Тақырып Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы



бет2/4
Дата01.11.2022
өлшемі39,56 Kb.
#46643
1   2   3   4
Байланысты:
03 Тақырып (БОӨЖ) 1. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыпт

Бағалы қағаз қаржылық институттар, қаржылық нарықтар және оларды реттейтін құқықтық нормалармен қатар мемлекеттің қаржылық жүйесінің құрамдас бөліктері болып табылады.
Бағалы қағаз нарығы оған сәйкес қаржылық институттар жүйесімен қатар меншік қатынастары жүзеге асырылатын, экономикалық өсімнің қаржылық көздері қалыптасатын, инвестициялық ресурстар шоғырланып, бөлінетін сфера. Бағалы қағаз нарығының поиенциал резервтерін пайдаланбай, елдің ЖІӨ-дегі өндірістік инвестиция үлесін арттыру мүмкін емес.
Қаржылық нарық — бұл үнемі қозғалыста болатын, бөлінетін немесе қайта бөлінетін, экономиканың әртүрлі субъектлері тарапынан сол ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың қатынасының ықпалымен өзгеріп отыратын елдің барлық ақшалай ресурстарының жиынтығы.
Бағалы қағаз нарығы нарықтың басқа түрлерінен өз тауарының ерекше сипатымен айрықшаланады. Бағалы қағаз - ерекше тауар. Ол меншік пырағы да, қарызды міндеттеме де, табыс табу құқығы да, табысты төлеу міндеттемесі де болып табылады. Бұл меншікті құны болмаса да, жоғары нарықтық бағамен сатылатын тауар. Нарықтық бағаның номиналдан ауытқу мүмкіндігі бағалы қағаз фиктивті капитал болып табылатынын білдіреді.
Бағалы қағаз нарығына қатысушылар 1-суретте көрсетілген.


Бағалы қағаз нарығы – нарықтық экономикадағы көптеген стихиялық процестерді реттеуші. Бұл ең әуелі, капиталды инвестициялау процесіне қатыс-ты. Соңғысы капитал миграциясы қажет жеріне құйылу және артық капиталдың кетуі түрінде жүзеге асырылатынын білдіреді. Ондай қозғалыс механизмі айт-паса да, түсінікті: қандай бір тауарларға сұраныс өседі, демек, олардың бағала-ры да, оларды өндіруден түсетін пайда да өседі және осы салаларға бос капиталдар сұраныс азайып, экономикалық жағынан тиімділігі азайып бара жатқан өнім өндіретін салаларды тастап, ауыса бастайды. Бағалы қағаз осы механизм жұмысын қамтамасыз етеді. Олар уақытша бос капиталдарда өз бой-ларына сіңіріп, сату-сатып алу арқылы оны қажет бағытқа жұмсауға көмектесе-ді. Нарықтық экономика тәжірибесінде бұл капиталдың қоғамға тікелей қажетті өндірістерге қолданылуына ықпал етеді. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің оп-тимал құрылымы пайда болады (тек капитал тарату бойынша ғана емес, жеке-ленген салалар мен өндірістердегі оның мөлшері бойынша да) және тапшылығы жоқ экономика құрылады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай келеді. Бұл дамыған нарықтық экономиканың үлкен жетістігі болып саналады.
Жалпы алғанда, Бағалы қағаз нарығы – бұл меншік формасы әртүрлі болып келетін субъектлердің өзара әрекеті. Бағалы қағаз нарығына мемлекет мүддесін көздейтін құрылымдардан басқа жеке отандық және шетелдік капитал өкілдері, акционерлік банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қор-лар, зейнетақы қорлары мен қор биржалары қатысады.
Бағалы қағаз нарығына қатысушылар – бағалы қағаз сататын немесе сатып алатын жеке тұлғалар немесе ұйымдар.
Бағалы қағаз нарығына қатысушылардың төмендегідей топтары бар:

    • эмитенттер;

    • инвесторлар;

    • қор делдалдары;

    • бағалы қағаз нарығына қызмет көрсететін ұйымдар;

    • реттеу дәне бақылау жүргізетін мемлекеттік ұйымдар

Эмитенттер – бағалы қағ,аздарды айналымға шығарушылар.
Инвесторлар – бұл айналымға шығарылған Бағалы қағазды сатып алушылар.
Қор делдалдары – бұл бағалы қағаз нарығында брокерлік немесе дилерлік қызметті немесе Бағалы қағазды басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
Бағалы қағаз нарығының қызмет етуіне ықпал жасайтын ұйымдарға төмендегілер жатады:

    • бағалы қағаз нарығын ұйымдастырушылар (қор биржалары немесе нарықтық биржалық емес ұйымдастырушылар);

    • есеп айырысу орталықтары;

    • депозиторлар;

    • тіркеушілер;

    • ақпараттық органдар немесе ұйымдар.

Эмитент – заңды тұлға өзара келісім-шартпен байланысқан заңды тұлға-лар тобы немесе инвесторлар алдында өз атынан міндеттеме алатын мемлекет-тік билік және жергілікті басқару органдары.
Эмитент қор нарығына тауар ретінде бағалы қағаз шығарады, оның сапасы эмитент статусымен, оның қызметінің шаруашылық-қаржылық нәтижесімен анықталады.
Бағалы қағаз нарығында ең әуелі эмитент өзі шығарған Бағалы қағаздың инвестициялық сапасы тұрғысынан бағаланады.
Эмитент ретінде жеке кәсіпорындар тек қарыздық бағалы қағаз ғана (көбі-несе вексель және облигация) шығара алады. Оның үстіне облигация шығару үшін көбінесе жеке кәсіпорындар бірігеді.
Брокер деп брокерлік қызметпен айналысатын бағалы қағаз нарығының кәсіби мүшесін айтамыз.
Брокер ретінде жеке тұлғалар да, ұйымдар да айналыса алады. Қор нары-ғындағы кәсіби брокерлік қызмет беітілген тәртіппен алынған лицензия арқылы атқарылады. Брокер лицензияны жергілікті басқару ұйымынан алады.
Бағалы қағаз нарығында қызмет ету үшін брокер немесе брокерлік ұйым төмендегі кәсіби талаптарға сай болуы тиіс:
- штатта біліктілік аттестаты бар мамандар болу керек;
- инвесторлар алдындағы материалдық жауапкершілікке қажет болатын меншікті капиталдың ең аз мөлшерін иелену;
- Бағалы қағазмен жасалатын операцияларды дәл және толық көрсететін есеп жүргізу және есеп беру жүйесінің болуы.
Брокер мен клиент қатынастары келісілген негізде жүріледі. Мұнда тап-сырма келісімін және комиссия келісімін пайдалана алады. Егер тапсырма келі-сімі жасалса, ол брокер клиент атынан және клиент есебінен қызмет атқарады деген сөз, яғни клиент мәміле үшін жауапты. Егер комиссия келісімі жасалса, онда мәміле жасаған кезде өз атынан қызмет атқарады, бірақ клиент мүддесі үшін, соның есебінен қызмет атқарады. Бұл жағдайда мәміле бойынша бір жақ брокер болады және оның орындалуы үшін жауапкершілік алады. Заң бойынша келісім-шарт орындалғанға дейін клиент біржақты тәртіппен оның әрекетін тоқ-татуға құқылы.
Тапсырма немесе комиссияның келісім-шартының орындалуы дегеніміз мәміле жасау туралы клиентке брокердің ресми хабарлама беруі.
Брокер негізгі табысты мәміле сомасынан алынатын комиссиялық сома есебінен алады.
Көп жағдайда брокер өз қызметін бағалы қағаз нарығында клиентке кеңес берумен біріктіреді.
Кеңес берудің үш бағыты бар:
- акционер реестрін ұстаушының таңдауын дәлелдеу;
- вексельдік бағдарлама жасау;
- эмитентке олардың имиджін жасауға және қолдауға көмектесі.
Дилер дегеніміз өз атынан, бұқараға хабарлау жолымен бағалы қағаз сату – сатып алу мәмілелерін жасаушы тұлға.
Дилер табысы сату-сатып алу айырмасынан тұрады. Әдетте ол бағалы қағаздың белгілі бір түріне маманданады, бірақ ірі ұйымдар бағалы қағаз нары-ғына толық қызмет көрсете алады.
Бағалы қағаз нарығындағы маманданған мүшелердің бірі – ұйымның нақты заңдық формасына тәуелсіз, бірақ бағалы қағазды басқару бойнша мемлекеттік лицензия бар басқарушы компаниялар.
Мұндай қызмет түрлері:
- иелері сәйкес компанияларға берген Бағалы қағазды басқару;
- бағалы қағазға пайдалы салым салуға арналған, клиенттің ақша – қаражаттарын басқару;
- компаниялар бағалы қағаз нарығында атқаратын қызметі процесінде алатын ақша – қаражаты және бағалы қағазды басқару.
Басқарушы компаниялардың қызмет етуі мен бағалы қағаз нарығындағы олардың қызметінің экономикалдық мәні олардың төмендегілерді қамтамасыз етуінде:
- клиенттердің бағалы қағазды басқару нәтижесінің артуы;
- өз қызметі масштабы есебінен қор нарығындағы операцияларға қызмет көрсету шығындарының төмендеуі;
- көптеген нарықтар мен әртүрлі елдерде бір жолда жұмыс атқару есебінен операция эффектілігінң артуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет