Тақырып Ақпарат қорғау жүйесін жобалау негіздері



бет24/26
Дата27.11.2023
өлшемі423 Kb.
#129810
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Гронсфельд шифры


Гронсфельд шифры деп аталатын бұл күрделі ауыстыру шифры Цезарь шифрының өзгертілген бір түрі болып табылады. Ол үшін негізгі хабар әріптерінің астына сандар түріндегі кілттің цифрлары жазылады. Егер кілт хабардан қысқа (аз) болса, онда кілттің цифрлары қайталана береді. Мысалы, кілт ретінде 3514 санын қолдана отырып ОПТИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ хабары үшін келесі шифрмәтін алынады



Хабар

О

П

Т

И

К

А

Л

Ы

Қ




Қ

О

Р

Ғ

А

У

Кілт

3

5

1

4

3

5

1

4

3




5

1

4

3

5

1

Шифрмәтін

Р

Ұ

У

Л

М

Ғ

М

Ю

Н




О

Ө

Ұ

Ж

Ғ

Ұ



2.1.10.Вижинер шифрлау жүйесі


Вижинер ((1523-1596), Римдегі француз елшісі, өзінің шифр жүйесін ойлап тапқан. Виженердің шифры 400 жыл бойы кері шифрланбайтын деп саналған, сондықтан әскери шифр ретінде кеңінен қолданылған).
Вижинер жүйесі Цезарь шифрлау жүйесіне ұқсайды. Шифрлау кестесі Вижинер кестесі деп аталады. Вижинер кестесі n2 элементтен тұратын квадраттық матрица болып табылады. Бұл жерде n – қолданылатын алфавит символдарының саны. Бірінші қатарда алфавиттің барлық әріптері жазылады. Әрбір келесі қатарда бір әріпке ығыстырылады. Осындай әрекетті аяғына дейін қайталаудың нәтижесінде қатар саны бағанның (алфавит әріптерінің) санына тең квадрат кесте құрылады. 6-суретте қазақ тіліне арналған Вижинер кестесі көрсетілген. Кестенің екі кірісі бар: негізгі ашық мәтіннің әрпін анықтайтын жоғарғы қатардың символдары және кілттің сол жақтағы шеткі бағаны.
Шифрлау (және кері шифрлау) үшін Вижинер кестесін қолдануға болады. Шифрлауды орындау үшін әріптерден тұратын кілт таңдап алынады. Шифрлау былайша жүргізіледі. Толық кестеден бірінші қатар және бірінші әріптері кілттің әріптеріне сәйкес келетін қатарлар іріктеліп алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет