Тақырып: «Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті» КӨшпенділер өркениетін зерттеу мәселелері



бет2/3
Дата20.10.2022
өлшемі2,07 Mb.
#44382
1   2   3
Байланысты:
Мәдениеттану қазақ мәдениеті

Көшпелілік қалыптасты.
Зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Зерттеушілер
көшпелі қоғам тарихының қалыптасуына көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темі ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі. Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні
зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл —
сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің,тұрмысының Ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз,олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды.Ал отырықшы халықтардың мәдениеті бөтен мәдениет болып қала береді»,-дейді.Бұл мүлде қате пікір.
Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді,ертұрман,ат әбзелдерін,теріден,ағаштан жасалған
ыдыс-аяқтарын,бесігін,басқа да тұрмыстық заттарын жатқызымыз.
Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы-егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын,қамтығанның өзінде көшпелі
қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Ш.Уалиханов қазақ халқының рухы туралы айта келе, ол оның керемет
екендігіне арнайы тоқтап, суырып салма ақындардың жадының
ғажаптығына таңғалады. Даланың өмірін жан-жақты жырлайтын
фольклорлық туындылардың бізге сол қалыпында өзгеріссіз
жеткендігін атап көрсетеді. Ол көшпелі және сауатсыз орданың
ауызша жеткен деректерінің осындай адам нанғысыз дәлдігі шын
мәнінде ешбір күмән келтірмейтін шындық екендігін мойындайды.
Жалпы қазақ халқының тарихында, оның мәдени дамуында музыка
мен поэзияның алатын орны ерекше. Олар этностың бірігуіне, ұрпақ
байланысының үзілмеуіне жағдай жасап, көшпелі қоғамның
эстетикалық құндылықтарын дүниеге әкелді деуге болады. Олай
болса, А.Затаевичтің қазақ даласы – музыка теңізі дегені бекерденбекер айтылған сөз емес шығар
Біз жоғарыда әңгіме қылған көшпенділер тәжірибесі мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде көбіне-көп өнерде көрініс тапқан. Әлемді тану, өзін-өзі тану арқылы қазақтардың тек өзіне ғана тән болмысы қалыптасты. Бұл қазақтардың қоғамдық-экономикалық дамуындағы өзіндік сипаты мен олардың қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдауының айрықша, басқаларға ұқсамайтын ерекшеліктеріне байланысты еді. Экономикалық жағынан алып қарасақ, көшпелі қоғамға тән өндіріс тәсілі ғасырлар бойы онша көп өзгере қойған жоқ.
Мәдениет адам тәжірибесін жинақтап, сақтап және оны
ұрпақтан ұрпаққа, дәуірде дәуірге таратып, жеткізеді.
Мәселен, фольклор мәдени мұра рөліне ие бола бастады.
Мәдениет адамзаттың әлеуметтік жадына айналды. Ол
адамды тұлға қылады, оларды біріктіріп, қоғамның
бірлігін нығайтады. Оның бастау көзі – көшпенділер
мәдениетінің табиғатпен үйлесімді дамуында. Сондықтан
ауыз әдебиетінің дамуының нәтижесінде мәдени
сабақтастықтың әлеуеті жоғары болды. Бұл әлеуеттің
іргетасы - салт-дәстүрлер жүйесі, ауыз әдебиеті және өнердің Ұлы Далада кең тараған басқа түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет