Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингі


Судағы зиянды заттарды нормалау



бет9/57
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18503
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Судағы зиянды заттарды нормалау

Зиянды заттар үшін биосфераның әр компонентіне арнайы белгіленген ШРК-ның шамалары бар.

Сулы орта немесе су объектілері:

- ШРКс – шаруашылық ауыз су мен мәдени-тұрмыстық

жағдайға қолданатын су қоймаларындағы заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/л. Бұл концентрация адамның бүкіл ғұмыры ішінде оның мүшелеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізбеуі, сонымен қатар келесі ұрпақтардың денсаулығына және қолданатын судың гигиеналық жағдайын да төментетпеуі қажет;



  • ШРК б.с- балық шаруашылығында қолданылатын суаттардың

суындағы заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/л.

Судың интегралдық көрсеткіштері:



- ОБҚ- оттекке биологиялық қажеттілік- сынау инкубациясының білгілі уақыт ішінде (2,5, 20, 120 тәулік) органикалық заттардың биохимиялық тотығу (ыдырау) процестеріне пайдаланылған оттектің мөлшері, мг О2/л (ОБҚ5 -5 тәулік, ОБҚ 20 -20 тәулік ішінде);

- ОХҚ- оттекке химиялық қажеттілік- судағы барлық тотықсыздандырғыштарды тотықтыруға қажетті, яғни тотықтырғыштың жұмсалатын мөлшеріне эквивалентті, оттектің мөлшері (бихроматты әдіспен анықталған), мг О2/л суға.

ОБҚ/ОХҚ қатынастарына қарай отырып, заттардың биохимиялық тотығуының тиімділігін айтады.

Су обьектілеріндегі судың құрамы мен қасиеті өзен жармасындағы немесе ақпайтын су қоймаларындағы су алатын нүктеден радиусы 1 км-дей жердегі нормативтерге сәйкес болц тиіс.

Заттардың ШРК-ның шамасы әртүрлі болады, ол суды қолдану категориясының түріне байланысты келеді. Мысалы шаруашылық- ауыз су және мәдени-тұрмыстық жағдайға қолданылатын су обьектілерінің суында хлорорганикалық қосылыстың –гексахлоранның мөлшері 0,1 мг/л шамасында болуға рұқсат беріледі, ал балық шаруашылығына тұтынатын суларына бұл зат мүлдем болмауы тиіс.

Бір заттар организмнің ішіне түскенде ғана қолайсыз әсер тигізсе, екіншілері сырттай байланысқанның өзінде зиянды әсерін тигізеді, осыған байланысты іс-жүзінде әртүрлі шектеулер қолданылады. Мысалы, санитарлық шектеулерге сәйкес бір заттың суда болуы шомылу мен жуынуды шектейді, ал санитарлық-гтгтеналық шектеу басқа заттардың болуына қарай оны ішуге және тамақ пісіруге лимиттейді. Сондықтан, ШРК-мен қатар су обьектілеріне басқа шектеу нормативі – зияндылықты лимиттеу көрсеткіші (ЗЛК) қолданылады. Ол суды сандық жағынан емес, тек судың сапасына қойылатын талаптарды сипаттайды. ЗЛК үш түрге бөлінеді:


  1. санитарлық-токсикологиялық (заттардың адам организмін

және су жануарларын уландыруын сипаттайды);

  1. жалпы санитарлық (заттардың су обьектісінің жалпы санитарлық жағдайына, сондай-ақ өздігінен жүретін процестердің жылдамдығына тигізетін әсерін сипаттайды);

  2. органолептикалық (заттардың судың органолептикалық

қаситетін- иісі, дәмін, түсін, көбіктенуін өзгерту қабілетін сипаттайды, яғни адамның сезім мүшелерімен бағаланатын қасиеттер).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет