3. Сот билігінің органдары VII бөлім. СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛIГI
75-бап
ҚР сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Заңмен құрылған ҚР Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары ҚР соттары болып табылады
79-бап
Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін.
80-бап
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
82-бап
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды.