Жүрек өкпе реанимациясы Қр дсм «23» маусым 2016 жылғы №5 хаттамасы бойынша



бет1/2
Дата26.04.2022
өлшемі0,52 Mb.
#32355
  1   2
Байланысты:
Жүрек өкпе реанимациясы-1


Жүрек өкпе реанимациясы

ҚР ДСМ «23» маусым 2016 жылғы № 5 хаттамасы бойынша
Кенеттен өлімді анықтау және емдеудің клиникалық хаттамасы
Кенеттен өлім – бұл, осыған дейін жағдайы бір қалыпты адамның, қан айналым жүйесінде өткір бұзылыстың дамуынан, бірнеше сағаттың ішінде немесе кенеттен жүрек соғу ырғағының бұзылып, есінен танып, клиникалық өлім жағдайына өтуі.

Өлімнің 2 түрі бар:

Клиникалық өлім немесе қайтымды өлім. Бұл, адамға шұғыл жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу арқылы оны тірілтіп алуға болатын өлім түрі

Биологиялық өлім – қайтымсыз өлім. Клиникалық өлім кезінде шұғыл көмек кешіккен немесе тиімсіз жасалған жағдайда, 5-6 минуттан кейін дамитын тірілту мүмкіндігі жоқ өлім. Өлімнің бұл түрінде бүкіл ағза жүйелерде, әсіресе мида қайтымсыз бұзылыстар дамып, адамды тірілту мүмкін болмайды.

Байқасаңыз, клиникалық өлім мен биологиялық өлімнің арасы бар-жоғы 5-6 минут. Сол себепті кез келген адам (тіпті медицинадан алыс адам), тыныс алу, жүрек соғу қызметі бұзылып есінен танып құлаған адамға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп білуі керек.



Жүрек өкпе реанимациясы САВ реттілігімен орындалады:

С – Circulation - циркуляция – жүрекке жанама массаж жасау арқылы, қан айналымды іске қосу;

А – Airway – тыныс жолдарын Сафара үштік ережесімен ашу


  1. пациенттің басын шалқайту

  2. төменгі жағын ілгері шығару

  3. аузын ашу

В – Breathing – вентиляция – өкпені жасанды желдету

Жүрек өкпе реанимациясының 2 түрі бар:



  1. базалық

  2. кеңейтілген

Базалық реанимация 3 іс әрекеттен тұрады:

  • жүрекке массаж

  • өкпені желдету

  • дефебриляция

Кеңейтілген реанимация келесі іс шаралардан тұрады:

  • жүрекке массаж

  • өкпені желдету

  • дефебриляция

  • тамырдан адреналин, амиодарон егу

Жүрекке разряд беретін ритмдер: қарыншалар тахикардиясы және қарыншалар жыпылығы

Жүрекке разряд бермейтін ритмдер: асистолия және пулссіз электромеханикалық диссоцияция

Іш шараның орындалуы:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет