Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингі


Тапсырма Д Нитрат-анионын анықтау



бет21/57
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18503
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
Хим. экол. зерт-практикум

Тапсырма Д Нитрат-анионын анықтау

Жұмыстың мақсаты: нитрат-аниондарын судың кәдімгі компоненттері ретінде қарастырып, оларға сандық әдісті қолданып анықтау.

Құрал-жабдықтар және реактивтер:

1) Буландырғыш стақандар;

2) салицил қышқылының 10 пайыздық спирттік ерітіндісі;

3) концентрацияланған күкірт қышқылы;

4) шыны тачқшалар;

5) дистилденген су;

6) натрий гидроксидінің 20 пайыздық ерітіндісі.

Жұмыс барысы:

1) 1 мл суды буландырғыш стақанға құяды;

2) стақанның құрамын қайнап жатқан су моншасында 10-15 мин. ішінде құрғақ күйіне дейін буландырады;

3) стақанды бөлме температурасына дейін 10 -15 минут ішінде суытады;

4) бар құрғақ қалдықты сулау үшін, стақанға концентрациясы 10 пайыздық салицил қышқылының спирттік ерітіндісін қосады;

5) концентрацияланған күкірт қышқылының 0,5 мл қосады;

6) шыны таяқшамен құрғақ қалдықты қышқылмен араластырып, стақанның түбі мен қабырғасына жағыңыз;

7) 5 минут қоя тұрыңыз;

8) стақанның қабырғасын шайып өткендей, 3-4 мл дистилденген суды қосыңыз;

9) натрий гидроксидінің концентрациясы 20 пайыз болатын 5 мл ерітіндісін қосыңыз;

10) ерітіндіні өлшеуіш пробиркаға ауыстырып, үстінен 10 мл белгіге жететін дистилденген суды қосыңыз;

11) алынған ерітіндінің түсін, ақ фондағы үлгінің бақылау шкаласы мен салыстырыңыз. Алынған ерітіндінің түсіне сәйкес келетін мг/л нитрат-анион концентрациясының мәнін шкала үлгісінің анализ нәтижесі ретінде қабылдаңыз;

12) үлгінің бақылау шкаласын келесі түрде дайындайды: Нитрат-анионның концентрациясы 0; 5; 15; 30; 50 мг/л модельді ерітінділерін дайындау және оларды жоғарыда аталған әдістеме бойынша өңдеу.

Егер зерттелген ерітіндінің түсі шеткі үлгінің (50 мг/л) интенсивтілігінен асса, онда зерттелген суды 5 есе дистилденген сумен араластырып, зерттеуді қайталайды. Нәтижесін шығарғанда үлгінің араластыру дәрежесін есепке алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет