Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингі


Тапсырма Г Судағы бос көмірқышқылды анықтау



бет22/57
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18503
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
Хим. экол. зерт-практикум

Тапсырма Г Судағы бос көмірқышқылды анықтау

Жұмыстың мақсаты: бос көмірқышқылды судың табиғи параметрі ретінде қарастырып, сандық әдісті қолданып анықтау.

Ашық суаттардағы су 1 л-ге ауадан көлемі 0,3-0,5 см3 көмірқышқыл газын сіңіреді. Шындығында табиғаттағы су көмірқышқыл газын одан, бірнеше есе көп сіңіреді, бірақ суға түскен көмірқышқыл газы буферлік жүйені құрайтын бейтарап және қышқыл карбонаттарға байланысады. Осыдан суаттың тіршілігінде маңызды роль атқаратын рН-тың біршама өзгеруіне әкеліп соғады.

Судың көмірқышқыл газбен қанығуының басты көздері – организмдер, өндірістік және тұрмыстық ақаба сулар болып табылады. Тереңдеген сайын шіру процесіне байланысты, судағы көмірқышқылдың саны артып, оттегі азая түседі. Көмірқышқыл газы тірі клеткаға оңай өтеді. Жануарлар үшін көмірқышқыл газы токсинді. Өсімдіктер үшін көмірқышқыл газы, олардың ұлпа түзілуіне қажетті, көміртектің көзі болып табылады. Табиғи ластанбаған суаттарда судағы көмірқышқыл газының концентрациясы «гүлдеу» кезеңінде тәулік ішінде едәуір тұрақсыз келеді және ортаның рН өзгертеді.

Суаттарға ақаба сулардың келуімен, суда көмірқышқыл газдың құрамы кенет өсіп кетеді. Бос көмірқышқыл тұрмыстық ақаба сулардың ыдырау өнімінің тұрақсыз органикалық заттардың бірі болып келеді. Әсіресе суатқа өндірістік қалдықтарды тастаған кезде көмірқышқыл газдың концентрациясы өседі. Осыдан еріген оттегінің құрамы азайып, НзЗ пайда болады, көптеген гидробионттар тіршілігін жойып өзін өзі тазалау процесінің жүруі баяулайды. Сонымен, бос көмірқышқылдың болуы, суат жағдайының гидрохимиялық көрсеткішінің маңыздыларының бірі болып табылады.

Бос көмірқышқылды анықтау, әдетте, су үлгісін күйдіргіш натриймен немесе содамен титрлеу әдісімен жүргізіледі. Реакция келесі схема бойынша жүреді
NaOH + CO2 = NaHCO3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет