Тақырып 3 Трематодоздар Трематодалардың сипаттамасы. Трематодалар – жалпақ құрттар, Plathelminthes түріне, Trematoda (сорғыш) класына жататын паразиттiк құрттар. Барлық трематодалар – паразиттер, олар адамдар мен жануарлардың әр түрлi мүшелерi мен ұлпаларында өмір сүреді. Трематодалардың дене пiшiнi жапырақ тәрiздi және шағын (0,1 мм-ден 10-15 см-ге дейн) болып келеді. Трематода денесi дорсо-вентральды бағытта жинақталған, үстi кутикуламен қапталған. Содан соң бұлшықет қабатымен бiрге терiлi-бұлшықеттi қап түзедi, онда iшкi мүшелер орналасады.
Трематодада бекiту, асқорыту мүшелерi, жүйке, экскреторлық және жыныс жүйелерi болады. Бекiту мүшесi емiзiкше болып табылады. Көбiне олар екеу (ауыз және құрсақ), сирек бiреу (ауыз) болады. Асқорыту жүйесi түбiнде ауыз тесiгi бар, ауыз емiзiкшесiнен басталады. Оның соңында жұтқыншақ (фаринкс) қысқа өңеш, iшек болады. Iшек екi бөлiктен тұрады, паразит денесiнiң артында бiтеледi.Трематоданың аналь тесiгi болмайды, сондықтан қорытылмаған азық қалдығы ауыз арқылы шығады. Жүйке жүйесi жұтқыншақ маңында орналасқан түйiндерден тұрады, олар дененiң әр бөлiгiне таралады.
Экскреторлық жүйе паразиттiң денесiнiң артқы бөлiгiнiң тесiгi экскреторлы түтiкпен аяқталатын өзекшенiң күрделi бөлiгiнен турады.
Трематоданың жыныс жүйесi күштi дамыған және өте күрделi орналасқан.
Трематодалар (Schistosomatata подотрядынан басқасы) – гермафродиттер (екi жынысты). Аталық жыныс аппараты бiр-бiр шәует жолына бөлiнетiн еннен тұрады. Олар бiрге қосылып, арнайы бұлшықет қабы – жыныс бурсасымен аяқталатын жалпы шәует жолын түзедi. Шәует жолының соңғы хитиндi бөлiгi циррус деп аталады. Ол жинақы мүшелердiң қызметiн атқарады.
Аналық жыныс аппаратында ұрық жұмыртқасының торшасын, жұмыртқа жолын жатыр түтiгi) бөлiп, жұмыртқалық пен шәуетқабылдағышты қосатын жұмыртқалық болады. Сондай-ақ оотипi сары денелермен көрiнедi, олар жұмыртқаларда қоректiк материалдарды өңдеп бөледi. Мелис денесiнiң секретi оотип пен жатырды шаяды, соның әсерiнен жұмыртқалардың жылжуын оңайлатады. Жатыры түтiкше тәрiздi болады. Оның бiр шетi оотиппен қосылған, басқа шетi қынап қызметiн атқарады. Әр түрлi трематодалардың клиникалыққы жыныс тесiгi әр түрлi дене бөлiгiне ашылады, жиi құрсақ емiзiкшелерiнiң алдына. Пiшiнделген жұмыртқалар клиникалыққы ортаға жатырдың клиникалыққы тесiгi арқылы түседi.
Трематода жұмыртқалары сопақ пiшiндi, сары түстi, бiр полюсiнде қақпақшалар болады.
Трематодалардың дамуы. Трематодалар – биогельминттер, олар Аралық иелерідiң ауысуымен (су және құрғақ жер моллюскалар), кейде қосымша (моллюскалар, балық, жәндiк) иелермен дамиды.
Жыныстық жетiлген мариттер клиникалыққы ортаға көп мөлшерде жұмыртқа бөледi. Жұмыртқаның клиникалыққы қабаты 4 бөлiктен тұрады: үш клиникалыққы қабаты механикалық зақымдардан, ал төртiншiсi – химиялық әсерден қорғайды. Қолайлы жағдайда жұмыртқадан 1-шi сатыдағы дернәсілдер – кiрпiкшемен қапталған мирацидий шығады. Мирацидий белсендi түрде моллюскаларға шауып, оның ұлпасына енедi немесе моллюскамен жұтылады. Кейде аралық иесi iшiнде мирацидий бар жұмыртқаны жұтады. Моллюскада мирацидий кiрпiкшелерiн жояды да, спороцистаға сосын редияға, редиядан церкарийға айналады. Церкарийлар моллюскадан шығып, құйрығының көмегiмен белгiлi бiр уақыт суда жүзiп жүредi де, өсiмдiк, тасқа жабысады, сосын құйрығын жойып, инвазиялық саты-адолескарийға айналады.
Қосымша иелердiң қатысуымен трематодалардың дамуында церкарий оның ағызасына түседi де, метацеркарийға айналады.
Дефинитивтi иелердiң ағзасына инвазиялық дернәсілдер шөппен немесе сумен түседi. Онда қабығы бұзылып, жас трематодалар әр түрлi жолмен маритке дамиды.
Ветеринариялық паразитологияға трематодалардың 5 подотряды маңызды болады.
Fasciolata – фасциолята – трематода дене пiшiнi мен көлемi әр түрлi. Ауыз емiзiкшелерi дененiң алдыңғы бөлiгiнде, құрсақ емiзiкшелерi оған жақын, ал сары денелер дененiң қабырға бойы орналасқан. Трематодалар бiр, кейде екi Аралық иелерімен дамиды.
Paramphistomatа – парамфистомата – осы подотрядтағылардың құрсақ емiзiкшесi жақсы дамыған және дененiң артқы бөлiгiне қозғалған. Олардың дамуы бiр аралық ие қатысуы мен дамиды. Ауылшаруашылық малдарының месқарынын зақымдайды.
Heteroрhyata – гетерофиата – ұсақ және орташа трематодалар. Екi Аралық иелерідiң қатысуымен дамиды, метацеркарий балық және шаянтәрiздiлерде болады. Етқоректiлердiң бауырының өт жолдарында жиi описторхтар кездеседi.
Echinostomatata – эхиностоматата – бұл адоральды дискпен қаруланған және қаруланбаған трематодалар. Олар екi Аралық иелерідiң қатысуымен дамиды, сондай-ақ олардың қосымша иелерi моллюск, балық болуы мүмкiн. Суда жүзитiн құстардың көп түрiн зақымдайды.
Sсhistosomatata – шистосоматата – бөлек жынысты трематодалар. Емiзiкшелерi әлсiз дамыған, жұмыртқалары түртiкшелермен жабдықталған. Бiр ғана аралық иенің қатысумен, яғни моллюскамен дамиды. Сүтқоректiлердiң және құстардың қан жүйесiн зақымдайды.