Тақырып: «А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбановтың етісті жіктеулері» Орындағандар



бет1/4
Дата20.05.2023
өлшемі36,59 Kb.
#95559
  1   2   3   4

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті (КазНПУ)
СӨЖ
Тақырып: «А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбановтың етісті жіктеулері»

Орындағандар: Кендебаева Сымбат,
Көшкінбай Мадина, Сайран Ақерке
Қабылдаған: PhD доктор: Дюсембина Гүлсамал
Тобы: КРО 1курс

Алматы қаласы 2023 жыл


Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
2.1. «Етіс» термині
2.2. А. Байтұрсынұлының жіктеуі
2.3. Қ. Жұбановтың жіктеуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Түркітануда, оның ішінде қазақ тіл білімінде етіс категориясы ғалымдар назарын аудартып, көптеген талас тудырып келеді. Етісті антропоөзектік тұрғыдан зерттеп, оның тілдік табиғатын ашу етістің өзіндік ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Сол арқылы тіл білімінде талас тудырып жүрген көптеген мәселелер өз шешімін табады. Ғасырдан астам уақыт бойы сөз болғанмен, бұл мәселе төңірегінде әлі де шешіле қоймаған түйткілдер баршылық. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілер етісті бірде етістік (А.Казембек), бірде форма, формация (Н.И. Ильминский), бірде вид («Грамматика алтайского языка») деп түрліше атаған.
Қазіргі функционалды грамматиканың негізгі жаңа бағыттары сөз сөйлеу қызметі арқылы тілді функционалды семантикалық тұрғыдан зерттеуге бағытталып отыр. Қазіргі лингвистикада функционалды грамматиканың негізгі категориялары мен ұғымдары жалпы орыс тіл ғылымында сондай – ақ қазақ тілші ғалымдарының еңбектерінде жан-жақты қарастырылуда. Дәстүрлі грамматикада етіс, етістік категориясы туралы А. Байтұрсынов, А.Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтан бастап басқа қазақ тілші ғалымдардың еңбегінде кеңінен қарастырылған болатын.
Негізгі бөлім
2.1. Етіс – қимылдың іс-әрекеттің орындаушыға қимыл иесімен тура істелетін істің қатысын білдіру үшін, етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі.
Яғни, етістіктен етістік тудыратын жұрнақтардың жүйесі етістер я етіс категориясы деп аталады.
Жалпы етіс ұғымы – семантикалық қызметтерінің негізінде біріккен қимылдың уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін (морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лексикалық, лексика-грамматикалық т.б.) тілдік құралдардың жиынтығынан тұратын функционалды-семантикалық категория ретінде жалпы тіл ғылымында қарастырылып жүр. Жалпы тіл білімінде етіс жеке сала ретінде қалыптасқанымен түркітануда оның функционалды-семантикалық категория ретінде танылуына қатысты шешілмеген бірқатар мәселелер болды. Етіс категориясының функционалды–семантикалық өрістегі қызметін ашу үшін оның дәстүрлі грамматикадағы қызметі негізге алынады.Құрылымдық лингвистикада етіс категориясы туралы аз жазылған жоқ. Олардың бастыларына тоқтала кету керек, себебі функционалды грамматика да жалпы грамматикалық заңдылықтың негізгі іргетасынан өрбиді. Етістің сөз қызметіндегі функциясын анықтау үшін құрылымдық тұрғыдан қарастырылған категориялық заңдылықтарына назар аударуға тура келеді. Етіс категориясы негізгі етістен өрби отырып, жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. ортақ етіс-с (-ыс, -іс),

  2. өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір), -ғыз/ гіз, қыз/кіз

  3. ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),

  4. өздік етіс -ын (-ін, -н)

2.2. Тіл білмінің басқа салаларымен етістің байланысын көрсетпек бұрын етіс ерекшеліктерін толығырақ ашу мақсатымен қазақ халқының тілшісі Ахмет Байтұрсынұлының етіс жайлы ғылыми көзқарасын қарастыруға бетбұрыс еттік. Бұл бағытты дұрыс алға қоюымен байланысты ғалымның сөз өнерін зерттеуге арналған әдістемелік ұстанымы басшылыққа алынды. А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» деген еңбегінде етіс он түрге бөлінеді деп жазады. Ғалым етістікке он түрлі етіс бар деп көрсеткен:



  1. сабақты етіс

  2. салт етіс

  3. ортақ етіс

  4. өздік етіс

  5. өзгелік етіс

  6. беделді етіс

  7. ырықсыз етіс 

  8. шығыс етіс

  9. дүркінді етіс

  10. өсіңкі етіс.

Әрқайсысына тілші-ғалымның берген анықтамаларын үлгі тұтсақ,олар төмендегідей мәліметтерге тіреледі:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет