Көрсеткіштері: экзогенді улану (сапасыз тамақтар, у, арақ т.б.); эндогенді улану (уремия, бауыр жетіспеушілігі т.б.).
Қарсы көрсеткіштері: өңештің органикалық тарылуы; өңештен, асқазаннан қан кету;
ауыр жалпы жағдайлар (миокард инфарктісі; ми қан айналымының бұзылыстары және т.б.); 60-тан асқан адамдар; жүктіліктің екінші жартысы; асқазан ойық жарасы.
1. Науқасқа іс-шараның маңызын түсіндір;
2. Қолды жуып, құрғат;
3. Егер науқаста жасанды тістері болса, онда оны алып тастау керектігін ескерт;
4. Өзіңе және науқасқа алжапқыш кигіз;
5. Жуан асқазан зонды мен резеңке түтікті шыны түтіктің көмегімен жалғастыр ;
6. Науқасты орындықтың арқасына сүйеп, басын кішкене алға қарай еңкейтіп, кеудесінен сүлгімен жауып, отырғыз;
7. Зондттың ұзындығын кеңірсектен кіндікке дейін өлшеп алып, белгіле;
8. Зондттың соқыр ұшын оң қолда қаламсап сияқты ұстап тұрып, суға малып алып, науқастың тілінің түбіне қойып, науқастан мұрын арқылы дем алып жұтыңыз деп, жұтылған сайын зондтты белгіге дейін итеріп енгіз;
9. Зондтқа воронканы кигізіп, науқас тізесінен сәл төмендеу көлбеу қалыпта ұстап, су құй;
10. Воронканы жәйлап жоғарыға қарай көтер. Су воронканың мойына дейін келгенде, воронканы түсіріп, ішіне шайынды судың толғанын күт;
11. Воронкаға толған сұйықтықты тегенеге төк.
Шығарған сұйықтықтың мөлшері енгізілген судан кем болмауын қадағалау керек!
12. Воронканы қайта-қайта көтеріп түсіре отырып және шайынды су таза болғанша бірнеше рет қайтала (кейде 10-12 л дейін);
13. Воронканы зондттан ажыратып, зондтты сүлгі арқылы жәйлап шығар;
14. Науқасты бөлмесіне жіберіп, жағдайын қадағала.