Тақырып 4 Ұйым және тиімді басқару Мақсаты: Ұйымның түсінігін, оның түрлерін анықтау. Жоспар


Орталықтандыру және орталықсыздандыру



бет19/22
Дата15.02.2022
өлшемі134,18 Kb.
#25562
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
4 тақырып

Орталықтандыру және орталықсыздандыру

Өкілдік басқару жүйесі әрдайым бірдей бола бермейді, ол әр түрлі себептерге байланысты жоғары немесе төменгі “қабатта” орналасуы мүмкін. Бірінші жағдайда басқару өкілділігінде орталықтандыру орын алады, ал екіншісі – орталықсыздандыру. Бұл жерде ескеретін жағдай, барлық өкілдіктер орталықтандырылған немесе орталықсыздандырылмаған болуы мүмкін. Толық орталықтандырылған болуға лимиттелген уақыт, білім, тәжірибе ресурсы кедергі болады, бір мезгілде сансыз көп проблемаларды шешу мүмкін емес және ақпараттың шексіз көлемін игеру мүмкін емес. Толық орталықтандырылмағандықтан мүмкін емес, өйткені кәсіпорын басқаруды жоғалтады және хаос жағдайына түседі.

Орталықтандыру бір қатынаста бір мезгілде басқадан кері процесті талап етеді. Проблемаларды шешуде жоғарғы басқару құрылымы оның төменгі қабатындағылардың көбісінің қабылдағанын қамтасыз етеді, бірақ оларға сапа қоспайды, оперативтілігін төмендетіп, бюрократиялық басқаруды күшейтеді.

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқару кеңінен дамығандай, тереңінен де дамиды. Бірінші жағдайды көрсетілген субьектінің бақылауындағы проблемалар санының көбеюі, екіншісі – олардың байсалдылығы мен нақтылығын зерттеу, кері жағдайда басқару иерархиясының төменгі қабатында жүзеге асуы мүмкін.

Орталықтандырылған басқарудың өкілдік деңгейі келесі жағдайларда анықталады:



  • шығынмен байланысты шешім қабылдау – шешім бағасы жоғары болған сайын, ол жоғары деңгейде қабылдануы қажет.

  • өткізілетін саясаттың біркелкілігін қамтамасыз ету мәселесі, бұл орталықсызданған кезде өте қиын.

  • кәсіпорын көмегімен – ол ірі болған сайын, әрекетті байланыстыру қиын болады, бұл жерде көлденен, байланыс артықшылығы пайда болады; ірі кәсіпорындарда максималды орталықсызданған өкілет қажет, ірі блоктарға бөлу керек, осы блоктарды басқару шешім қабылдау деңгейіне максималды түрде жақын бөлу қажет.

Орталықтандырудың деңгейін анықтайтын басқа факторлар: тарихи дамудың ерекшеліктері мен әдет-ғұрпы; жоғары басқарушылардың сипаты мен дүниетанымы; қажетті кадрлардың бар болуы; орталықтандыру өкілдік мүмкіндігінен өзін-өзі шектейтін әрекет сипаты; бизнес динамикасы – ол жоғары болған сайын, орталықсызданғанда жоғары болу керек; мемлекеттік реттеу түріндегі сыртқы күштер: әсіресе салық салу, профсоюз әрекеттері.

Бір түрлі өнім шығаратын ірі кәсіпорынның құрылуы жағдайында орталықтан басқару тенденциясы артық болады, өндіріс оған жақсы жағдайлар жасап отырды және артықшылықтарға мүмкіншілік берді, олар келесілер:

Біріншіден, басқару процесіне стратегиялық бағыттауды күшейту және кәсіпорын әрекетіне бағытталу көзіне ресурстарды қажетінше қамтамасыз ету;

Екіншіден, сәйкес шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін дәлелденбеген басқару функциясын жою (мысалы, әрбір салада бухгалтерия болудың орнына аз штаттық қызметкерлері бар бір бухгалтерия құрылды);

Үшіншіден, шешім қабылдаудың концентрациялық процесі жалпы жағдайды жақсы білетін, кең ой өрісі бар, терең білімі мен тәжірибесі бар адамның қолында.

Бірақ та, орталықтандыру өкілділігінің кері жақтары да бар: ақпаратты беруге көп уақыты кетеді, нәтижесінде маңызды бөлігі жоғалады немесе бұрмаланады; маңызды шешімді өмірден ажыраған және нақты жағдайды нашар түсінетін, сонымен бірге бұл жағдай жақсы таныс орындаушылар, шешім қабылдаудан шектетілген, шешім қабылдауды, оларға күшпен тапсыратын адамдар қабылдайды. Нәтижесінде басқару жеткілікті сапалы болмайды және тиімсіз болып табылады.

Өндірістік және ақпараттық процестің қиындауынан, кәсіпорынның шаруашылық субьектісінің саны және олардың тәуелсіз деңгейінің көтерілуінен, территориялық шашыраңқылық, конъюнктураның тез өзгеруінен, қабылданған шешім санының көбеюінен және т.б. басқаруды орталықтанбаған процесте жүргізуге қажеттілік туады. Бұл мыналарға рұқсат етеді:


  • біріншіден, тез өңдеп, шешім қабылдау, сонымен бірге тікелей орындаушылардың қатысуына;

  • екіншіден, бұл шешімдерде обьективті жағдайды анық көрсетуге;

  • үшіншіден, екінші деңгейлі проблемалардың болуын азайтып және ақпараттық ағымдық қысқартып орталықтағы инструкциялық детальдан бас тартуға.

Мұнда басқаруды орталықтандырмау тәжірибелік әрекетте ескеру қажетті теріс салдардың жанында болады; шешім қабылдауда процестің жекешеленуі және төменгі деңгейдегі басқару құрылымына көңіл аудару нәтижесі көбінесе әлсіз есепке алынады немесе кәсіпорынның басқа салаларындағы қызығушылығы толығымен көңіл бермейді. Нәтижесінде тактикалық сипаты бар шешім тиімділігі аз болып табылады. Жалпы ортақ ереженің және өндіру процесінің болмауынан келісім туралы шешім қабылдау ұзақ уақытты алады және көбінесе сәтсіз болады.

Орталықтанбау кәсіпорынға үлкен зиян әкелетін сепаратизмді алып келуі мүмкін.

Орталықтандырмаудың ең соңғы формасы ол оның толығымен болмауы. Ол әртүрлі құрылымда орын алады, яғни конгломератты түрдегі кәсіпорындарда. Бұл жерде ақпараттық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық, орталықтандыруда шығарылатын және таралатын ақша құралдары фонды байланыстары мүлдем жоқ. Бұл байланыстар қаржылық бақылаумен ұйымдастырылады.

Орталықтандырылмаған жүйені бұзбай шексіз болуы мүмкін емес, сондықтан бір кездері ол кері процесс орталықтандыруға айналады. Осылай, басқару жүйесінің икемділігі мен тұрақтылығын көрсететін “маятниктік тербеліс” пайда болады.

Құрылымдық бірліктің өзіндік көбеюіне тыйым салу әдісі “таңдаулы орталықтандыру” болып табылады. Бұл салаларға үлкен еркін әрекетті және басқарушылардың бірінші орынбасарына қатаң персоналдық бағынуды әкеледі.

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет