Мишық мидың шүйде бөлімінде орналасқан. Мишықтың алғашқы бастамасы баланың эмбриональды даму кезеңінің екінші айында пайда болады. Бала дүниеге келгенде мишықтың салмағы 20г болады да, ұл балалардың салмағы жоғарылау келеді. Алғашқы 2-3 жылдарда бала жүре бастағанда мишық күшті өседі. Содан кейін өсу қарқыны төмендейді. Бала 15 жасқа келгенде мишықтың мөлшері ересек адамдарға теңеседі.
Мишық екі ми сыңарларынан және құрт тәрізді бөлімнен тұрады.Үстіңгі жағы сұр затпен қапталып, қыртысты болып келеді.
Мишық оргганизмнің әртүрлі қозғалыстары мен вегетативтік қызметтеріне әсер етеді. Мишық зақымдалған жағдайда адамның қалыпты қозғалыстары бұзылып, жүргенде аяқтарын шалыс басып, ары-бері теңселеді.
Үлкен ми сыңарлары:
Ми сыңарлары екі бөлімнен тұрады: оң жақ және сол жақ. Ол ақ және сұр заттан құралған. Сұр заттан мидың сыртқы қабаты-қыртыстары түзіледі. Ақ зат ми қыртыстарының астында болады. Ақ заттың ішінде жүйке клеткалары топтасып орналасқан. Олар- ядролар.
Әрбір ми сыңарлары маңдай, төбе, самай және шүйде бөлімдеріне бөлі неді.
Қолданылған әдебиеттер:
Адам физологиясы Сәтбаева Х.Қ. Нілдібаева Ж.Б.Өтепбергенов Ә.А.–Алматы: «Білім» 1995ж.
Физиология человека учебное пособие по факультативному курсу для учащихся IX-Xклассов Москва «Просвещение 1982 А.Г. Хрипков. Д.В.Колесов. В.С. Миронов. Н.И. Шепило. С.И.Гальперии
«Физология человека и животных» Издательство «Высшая школы» 1970 год. Рымжанов К.С , Төленбек И.М.
«Адам және жануарлар физологиясы» -Алматы, 2000ж. Х.Әбішев
«Адам анатомиясы мен физологиясы». Алматы. 1984 ж. Источник: https://www.tarbie.kz/23408
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Тақырып: ОНЖ зерттеу әдістері. Орындаған: Амангалиева А.А
Топ: 202 Педиатрия
Тексерген: Шандаулов А.Х
Нұр – Сұлтан
2022