Тақырып: Атмосфераның медициналық-экологиялық сипаты



бет7/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#79586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Ақпараттық дидактикалық блок

Aзoт (N2). Aтмocфepалық aзoт органикалық қосылыстарға айнала отырып, ыдырау барысында қайтадан атмосфераға шығарылады.
Азот индифферентті газдарға жатады. Ауаның азоты әдетте оттегіні сұйылтатын рөл атқарады. Таза оттегімен тыныс алуы адам үшін қауіпті, өйткені оттегі күшті тотықтырғыш, адамға айқын улылық әсер береді, тыныс жолдарының шырышты қабықтарында күіктер, өкпеде сулы ісік тудырады, бұл өлімге әкеп соғады. Азоттың ағзаға жоғары қысыммен түсуі наркотикалық әсер береді. Ал оның ауадағы мөлшері 93% дейін жоғарылауы, оттегінің парциалды қысымының төмендеуінен дамитын гипоксияның салдарынан, өлімге әкеп соғады.
Мұндай жағдайда суда жүзушілер себепсіз көңіл күйінің шабыттануы, эйфория сияқты белгілерімен азоттың есірткі әсері бар белгілерімен көрініс алады. Қазіргі уақытта суда жүзушілер аса жоғары тереңдікте гелий оттекті қоспамен дайындалған ауамен тыныстайды, яғни азот ауада инертті газ ретінде жүреді (Пивoвapoв Ю. П., 1999).
NO (азот тотығы). Азот тотығының негізгі мөлшері антропогенді болып келеді. Азот тотығы қос тотыққа дейін тез қышқылданады.
Жаз кезінде күн сәулесінің қарқындылығына байланысты азот қостотығының қышқылға айналу жылдамдығы – 50 % 12-14 сағат аралығында жүреді. Ауада тез ерігіш әсерінен (бұлт, жауын) азотты қышқыл ылғалды ортада сыртқа шығарады.
Азот тотығы мен қостотығы аса улы, тыныс алу жолдары мен өкпеге түскен кезде қабыну .дістерінің пайда болуына әкеледі. Азот тоытығы әсерінен метгемоглобин пайда болып, қан қысымы төмендейді.азот тотығы бас айналу, естен тану, құсу, демікпе тудырады. Азоттың қостотығы жөтел, түшкіру, сілекей ағу тудырады.
CO (көміртегі тотығы). Органикалық заттардың толық жанбауынан пайда болады. Ауаның СО ластаушы көздері: aвтoтpaнcпopт, мeтaллуpгия зауыттары, мұнай−газ өндірісі, энepгeтикa.
CO гемоглабинді белсенділігін тежейді, ұлпалардағы оттегі жетіспеушілігін тудырып, жүйке және жүрек қантамыр жүйелерінің бұзылыстарына әкеледі. СО пaтoгeнeзі - карбгемоглобин түзу қабілеті бар, ұлпаларға оттегіні тасымалдау үрдісіндегі сандық және сапалық өзгерістерге әкеледі.
Соңғы уақытта көміртегі тотығы (CO) атеросклероз дамуына да әсер етуі анықталған. Балалар ағзасы мен респираторлы бұзылыстар, коронарлы жетіспеушілігі бар адамдар аса сезімтал болып келеді. СО әлсіз ауадағы концентрациясының өзі психикалық ауытқулар тудыруы мүмкін. Ауадағы жоғары концентрациялы СО бас айналу, шамадан тыс тітіркену, жүрек қағысының артуы, ұйқы бұзылыстарына әкеледі.
Ауада СО салыстырмалы түрде тез CO2 айналады. Оның улылығы тұрақты қосылыс түзіп, гемоглобин, қан пигментімен қосылып ағзаа ұлпаларына оттегіні тасымалдауға жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет