Тақырып Қазақстан ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы кезінде Мақсаты



Дата16.05.2023
өлшемі16,25 Kb.
#93809

Тақырып 2. Қазақстан ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы кезінде
Мақсаты: Қазақстанның ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы кезіндегі жағдайы туралы түсінік беру
Жоспар:
1.Қазақстанның әлеуметттік-экономикалық жағдайы
2.Қазақстандағы революциялық белсенділіктің өсуі
3.Қазақстандағы қос өкімет және оның саясаты
4.Жер мәселесі және ұлттық мәселе
Патшалы Ресей заманында әр қилы зорлық-зомбылықты көріп, алдағы күндерге үміт артқан қазақ зиялылары 1917 жылғы ақпан буржуазиялық төңкерісі жеңіп, патшаның тақтан түскені туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алды. Өйткені бұл төңкерістен күткені көп болған. Осы қазақ зиялыларының көш басшысы Әлихан Бөкейханов "Қазақ" газетіне Минскіден телеграфпен сәлем жолдады. Онда былай делінген: "Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сиыспауларды тастау керек, көксерлік жұмыстарың - бірлік, адалдық болсын!, "Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика"Бұл жеделхаттағы негізгі ой сол тарихи кезеңдегі жалпы ұлттық мүддеге сай келді, содан туындады.
Халықтың өмір бойы армандаған ұлы азаттығын әкелген бұл бостандықты баянды етіп, өзге өркениетті елдердің қатарынан қалмас үшін бай-кедейге,төре-қараға бөлінбей, ортақ іске жабыла қызмет етуге шақырды. Қазақ халқының оқығандары өз кезінде, орыс интеллегенциясының бағыт-бағдарын таңдап, солардың көшіне ілесуі заңды құбылыс болатын. Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі саяси жағдайды былай деп көрсетеді:"Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, қазан төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз болды. Олар алғашқы төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкерісіне деген мұндай қатынасы әбден табиғи әрі түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлық-зомбылығынан құтқарғандығында және екіншіден, олардың өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түскендігінде еді". Ақпан төңкерісінің нәтижесінде елде қос өкімет құрылды: буржуазиялық уақытша үкіметпен қатар, халықтық өкімет органдары ретінде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды.
Патшалық Ресей құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ зиялылары да уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетті. "1917 жылы наурызда Қазақстанда барлық жерде уақытша өкіметтің жергілікті органдары кәсіп иелерінің, көпестердің, шенеуніктердің мүдделерін білдіретін облыстық және уездік атқару комитеттері құрылды"Уақытша үкімет өзінің саясатын жүзеге асыруда комитеттер мен қоғамдық негіздегі ұйымдарға сүйенді.
1917 жылы 5 наурызда Семейде қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық
атқару комитеті құрылып, оның төрағасы болып К. Н. Ляшкеевич айланды. Сарыарқа газетінде бұл жөнінде: "5-мартта облыс билігін, әмірін атқарып тұрған Семей областной исполнительный комитеті ашылды. Комитетке әрбір ұйым қауымнан екі-екі кісіден мүшелер кірді. Қазақ ішінде бұрын ұйым қауымының жоқтығынан бұл комитетке бізден кісі алынбады" Уақытша үкімет патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерін таратты. Патшаның тақтан түскенін, жергілікті патша билігінің өкілдері орнынан
алынғанын естіген халық пен алдыңғы ұлт зиялылары еркін әрекет ете бастады. Осылай ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда демократиялық қозғалыс кеңейе түсті. Тарихшы Кеңес Нұрпейсовтің: "Февраль революциясынан кейінгі алғашқы айларда кейір аудандарда бір кезде бүкіл өкімет билігін өз қолына алуға тырысқан бірнеше ұйымдар қатар әрекет жасады. Мәселен, Қазақстанның көптеген қалаларында Уақытша үкімет органдары және Советтермен қатар қырғыз - қазақ комитеттері, казачествоның әскери басқармалары, қалалық думалар, земство органдары т.с.с. қатар өмір сүріп, олардың әрқайсысы саяси өкімет билігіне ие болуға тырысты",-деген/пікірін қуаттай отырып, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі түрлі ұлттық, қоғамдық негізде құрылған ұйымдар мен өкімет орындарының қарым-қатынасына келейік.
Қазақстанда таптық, әлеуметтік, ұлттық мүдделерді арқау еткен партиялар мен қоғамдық - саяси ұйымдар осы жерде шоғырланды. Өз мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыру барысында пікір қарама-қайшылығы салдарынан бір-біріне қарсы болып, әр ұйым өз мүдделерін жүзеге асыруға күш салды. Осы кезеңде жергілікті саяси ағымдардың бірнеше тобы топтасты. Олар: социал- революционерлер (эсерлер), социал-демократтар (меньшевиктер), "халық бостандығы партиясы" (кадеттер) ал, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдарға келсек оған жұмысшы және солдат депутаттар кеңесі, шаруа депутаттар кеңесі, облыстық қырғыз комитеті, орман комитеті, Әскери шаруашылық басқармасының жанындағы казактардың жер комиссиясы кіреді Ақпан төңкерісінен кейін жалпы қазақ және облыстық қазақ съездерінде және барлық баспасөз беттерінде қазақ зиялыларының Ресейдің мемлекеттік басқару түрі қандай болу керектігі
жөнінде кең көлемде талдаулары жүргізілді. Барлық қарарларда демократиялық- федарациялық республика орнату мен ұлттық құқықтық автономияға да орын беру мәселесі айтылды Күн тәртібінде қойылған мәселелердің Үшінші тарауында елді басқару жүйесі жөнінде: "Осындай мемлекеттің толықсып тұрған кезінде халықты билейтін күшті ұйым керек. Ол үшін тұқымының, тобының, нәсілінің, дінінің басқалығына қарамай, халықтың санына қарай кісі кіретін, азды қорғайтын жалпы комитеттер ашу өте қажет",- деп ұлтаралық қатынасқа назар аудара отырып, екі комитеттің бірігу жөнінде шешім қабылдап, нәтижесінде қазақтан 20 кісі облыстық атқару комитетіне мүшелікке қабылданды.
Бекіту сұрақтары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет