Шығыс Азия елдерінің арасында иероглиф жазуы әдеби шығармашылықта алғаш рет Кореяда Когурё, Пэкче және Силла мемлекеттіктері тұсында қабылданады. Нағыз корейлік жазу XY ғ. ортасында ғана құрылған. Сондықтан X-XII ғ. біз білетін ханмун жазуындағы поэзиямен қатар басқа да поэзия болған деп пайымдаймыз. Ақындар жазған өлеңдерден феодалдық қоғамдағы Кореяның өмірі мен ғалым-әдебиетшілердің конфуций, буддизм, даосизм бағытындағы көңіл-күйін көре аламыз. Уақыт ағымымен бірге корей поэзиясының тақырыптық ауқымы да кеңейе түседі. XIII ғ. моңғол шапқыншылығы Корея жерінде даостық ойдың тууына және тақуашылдыққа әкеп соқтырғаны да поэзияда көрініс табады.
Корей поэзиясы
Поэзия жанры корей әдебиетінде ежелден жақсы дамыған. Халық өміріндегі поэзияның ролі, жанрлық сипаты мен орындалу мәнері, поэтикалық туындылардың табиғаты мен ерекшелігі секілді поэзияға қатысты мәселелер корей әдебиетінде біршама зерттелген.
Ханмун –(«ханси», сөзбе-сөз аударғанда «қытай өлеңдері») вэньянь қытай жазба тілінің корейлендірілген формасы. Ханмунмен жазылған корей поэзиясы ІХ ғасырда басталып, ХІХ ғасыр соңында аяқталды. Ханмунның халық арасына етене сіңіп кеткені соншалық, сарай ақындарын айтпағанда, кез-келген білімді адам, оқымысты, әскербасы, янбан (дворян), мейлі буддалық монах болсын өз эрудициясын, білімін, тәрбиелігін, мәдениетін тек ханмун өлеңдері арқылы көрсетуге тырысты. Ханмун туындыларының кең тарағандығын ХУІ-ХУІІ ғасырларда енкквиси деп аталатын арнайы поэтикалық сайыстың өткізіліп отырғандығынан байқауға болады.

Ханмун
Корей фольклорының лирикалық жанрына жататын «мине» деп аталатын халықтық өлеңдер бүгінгі корей поэзиясында кездесетін барлық жанрлардың бастау көзі болып табылады. Корей поэзиясының ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген көптеген халықтық өлеңдер мазмұны мен пішініне қарай әртүрлі. Еңбекке, әдет-ғұрыпқа, тұрмыс-салтқа байланысты туған пхунье өлеңдері тақырыптық тұрғыдан корей дәстүрлерімен байланысты болып келсе, чхаме өлеңдері өткір, саяси мазмұнда келіп, аллегория түрінде беріледі. Корей тілінде жазылған өлеңдер корей ұлттық музыкалық аспаптарының (пак, пипха, каягым) сүйемелдеуімен айтылды. Ерекшелігі : корей тіліндегі өлеңдердің жекелеген жинақтары, антологиясы болған жоқ. Бұл туындыларда кездесетін әдеби көркемдегіш тәсілдердің барлығы дерлік халықтық өлеңдерден алынған (гипербола, метафоралық образдар, лирикалық арнаулардың композициялық тәсілі, қайталаулардың әртүрлі типтері, т.б.). Ал өлең өлшемі әдетте қысқа болып келеді, жиі кездесетіні – төрттармақты шумақ.