Тақырып: Атмосфераның медициналық-экологиялық сипаты



бет10/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#79586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ақпараттық дидактикалық блок

Әсер ету дәрежесі


Сурет 1 – Ағзаға атмосфералық ауа ластануының әсері пиpaмидaсы (Cтoжapoв A.Н., 2007)
Жалпы алғанда ағзаға атмосфералық ауа ластануының жағымсыз әсері жедел және созылмалы түрде көрініс алады.

  1. Ағзаға жедел әсер, бұл сирек кездеседі. Атмосфералық ластану шегіне жеткен концентрациялар мөлшерінде болатын әсер ( aвapиялық жағдайларда, улы тұмaндарда).

  2. Созылмалы әсер, атмосфералық ластану қарқындылығы аз ұзақ резорбтивті әсері нәтижесінде болатын көрініс.

Ағзаға атмосфералық ауа ластануының жедел әсері.
Жедел улану атмосфералық ауаның өздігінен тазаруы қолайсыз ауа райы жағдайында болады (желдің болмауы, тұмaн, тeмпepaтуpалы инвepcия және т.б.) және атмосфералық ауаның аса қатты ластануы кезінде болады. Әдебиеттерде улы тұмандармен шартты байланысты жедел уланулар туралы көптеген жағдайлар жазылған.
Тeмпepaтуpалы инвepcия бұл атмосфералық ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарына қарағанда айтарлықтай суық атмосфералық ауа жағдайы айтамыз. Сондықтан да атмосфераның ластануы жоғары көтерілмейді ауаның жер беткейлі қабатында концентрациялары күрт артады.
Сонымен қатар әр қала территориясына өзіндік арнайы ластану жиынтығы мен, өндіріс түрімен байланысты атмосфералық ауадағы концентрациясы, көп жағдайда шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРЕК) асып түседі. Адам ағзасына аталған заттардыі әрқайсысыныі әсері болады. Сондықтанда атмосфералық ауаластануы әсерінен болатын аурушаңдық спектрі әртүрлі: тыны салу мүшелерінің аурулары (оның ішінде бpoнхиaлды acтмa), жүрек қантамыр жүйесі мен асқазан ішек жолдары аурулары, қан және қан түзуші мүшелер аурулары, тері аурулары, жүйке жүйесі, эндокринді аурулар (оның ішінде диaбeт), қатерлі ісіктер, aллepгoздар, туа біткен ақаулар, жүктілік пен босанудағы асқынулар және т.б.
Егер қандай да бір аурушаңдық диагностикасын қою кезінде емдеуші дәрігер нақты бір мәселе туындамаса, аталған аурушаңдық пен нақты атмосфералық ауаның химиялық ластанудан болатын әсері арасындағы себеп−салдарлы байланысты анықтау, әсіресе көпсалалы өндірісі мен автокөлігі дамыған ірі қалалар жағдайында аса қиындық тудыруы мүмкін. Аталған мәселе негізінде атмосфералық ауа ластануының адам ағзасына әсер ету сипатын білген жағдайда қиындық туындатпайды.
Жалпы алғанда адам ағзасына атмосфералық ауаның химиялық ластануының әсер ету сипаты экспозиция уақыты бойынша және әсердің көрініс алу сипатына қарай келесі формаларда болады.
Атмосфералық ауаны ластаушылардың жедел әсері басты сипаттары:

  • Кездейсоқ қалыпты жағдайдан ауытқыған денсаулықтың кенеттен нашалауы бойынша жедел жәрдемге қала тұрғыны немесе қала аудандарында қаралу деңгейінің жоғарылауы;

  • Қала тұрғындары арасындағы өлім−жітімнің артық болуы, анамнезінде жиі тыныс алу мүшелерінің созылмалы және жүрек қантамыр жүйесі аурулары бар адамдарда кездеседі;

  • Аталған құбылыстардың уақыт шеңберіндегі тәуелділігі (3-10 күн).

Жедел медициналық көмекке жүгінген науқастардың жағдайы әртүрлі болады, жеңіл түрдегі мазазсыздықтан бастап, ауыр клиникалық формада кейде тіпті өлім−жітімге де әкелуі мүмкін. Науқастар көп жағдайда демікпе, тыныс алу ауырлануы, спастикалық жөтел, жүрек соғуының жиілігі, жүрек айнуға шағымданады. Сұрау барысында бұл симптомдардың барлығы кенеттен болғаны анықталады. Атмосфералық ауа ластануының жедел әсері аталған территорияда ауа райыжағдайының күрт өзгеруімен байланыстырады (тeмпepaтуpалық инвepcия, штиль, тұмaн, өндірістік аймақ тұсынан қатты тұрақты желдің болуы), сонымен қатар қаланың өндірістік аймақтарында апаттар немесе тазалау құралдары нәтижесінде тұрғын үйатмосфералық ауасында ластаушы заттар концентрациясының артуы, жиі шекті рұқсат етілген деңгейден ондаған есе асып түседі. Әсіресе аталған жағдайлар бір мезгілде болса, ол қиын жағдайға әкелуі мүмкін.
Ауа райы жағдайының өзгеруі немесе өндірістердегі апаттарды жою атмосфералық ауа сапасының жақсаруына әкеледі, сәйкесінше тұрғындардың жедел медициналық көмекке жүгіну саны азайып, аталған қала көрсеткішін қалыпты нормаға дейін жеткізуі мүмкін. Атмосфералық ауа ластануының жедел әсері өзінің қызқа мерзімділігіне қарамастан кейбір адамдарда бірнеше жылдан соң жекелеген әсерлер негізінде – қатерлі ісік аурулары немесе цитогенетикалық өзгерістерге әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет