Тақырып №9. «Хvіі ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Иран»


XIX ғ. Иран. XIX ғ. басындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық құрылысы және саяси жағдайды



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі22,46 Kb.
#23443
1   2   3   4
Байланысты:
Азия Африка жана заман тарихы

3. XIX ғ. Иран. XIX ғ. басындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық құрылысы және саяси жағдайды.

Ұлыбритания мен Францияның Иранды өзіне қаратып алуға ұмтылуы, 19 ғасырдың басындағы орыс-иран соғысы Иранның Ұлыбританиямен, Франциямеп, Россиямен, Европаның басқа мемлеттерімен, сондай-ақ АҚШ-пен кіріптарлық шарт жасасуына әкеп соқты. Шетел капиталының енуі, Иранның европалық өнеркәсіп товарларын өткізетін рынокқа айналуы феодалдық құрылыстың дағдарысын күшейтті, әлеуметтік қайшылықтар туғызды. Үстем таптың бір бөлігі бұл дағдарыстан шығу жолын шет мемлекеттердің ықпалын тежеп, орталық өкіметті күшейтуден, ұлттық тәуелсіздікті ныгайтудан іздеді (мыс., Таш-хан Әмір Кебирдің реформалары).

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Иран империалистік мемлекеттердің жартылай отарына айналды. Патшалық Россия мен Ұлыбритания бірқатар телеграф, жол т. б. концессиялатын алды; ағылшын және орыс банкілері ашылды. 1901 жылы ағылшындар Иран мұнайын пайдалануға концессияға алды. 1909 жылы ағылшын-парсы мұнай компаниясын құрды. Иранның солтүстігінде патшалық Россия, оңтүстігінде Ұлыбритания қожалық етті, шетел товарларының бәсекесі ұлттық өнеркәсіптің өркендеуін тұншықтырды, қолөнерін әлсіретті, көпестерді жұтатты. Иранның ауыл шаруашылық сыртқы рыноктың қажетін өтеуге бейімделді.

19 ғасырдың аяғында парсылар, азербайжандар және кейбір басқа халықтар ұлт болып қалыптаса бастады. Ұлттық сана-сезім өсті, буржуазия ұлт-шылдық идеялар туды. Империалистік езушіліктің күшеюі мен әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі 1905-1911 жылдар антиимпериалистік және антифеодалдықИран революциясына негіз салды, оның барысында конституция жарияланды, меджлис шақырылды, титулдар жойылды т. б. кейбір прогресшіл өзгерістер жасалды. Ирандағы демократиялық қозғалыс 1908-1909 жылдар Тебриз көтерілісі кезінде күшейе түсті. Россиядан, әсіресе Закавказьеден келген революционерлер көтеріліске шыққан тебриздіктерге үлкен көмек көрсетті. Мұхаммед-Әлишаһ (1907 жылдан биледі) тақтан құлатылғаннан кейін, 1909 жылдың шілдеде өкімет басына либерал феодалдық - помещиктік топтар мен ірі сауда буржуазиясы келді; олар демократиялық қозғалысты тежеуге тырысты. 1911 жылдың аяғында ағылшын империализмі мен патшалық Россияның және Иран реакциясының біріккен күштері Иран революциясын басып тастады. 1-дүние жүзілік соғыс 1914-1918 жылдар кезінде Иран соғысушы мемлекеттердің соғыс қимылдары мен олардың агенттерінің әрекет жасайтын аренасына айналды.

6. 1905-1911 ж.ж. Иран революциясы: алғашарттары, басталуы, негізгі сатылары, барысы, басты оқиғалары.

Иран революциясы (1905-1911) - империализм мен феодализмге қарсы буржуазиялық революция. Оған Каджар әулеті бастаған билеуші реакцияшыл феодалдар тобы және оларды қолдайтын империалистер мен жаңадан пайда бола бастаған ұлттық буржуазия, шаруалар, қолөнершілер және жұмысшылар арасындағы қайшылықтар себеп болды. Бұл қайшылықтар Иранның 20 ғасырдың басында Англия мен патшалық Россияның жартылай отарына айналуына байланысты күшейе түскен еді. 1905-1907 жылдар орыс революциясы Иранға үлкен әсер етіп, революцияның басталуын тездетті. Иран революция 1905 жылдың аяғында жаппай ереуілдермен және Тегеран, Шираз, Мешхед т. б. қалаларда шаһ өкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы жалпы халықтық қызу демонстрациялармен басталды. Халық қозғалысының дүмпуінен қауіптенген шаһ 1906 жылы 5 тамызда конституциялық құрылысты енгізуге мәжбүр болды. 7 қазанда бірінші Иран мәжілісі ашылды. Ол шаһ өкіметіне шек қоятын Иран конституциясының бірінші бөлімін - Негізгі заңды жасады. Негізгі заң бекітілгеннен кейін (1906), революцияның бірінші кезеңі аяқталды. 1907 жылы революцияның екінші кезеңі басталды. Демократиялық және реакциялық күштер арасындағы күрес шиеленісе түсті. Революцияға қатысушылар арасында либералдық және демократиялық бағыт өріс алды.

1907 жылы 7 қазанда мәжіліс қабылдаған Негізгі заңға қосымшаларды бекітті. Иран конституциясының ең маңызды бөлімі болған бұл қосымшалар азаматтардың буржуазия праволарын енгізді. Империалистік елдер Иран революцияна қарсы болды. 1907 жылы Англия мен патшалық Россия өзара келісім жасасып, 1909 жылдың көктемінде Оңтүстік Иранға ағылшын әскерлері, Иран Азербайжаны меи Гилян қаласына патша әскерлері кірді. Бұл Иран реакцияшыларының жағдайын жақсарта түсті. Сөйтіп 1908 жылы 23 маусымда Мұхаммед-Әли шаһ патша офицерлері бастаған парсы казактар бригадасының күшімен контрреволюциялық төңкеріс жасады. Будан кейін революциялық күрес орталығы ИранАзербайжанына ауысып, 1908-1909 жылдар Тебриз көтерілісі басталды. Бұл революцияның ең жоғарғы сатысы - қарулы көтеріліске ұласып, кей жерлерде (Тебриз) қозғалыс басында демократияшыл топтар тұрды. Революцияшыл Тебризге Закавказье революционерлері үлкен көмек көроетті. Олар Тебризге еріктілер отрядтарын, қару-жарақ жіберіп, шаһ әскерлерімен шайқасқа қатысты.

Гилян революционерлеріне Г.К.Орджоникидзе бастаған Закавказье большевиктері көп көмек көрсетті. 1909 жылышілдеде гилян федайлары Мен бахтияр отрядтарының Тегеранға жасаған табысты жорығының нәтижесінде Мұхаммед-Әли шаһ тақтан түсіріліп, кәмелетке толмаған оның баласы Ахмед шаһ болып жарияланды. Бұдан кейін-ақ революция өзінің соңғы кезеңіне енді (1909-1911).

1911 жылышілдеде патша үкіметінің құпия қолдауымен Иранға бұрынғы шаһ Мұхаммед Әли келді. Курдистан қаласында оның інісі Салар-әд-Доул реакцияшыл бүліншілік көтерді. Реакцияның ескі тәртібін қайтадан орнатып, революция жетістіктерін жоймақ болған әрекеті халықты ызаландыра түсті. Бүкіл Иранда контрреволюцияға соққы беруді талап еткен жаппай митингілер мен демострациялар өріс алды. Сөйтіпқайтадан революцияшыл қарулы федай отрядтары құрыла бастады. 1911 жылдың күзінде Мұхаммед Әли мен Салар-әд-Доулдың қарақшылары біріккен үкімет күштері мен ерікті отрядтардан ойсырап жеңілді. Иран революция 1911 жылдың аяғында империалистік державалардың және Иран реакциясының біріккен күштерімен басылды.

Иран революция – 1905-1907 жылғы орыс революциясынан кейін көтерілген, империализм мен феодализмге қарсы толқынның бір бөлігі. Бұл толқын шығыста буржуазиялық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар заманын ашты.

Россиядағы социалистік революциясының ықпалымен 1918 жылыИранда антиимпериалистік және демократиялық қозғалыс өрге басты. Жұмысшы қозғалысы өрістеді, дженгелийліктер (партизандар) әрекетін жандандырды, елдің оңтүстігіндегі тайпалар ағылшын езушілігіне қарсы көтеріліске шықты. Иранның халықтары антиимпериалистік күресте Совет ұкіметінен зор көмек алды. Совет үкіметі патшалық Россияның Иранмен жасасқан кіріптарлық шарттар мен келісімдерінің бәрін жойды, орыс әскерлерін Ираннан әкетті. 1918 жылы ағылшын империалистері бұкіл Иранды басып алып, 1919 жылы оны кіріптарлық келісімге қол қоюға мәжбұр етті (Ағылшын-иран шарттары мен келісімдері).Иранда 1918 жылытамызда ағылшындардың бақылауымен құрылған үкімет жас Совет республикасы жөнінде дұпшандық саясат жүргізді. 1918 жылы 3 қарашада Тегерандағы совет миссиясы талқандалды, 1919 жылытамызда совет елшісі И. О. Коломийцев ақ гвардияшылдардың қолынан қаза тапты. Ағылшын оккупациясы және Восуг ад-Доуле үкіметінің реакцияшыл саясаты Иранда ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа күшті толқынын туғызды (1920 жылыИранАзербайжанында, 1920-1921 жылдар Гилянда, 1921 жылы Хорасанда). 1920 жылы Иран коммунистік партиясы (ИКП) құрылды.

1921 жылы 21 ақпанда Резаханның командованиесіндегі парсы казактарының бөлімдері мемлекеттік төңкеріс жасады. Сейд Зия-эд-Дин бастаған жаңа үкімет (онда Резахан әскери министр болды) жұртшылықтың қысымымен 1919 жылғы ағылшын-иран келісімің жойылды деп жариялауға мәжбүр болды, 1921 жылы 26 ақпанда совет-иран шартына қол койды (Совет-иран шарттары).

1929-1933 жылдар дүние жүзілік экономикалық дағдарыс Иран экономикасына, әсіресе оның ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Егіс көлемі азайды, помещиктердің түрлі алымдары, жанама салықтар өсті, жұмыссыздық көбейді. Бұл тап кұресінің шиеленісуіне, шаруа және жұмысшы қозғалысының өрістеуіне әкеп соқтырды. Алайда жұмысшылардыц, шаруалардың, тайпалардың қозғалыстары қарулы күшпен басылып отырды.

Совет-иран экономикалық және саяси қатынастары ойдағыдай дамыды, 1927 жылы кепілдеме және бейтараптық туралы совет-иран шартына қол қойылды. Бірақ 30 жылдардан бастап Иран ұкіметі СССР-мен достық катынаста болу саясатынан ауытқи бастады. Иранды совет еліне қарсы күресте бекініс ретінде пайдалантысы келген фашистік Германия бұл елге біртіндеп кіре бастады.

СССР-ге қарсы агрессияшыл соғысты бастағаннан кейін фашистік Германия Ирандағы антисовет әрекетін одан әрі күшейте түсті. Совет үкіметі 1941 жылытамызда (1921 жылғы совет-иран шарты негізінде) Иран жеріне уақытша әскер енгізуге мәжбүр болды; мұнда ағылшын әскерлері, 1942 жылдың аяғында американ әскерлері де енгізілді (соғыс біткен соң одақтастардың әскерлері Ираннан әкетілді). 1941 жылы 16 қыркүйекте Реза-шаһ тақтан өз еркімен бас тартты. Оның баласы Мухаммед Реза Пехлеви шаһ болды. 1942 жылы 29 қаңтарда СССР, Ұлыбритания және Иран арасындағы одақ туралы шартқа қол қойылды. СССР мен Ұлыбритания Иран территориясының тұтастығын, суверенитеті мен тәуелсіздігін құрметтеуге, оны қандай мемлекеттің болсын агрессиясынан қорғауға міндеттенді. Иран өз тарапынан одақтас мемлекеттермен ынтымақтасуға міндеттеме алды. 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға қарсы соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына қатысқан жоқ. Үш одақтас мемлекеттік басшыларының Тегеран конференциясында 1943 жылы 1 желтоқсанда қабылданған Иран туралы декларациясында СССР, АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері Иранға әкономика жағынан барынша жәрдемдесуге, оның толық тәуелсіздігін, суверенитетін, территориясының тұтастығын сақтауға әзір екеңдіктерін мәлімдеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. История Востока в шести томах. – М., Изд. «Восточная литература» РАН, 1999-2008. Васильев Л.С. История Востока. В 2 т.;

  2. Учеб. по спец. «История». – М., 1998. Новейшая история стран Азии и Африки: XX век: в 3 ч.: учебник для студентов вузов/ред. А.М. Родригес, М.:ВЛАДОС.-(Учебник для вузов). Ч.3.-2004.

  3. Новейшая история стран Азии и Африки. 20 век: в 3 ч.: учеб. для вузов/ред. А.М. Родригес, М.: Владос. - (Учебник для вузов) . Ч.2:1945-2000.-2004.-315 с.

  4. Новая история стран Азии и Африки 16-19 века : в 3 ч.: учеб. для вузов/ ред. А. М. Родригес, М.: ВЛАДОС.-(Учебник для вузов). Ч.3. -2004.- 511 с. Бузов В. И. Новейшая история стран Азии и Африки (1945-2004: учеб. пособие / В.И. Бузов; ред. А.А. Егоров, Ростов н/Д: Феникс, 2005. -575 с. - (Высшее образование)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет