Тақырып Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері


Тақырып 15. Ұлттың біртұтас болашағының қалыптасуы



бет17/20
Дата18.11.2022
өлшемі137,5 Kb.
#51128
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Тарих орындалған тапсырма

Тақырып 15. Ұлттың біртұтас болашағының қалыптасуы
«Ұлттық идея», «ұлттық идеал», «ұлттық көшбасшы», «ұлттық элита»
«Ұлттық идея» ұғымының мәні мәселелері бойынша көптеген зерттеулерде төмендегі жайттар атап өтіледі:
- ұлттық идея қандай да бір халықтың, этностың немесе ұлттың өмір сүру мәнін айқындайды. Өз болашағын құрайтын кез - келген мемлекет немесе қоғам осы жағынан өз ұлттық идеясына сүйенуі қажет. Өз ұлттық идеясын мансұқ еткен қоғам құриды, міндетті түрде өз жолынан таяды. Сол себепті ол дұрыс бағыт алса, онда ұлт үшін шешуші, тарихи және жасампаз фактор болады
ұлттық идея халықты ұйыстыруға бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағыттардың, құндылықтар мен мұраттардың кешені, қоғамның тұрақты әлеуметтік
- экономикалық дамуы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайту болып табылады. Ұлттық идеяны жай ғана ойдан жасауға болмайды. Оның бөліктері ұлттың болмыс келбетін білдіретін ұлттық сана-сезімнің терең қатпарында жатыр, оның мағынасы философияда, тарихта, ғылымда, поэзияда, әдебиетте, музыкада, бейнелеу өнерінде, биде, халық тілінде


Ұлттық мұрат. Ұлттық идея ұғымымен ұлттық мұрат ұғымы тығыз байланысты. Жоғары үлгі ретіндегі, адамның өзінің өмірлік стратегиясын құруындағы негізі ретіндегі ұлттық мұрат ұғымын И.Кант ойластырған болатын. Ол «идея ережелерді береді де, мұрат оған жаппай еліктеулердің бастапқы бейнесі ретінде қызмет етеді»,- деп нақтылаған еді [10]. И.Кант мақсат-мұраттардың шын мәніндегі күш-қуатын: «біз өзімізді мұратпен салыстырамыз, бағалаймыз да жақсарамыз, алайда ешқашан да онымен бір деңгейде бола алмайтын жағдайдамыз»,- деп атап өтеді (сонда). «Адамзат өмірінде терең күйзелістер, ғажап төңкеріс қоғамды оның ең терең негіздеріне дейінгі жағдайға қозғалта алатын кездер болады. Тарихтың осындай сәтінде адам одан әрі сол өмірді жылжыту мүмкін еместігін сезіне бастайды. Осындайда қандай да бір ұлы оқиғалар тарих жібін кенеттен үзіп, адамзатты батып қалған қалпынан шығаруы тиіс те, жаңа жолға – белгісіз салаға жаңа мұраттар іздеуге итермелеуі қажет»
Ұлттық мұрат ұлттық сана-сезімнің дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ұлттық мұрат мемлекеттіліктің жан-жақты нығайып, ұлттың сәтті дамуына ықпал етеді және ол мемлекеттік жүйенің үдемелілік өлшемімен, қазіргі заман дамуының шын мәніндегі негізгі тенденцияларын не құрайтындығын ұғынуымен тығыз байланысты. Жалпы танылған ұлттық мұрат негізінде қоғамды ұйыстырып, әлеуметтік бірлікті нығайту кез келген көп ұлтты мемлекеттің қоғамдық өмірінің ең күрделі жақтарының бірі болып табылатын ұлтаралық және этносаралық қатынастарға оң ықпал етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет