Тақырып Адамның ерік қасиеті және өзін-өзі реттеу психологиясы Қарастырылған мәселелер



бет2/3
Дата29.09.2023
өлшемі19,68 Kb.
#111311
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
4 дәріс.

Еріктің атқаратын қызметі
Еріктің келесі функцияларын жіктейді:
- Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;
- Мотивацияның жетіспеушілігінен немесе көптігі кезінде әрекетке итермелеуді реттеу;
- Адам орындайтын адекватты әрекеттер жүйесіне психикалық процестерді ұйымдастыру;
- Қойылған мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге бағытталған психикалық және физикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.

Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы
- Саналы мақсаттардың қойылуы (құмарлық, тілек, талпыныс);
- Шешім қабылдау (мотивтер күресі, басқа талпыныстардың пайда болуы);
- Жоспарлау және ұйымдастыру (тәсілдер мен құралдарды таңдау, орындаудың бірізділігін орнату, ішкі және сыртқы кедергілерді есепке алу), орындау.
- Мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шарты ретінде көрінеді.
Еріктің амал кезеңдері
1) Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі)
2) Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)
3) Ниет тілектердің пайда болуы
4) Ниеттер тартысы және оның біреуін қалау
5) Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің біреуін қалау
6) Тоқтамға келген шешімді орындау [5, 207б.].


Ерік сапалары:
Р.Ассаджиоли төменгі ерік сапаларын бөліп көрсетеді:
1) қуаттылық – динамикалық күш –қарқындылық; бұл сапа мақсатқа жетудің күрделігімен анықталады;
2) шеберлік – бақылау - тәртіптілік. Бұл сапа ерікпен басқа психикалық функциялардың реттелуі және бақылануы;
3) шоғырлану – жұмылу – зейін, бұл сапаның объектіге әсер етуде және тартымсыздығында маңызы ерекше;
4) шешімділік – жылдамдық – ептілік шешім қабылдауда көрінеді;
5) табандылық – беріктілік – шыдамдылық;
6) бастамашылдық – ерлік – шешілу; бұл тәуекелге бел буу;
7) ұйымдасқан – ықпалдастық – жинақтау. Ерік бұл жерде міндетті шешудегі барлық құралдарды ұйымдастырушы.
Қазіргі психология ғылымында келесі ерік сапаларын жіктейді:
- мақсатқа ұмтылыс;
- принциптілік;
- дербестік;
- бастамашылдық;
- шешім қабылдағыштық;
- табандылық;
- ұйымдасқандық;
- батылдық;
- тәртіптілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет