Депозиторлар дегеніміз бағалы қағаз сақтау бойынша және бағалы қағазға меншік құқығын жүргізу бойынша қызмет көрсететін ұйымдар, яғни депозитор-лар бағалы қағаз есебі жүрілетін шотты жүргізеді. Бағалы қағаз есебін жүргізу-ге арналған шоттар “ депо шоттар” деп аталады.
Депозитарлар ұйымдастырылған бағалы қағаз нарығындағы есеп айырысу-ды жеделдету үшін пайда болады. Алғашқы депозитарлық жүйелер қор биржа-ларына қызмет көрсету үшін құрылды.
Депозитарлар эмитенттермен инвесторлар арасындағы делдалдар болып табылады. Депозитарлар бағалы қағаз депонирлеген клиентке оған тиесілі пай-даны алуға көмектеседі, олүшін эмитенттен түсетін барлық ақпаратты береді. Екінші жағынан депозитаралар эмитентті осы міндеттерден босатады.
Депозитарлардың негізгі қызметтері: клиентпен келісім бойынша депо шотын жүргізу (ондай келісім депозитарлық келісім немесе депо шоты келісімі деп аталады).
Бағалы қағаз сертификатын сақтау; эмитенттер мен инесторлар араларында делдал ролін атқару. Сондай-ақ, депозиторлар жұмыстарына ұқсас қызметтерді де атқарады. Және атаулы бағалы қағаз иелерінің реестрін жасайды. Депозитар-лар мен тіркеушілердің айтарлықтай айырмашылықтары бар. Оларды біріктіре-тін міндет беру: бағалы қағазға меншікқұқығы есебін жүргізу. Қор нарығында депозитарларға тән емес кәсіби қызметтерде бар. Бұл ең әуелі клиент тапсырма-сы бойынша немесе өз атынан сауда саттық жүргізмен байланысты белсенді операциялар. Клиенттің бағалы қағаз сенімді басқару да депозитарлық қызмет емес.
Депозитарлық операциялар. Оларға депо шотын ашу, шот анкеталарын өз-герту, тұлғалық шот ашу,сақтауға, сақталғанын алуға бағалы қағаз сертификат-тарын қабылдау, бағалы қағазды депоның басқа шотына аудару, сақтаудың әр-түрлі орындары араларында бағалы қағаз орнын ауыстыру,т.б. жатады. Депози-тарлық операцияларды орындайтын әрекетіне қарай топтастыруға болады. Бух-галтерлік операциялар деп орындаған кезде депо тұлғалық шоттағы қалдықтар өзгеріссіз қалатын, бірақ депозитарда сақталған, депо шотымен, бағалы қағаз шығарумен және т.б.байланысты ақпарат өзгеретін операция.
Ақпараттық операция дегеніміз депозитарларда сақталған мәліметтер өз-гермейтін, операцияны бастаушыға шот жағадайы туралы немесе депозитор анықтамасы туралы ақпарат берілетін операция. Ақпараттық операцияның тип-тік формасына клиент талабыбойынша шоттан тізім беру жатады.
Есеп айырсушы клирингтік ұйым дегеніміз ұйымдастырылған бағалы қағаз мүшелеріне есеп айырысу қызметін көрсететін банк түріндегі маманданған ұйым. Оның негізгі мақсаттары:
нарық мүшелеріне есеп айырысу қызметін көрсету бойынша шығын-дардың аз болуы;
есеп айыру уақытын қысқарту;
есеп айырысу кезінде болатын барлық қатерді ең аз деңгейге дейін төмендету.
Есеп айырысушы клирингтік ұйым коммерциялық банктер сияқты заңдық формада, бірақ көбінесе жабық акционерлік қоғам түрінде болады және елдің орталық банкісінен сәйкес бағалы қағаз нарығында есеп айырысу операцияла-рының түрлеріне қызмет көрсетуге құқық беретін лицензия алады.
Есеп айырысушы клирингтік ұйым (ЕАКҰ) бір жолда бір немесе бірнеше қор биржалары немесе бағалы қағаз нарығына қызмет көрсетеді.
ЕАКҰ ұлттық, халықаралық, бүкіләлемдік болуы мүмкін. ЕАКҰ төменде-гідей есеп айырысу клирингтік қызметтерді жүзеге асырады:
ЕАКҰ мүшелері арасында есеп айырысу операцияларын жүргізеді;
есеп айырысу мүшелері арасындағы немесе клирингті жүзеге асырудың өзара талаптарын ескеру;
осы ұйым қызмет көрсететін нарықта жасалған мәмілелер бойынша ақпараттарды жинау, салыстыру, түзету жұмыстарын жүргізу;
есеп айырысу кестесін жасау, яғни есеп айырысу клирингтік ұйымға ақша-қаражаттары және оларға сәйкес ақпарат пен құжат келіп түсетін мерзімді белгілеу;
келісім-шартты орындау нәтижесінде Бағалы қағаздың орын ауысты-руына бақылау жасау;
биржада жасалған келісім-шарттардың (мәмілелердің) орындалуына ке-пілдік беру;
жүрілген есеп айырысуларды бухгалтерлік және құжаттық түрде ресімдеу;
басқадай қызметтер.
ЕАКҰ – пайда түсіре отырып, қызмет атқаруға тиіс коммерциялық ұйым. Оның жарғалық капиталы оның мүшелерінің жарнасы есебінен қалыптасады. Табыстың негізгі қайнар көздері:
мәмілені тіркегені үшін алынатын төлем;
ақпаратты сатудан түсетін төлем;
ұйымдағы ақша – қаражаттары айналымынан түсетін табыс;
өзінің есеп айырысу технологиясын сатудан, бағдарламалық қамтама-сыз етуден, т.б. түсетін табыс;
басқадай табыстар.
ЕАКҰ туынды бағалы қағаз сатуда фьючерстік келісім-шарт пен биржалық опционда басты орын иеленеді. ЕАКҰ мен басқа ұйымдар арасындағы қатынас келісімге негізделеді.
Әдетте ЕАКҰ мүшелері банктер мен ірі қаржылық компаниялар, сондай-ақ, қор және фьючерстік биржалар.
ЕАКҰ – ның несиелік және басқадай активті операциялар жүргізуге құқығы жоқ (бағалы қағазға ақша салу, т.б.). Оның коммерциялық банктерден айымашылығы осы.
Көбінесе ЕАКҰ тек есеп айырысу қызметін атқарып ғана қоймай, депози-тарлық қызметтерді де атқарады.
Инвесторлар – дивиденд, процент, алыпсатарлық кіріс түсіру мақсатында қор нарығында бағалы қағаз сатып алушы заңды және жеке тұлғалар.
Инвесторларды бірнеше белгі бойынша топтастыруға болады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – статус. Онда инвесторларды жеке тұлғалар, институт-тық және нарықтық мамандылар деп үш түрге бөлуге болады (2-сурет).
Бағалы қағаз нарығының негізгі эмитенті мемлекет болса, қор нарығы жағдайын анықтайтын негізгі инвестор – жеке инвестор. Жеке инвестор - өз жинақтарын бағалы қағаз сатып алуға пайдаланатын жеке тұлға.
Инвесторларды инвестиция салу мақсатына қарай топтастыруға болады. Онда оларды стратегиялық және портфельдік деп бөледі.
Стратегиялық инвестор акционерлік қоғамның бақылауын қолына ала отырып, меншікке ие болады және осы меншікті пайдаланудан табыс табуды көздейді. Оның сыртында стратегиялық инвестор ықпал ету формасын ұлғайту меншікті қайта бөлуде бақылау пакетін сатып алуды мақсат тұтады.
Портфельдік инвестор өзі иеленетін Бағалы қағаздан ғана табыс табады.
Инвестициялық қор – бұл бір жағынан несие-қаржы нарығының институ-ты, екінші жағынан - өз акцияларын сататын және қаражаттарын әртүрлі Баға-лы қағазға инвестицияға салатын, сондай-ақ, қор капиталы иесінің ұжымдық инвестициясын басқаратын заңды тұлға.
АҚШ – та инвестициялық қорларды “альтернативтік америкалық банк жүйесі” деп атайды.
Инвестициялық компания акционерлерінің мүліктік бағалы қағазы ағымдағы табыспен қатар эмитент таратылған жағдайда меншік үлесін алуға құқық береді.
Дамыған елдерде қарапайым акцияларға салым салушылардың 96 проценті инвестициялық қорлар, 4 проценті ғана - жеке инвесторлар.
Бірақ инвестициялық қор қызметінің де кемшіліктері бар. Барлық басқару инвестициялық менеджерлердің шағын тобының қолына жинақталады. Бұл көп мөлшердегі активті өздері ғана иеленеді деген сөз.
Қазақстандағы Бағалы қағаз нарығын реттеу және бақылау ұйымдарына мыналар жатады: жоғарғы басқару ұйымдары (Президент, Үкімет); министрлік-тер мен ведомстволар (ҚР Қаржы және мемлекеттік кіріс министрлігі, т.б.); ҚР Ұлттық банкі.
Сурет 2. Инвесторларды статусы бойынша топтастыру
Бағалы қағаз нарығын ұйымдастыру формалары. Бағалы қағаздың құрам-дас бөліктері белгілі Бағалы қағазға емес, сол нарықтағы сауда жасау тәсіліне негізделеді. Осыған байланысты Бағалы қағаз нарығын төмендегідей түрлерге бөледі:
Бірінші реткі нарық – бұл белгілі ережелер мен талаптарға негізделген, бағалы қағаздың нарықта бірінші рет пайда болуы, бұл бағалы қағазды олар-дың алғашқы иелерінің сатып алуы, бұл бағалы қағазды өткізу процесінің алғашқы сатысы.
Екінші реткі нарық – бұл бұрын шығарылған бағалы қағаздың айналымға жүруі, бұл сауда-саттықтың барлық актлерінің немесе бағалы қағаздың белгілі мерзім ішінде бір иеден екіншісіне ауысуының басқадай формаларының жиынтығы.
Ұйымдастырылған бағалы қағаз нарығы – бұл нарықтық басқа қатысу-шылар тапсырмасы бойынша лицензиясы бар маманданған делдалдар арасын-дағы қатаң ереже негізінде бағалы қағаздың айналысқа түсуі.
Ұйымдастырылмаған нарық – бұл нарыққа қатысушылардың ешқандай ережеге бағынбай, бағалы қағаздың айналысқа түсуі.
Бағалы қағаз нарықтары түрлерін топтастыру: халықаралық және ұлттық бағалы қағаз нарықтары; ұлттық және аймақтық (территориялық) ба-ғалы қағаздар нарықтары; бағалы қағаздың нақыт түрлерінің нарықтары (ак-ция, облигация); мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаз нарықтары бірінші реткі және туынды бағалы қағаз нарықтары.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстандағы қор нарығының қалыптасуының негізгі сатыларын айтыңыз.
2. Қазақстанда жекешелендру неше сатыға бөлінді?
3. Бағалы қағаз нарығына қатысушыларды атаңыз.
4. Есеп айырысушы клирингтік ұйымдар немен айналысады?
5. Инвесторларды статусы бойынша қандай топтарға бөледі?
6. Инвестициялық қор қызметінің ерекшелігі неде?