теріге қышқыл тисе, оны тез арада кез-келген тампонмен сіңірілетіндей сүртіп алу қажет. Ол жерді су ағынымен және сабынмен жуу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |