Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
ҚР Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
IV бөлімі. ПАРЛАМЕНТ
54-бап
1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
мемлекеттік наградаларды тағайындайды, ҚР құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
мемлекеттік заемдар мен ҚР экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
ҚР халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі- Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді.
ҚР Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
ҚР Президентінің ұсынуымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;
ҚР Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
ҚР Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде ҚР Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
56-бап
Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен ҚР Президентіне ҚР Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
ҚР Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.