Тақырып 5 Цестодоздар. Тениидоздар Цестодалар және цестодоздар Цестодалар



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі18,36 Kb.
#135105
1   2   3   4
Байланысты:
паразит 5

Жыныс мүшелерi. Еркектік ағзалары бiр немесе бiрнеше, тiптi көптеген ұсақ еннен (аталық бездерден) тұрады. Олардан ен түтiктерi басталып, барабара бiр-бiрiмен қосылып, соңында дара кең түтiкке айналып, жыныс тесiгiмен аяқталады және клиникалықынан жыныстық сауытпен қоршалады. Аналық мүшелерi тұқымдық аналық безден (көбiнесе бiреу ғана), тұқымдық түтiктен, тұқым қабылдағыш, уыздық, Мелис денешiгi, оотип, қынап және жабық жатырдан тұрады. Аналық және аталық жыныс тесiктерi әр бунақтың бүйiрiнен ашылады. Шынжыр құрттардың жұмыртқалары бiркелкi, сондықтан бұлардың түрлерiн ажырату өте қиын. Жетiлген жұмыртқалардың бiтiмi сопақ, дөңгелек не шар тәрiздi болады, клиникалыққы қабығы жұқа, нәзiк, iшiнде ұрығы (онкосферасы) айқын көрiнедi. Онкосфера дегенiмiз алты iлмешектi ұрық. Ол қалың қабықшамен қоршалған, ал клиникалықын тарамдалған тағы бiр қабат эмбриофор қоршап тұрады. Онкосфера көбiнесе түссiз немесе сары, сарғышқоңыр түстi келедi.
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер. Яғни олар ақтық және аралық иелерiнiң қатысуымен өсiп-өнiп отырады. Аралық иелерi денесiндегi балаңқұрттардың ларвалдық сатыларын ларвоцисталар деп атайды. Олар iшкi құрылысының ерекшелiктерiне қарай бiрнеше түрге бөлiнедi.
Цистицерк (сycticercus) iшi сұйыққа толған, клиникалықы қалың дәнекер тоқыма қабықпен (қапшық) қапталған көпiршiк. Бұның көлемi, пiшiнi, аталуы цестода түрiне, жасына, организмде орналасқан орнына байланысты. Көпiршiктiң iшкi герменативтi қабығына бiр немесе бірнеше сколекс (қарулы не қарусыз) орналасуы мүмкін.
Ценур көпiршiгi – мұның iшкi қабығында бiрнеше (ондаған, жүздеген) сколекстер болады және олар топ-тобымен оқшауланып тұрады. Ларвоцисталар әдетте сүтқоректiлер ағзаларына орналасады. Эхинококк (Echinococcus) – бiр камералы қос қабықты көпiршiк, iшiнде мөлдiр сұйығы бар. Бұлар сүт қоректiлердiң көптеген түрлерін зақымдайды. Қазақшасы “берiш”, “бершiмек”. Iшкi өсу қабығына иненiң жасуындай жүздеген, мыңдаған құрттың ұрық сколекстерi немесе протосколекстерi орналасқан. Шығарушы қалташаның өзiнде де протосколекстер болады, олардың өсiп-жетiлгендері қалташадан ажырап, сұйық iшiнде өте уақ дақтар сияқтанып көзге iлiнедi (эхинококк “құмы”).Кейбiр бершiмекте ұрық сколекстерi дамымайды, мұндайларын ацефалоциста деп атайды. Кей жағдайда көпiршiктiң iшiнде екiншi буын, оның iшiнде үшiншi буын (“немере”) ұрпақтар туындап отырады, олар эхинококктiң қабықтарын тесiп жарып, клиникалықына да шығып, өсуiн жалғастыра бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет