Тақырып 9 Ерте сәбилік шақ және сол шақтағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдар



Дата04.11.2022
өлшемі2,65 Mb.
#47354

Тақырып 9 Ерте сәбилік шақ және сол шақтағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдар


Сензитивтік кезең. Баланың үш дағдарысы.
Баланың жеке басын қалыптастырудың негізгі кезеңі.
Суиндик Аида
Чавдурбаев Жарас
Тоқтарбай Перизат
Усербаева Айгерім
Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезеңі. Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдер кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивтік кезең деп атайды. Сензитивтік кезеңді әдетте метафора ретінде егіннің жақсы не нашар шығумен ұқсастырады. Әр жылдарда егіннің жақсы не наашар шығатын мезгілдері болатыны сияқты адамның соның ішінде баланың әр нәрсеге әуесқойлығы сезімталдығы түрліше болып кездесетін мерзімі бар. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген италияның педагогы Мария Монтессори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде кеңес психологтары Л.С. Выготский, Н.С.Лейтс осы жөнінде құнды пікірлер берді.
Сензитивтік кезең.
Сензитивтік кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. Әдетте 3 жастағы бала ана тілін меңгеріп қалғаны сол, ол осыны жоғары оқу орындарында 4-5 жыл ағылшын тілін оқығандардан артық білмесе, кем білмейді. АҚШ-тың тілшісі Э.Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп, сол тілді кейін жақсы білген солар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөніп қалғанан кейін оқытса,осыған көп уақыт және қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады. Осылай деу әбден дұрыс. Ал ақыл-ойға келсек, бұл тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасқа келмей ана тілін жақсы білетін болса ,ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толады. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кездері түрлі уақытта кездеседі.
Бала дағдарысы
Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе кезінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп санаған. әби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді.
Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады.
Бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі.
Бала тілінің шығуын мұқият бақылаған адам оқулықтарда бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар - сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Баланың жеке басының қалыптасуындағы алғашқы кезеңі
Сәбилік
мектепке дейінгі
Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры. Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балаларда зейін ырықсыз түрде дамиды. Негізгі ерекшелік – қызығушылық байланысты зейіннің дамуы. Бала өзін қызықтырған затқа, обьектіге, адам назарын қызықтаған уақытқа байланысты аударады. Ырықты зейін эгоцентрлік сөйлеуге байланысты дамиды. Бала алғашқы кезде ырықсыз зейіннен ырықты зейінге ауысу үшін шығара отыра талдау нәтижесінде жүзеге асады.
Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырқап қайғыруынан байқалады.Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептеліктер ме дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез ауысуы еске тез сақтап қайта жаңғырта алуы шапшаң қимылдап тез сөйлеу сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет