Тақырып: Бездердің секрециясының типтері



Дата31.10.2022
өлшемі20,92 Kb.
#46472
Байланысты:
эссе ая (копия)


С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті

СӨЖ
Тақырып: Бездердің секрециясының типтері



Орындаған: Өкіметхан Аяла ЖМ22-026
Тексерген: Желдербаева М.К.
Бездердің секрециясының типтері
I. Бездер дегеніміз – химиялық табиғаты әр түрлі арнайы заттарды өндіретін және оларды қан,лимфаға және ұлпа сұйықтығына бөлетін мүшелері. Бездердін бөлетін өнімдердің асқорыту,даму,өсу және сыртқы ортамен әрекеттесу үшін маңызы үлкен.Көптеген бездер-жеке, анатомиялық қалыптасқан мүшелер болса(қалқанша безі), кейбіреулері мүшелердің бір бөлігі ғана (асқазан бездері) болып табылады.
Бездер өздерінің атқаратын қызметіне қарай: ішкі секрециялық(эндокриндік) және сыртқы секрециялық(экзокриндік) бездер болып екіге бөлінеді.
Сыртқы секрециялық бездер өнімдерін сыртқы ортаға бөледі.Сыртқы секрециялық бездерге тер,жас,сілекей,сүт бездері және бауыр бездері жатады. Ішкі секрециялық бездері сұйықтықты бірден қанға,лимфаға,ұлпа сұйықтығына бөледі.Ішкі секрециялық бездерге гипофиз,эпифиз,қалқанша безі,қалқаншамаңы безі,айырша безі және бүйрекүсті безі жатады.Сонымен қатар бізде аралас бездері бар, аралас бездер дегеніміз – эндокриндік,экзокриндік қызметті қатар атқарады. Аралас бездерге:Ұйқы безі және жыныс бездері.
Ішкі секрециялық безед бөлетін ерекше сұйықтықты гормон деп атайды.
Ішкі секреция бездерінің анатомо-физиологиялық қасиеттері: шығару өзегі болмайды; безді эпителийден құралған қанмен мол қамтамасыз етілген; вегатативті нерв талшықтарымен көп мөлшерде қамтамасыз етілген; эндокринді бездердің біріңғай жүйесін көрсетеді.
II. Ішкі секрециялық бездердің бірі гипофиз. Гипофиз- безді және жүйке мембраналарынан түзіледі.Гипофиз ересектерде 0,5-0,6г салмаққа дейін жетеді. Гипофиз алдыңғы,ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Гипофиз шығаратын 25 түрлі гормондардың 7 түрі толығымен зерттелген.Гипофиздің артқы жағы жүйке жүесінің бөлігі болғандықтан,одан бөлінетін гормондар нейрогормондар деп аталады. Гипофиз темірдің тұрақтылығын сақтайды.Гипофиздің алдыңғы бөлігінен өсу гормоны, артқы жағынан вазопрессин,окцитоцин атты гормондары бөлінеді.Окцитоцин жатырдың жиырылуын күшейтсе, вазопрессин артериядағы қан тамырларының жиырылуын арттырады.Өсу гормонының шамадан тыс шығатын болса адамның сүйегінің ұзындығы артып,биіктігі 2 метрден асады.Акромегалиядан зардап шегетін адам өсу гормонының шамадан тыс шығуымен байланысты.Акромегалия ауруында аяқ қол сүйектері бөлініп,маңдай бет сүйектері алға шығады, ал тілі аузына сәйкес келмейді.Егер гормон аз бөлінсе адамның бойы өспейді. Яғни бұл аурудың аты «ергежейлік». Бұл аурумен ауыратын ер адамның бойы 130 см, әйелдерде100-120см аспайды. Ергежейліктің 2 түрі бар: 1) пропорциональды- дененің сәйкес келуі 2) диспропорциональды – органдардың сәйкес келмеуі.
Эпифиз- бұл дөңгелек без, салмағы 0,2 граммнан аспайды ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады. Мелатонин ағзадағы тәуліктік ырғаққа,қандағы басқа эндкокриндік бездер мен калийдің мөлшеріне әсер етеді.Эпифиз организмнің күн мезгілдері ауысуына орай өзгеріп, бейімделуіне мүмкіндік беретін без болып есептеледі. Жас балаларда эпифиздің қызметінің тежелуі олардың ерте жыныстық жетілуіне алып келеді.
Қалқанша без-барлық омыртқалы жануарлар мен адамда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі.Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамдарда оның салмағы 15-30г,пішіні таға тәрізді,50 жастан әрі қарай қалқанша безінің салмағы мен көлемі кішірейеді.Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1-2 грамм.Қалқанша без тироксин гормонын бөледі.Тироксин гормоны май мен нәруыздың алмасуына қатысады.Бұл гормон организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді, сонымен қатар тироксин жүйке жүйесінің қозуы мен жүректің жиырылуын арттырады.Бұл гормонның құрамында йод бар, тироксин жетіспегенде микседема ауруына шалдығады. Аурудың белгілері: терінің астына су жиналады, тері құрғап дене ісінеді, сонымен қатар дене температурасы төмендейді,жүрек қызметі бұзылады,әлсіздік байқалады және шашы түседі. Адам денесінде 30-50 миллиграмм йод болса, соның 15 миллиграммы қалқанша безде кездеседі.Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе,адамда іспебұғақ (эндемиялық зоб) аурумен аурады.Аурудың белгісі қалқанша безінің ұлпалары өсіп,салмағы 1 кг жетуі мүмкін.Жас балаларда қалқанша безінің гормоны жетіспегенде бойы өспей,ми сыңарларының қыртысының қызметі бұзылып, ойлау процесі және жыныстық жетілуі кешеулейді.Мұндай ауруды кретинизм деп аталады. Тамақты көп ішкенде салмақ қоспай керісінше арықтайтын,тез ашуланып, терлегіш болатын,көздері бадырайып,шарасынан шығып тұрады.Бұл ауру бадырақ көз немесе Базедов ауруы деп аталады.
Қалқаншамаңы бездері паратгормон бөледі.Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағында,ал екеуі төменгі жағында орналасқан.Қалқаншамаңы бездердің қызметі: бедерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді,тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді.Егер организмде паратгормон жетіспесе фосфордың мөлшері артады.Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарлайды да, бұлшықеттер сіресіп қалып, тістері сынғыш болады.Қалқаншамаңы бездерінің ісуінен паратгормон артық бөлінсе, сүйектерде кальций мүлдем азаяды.Сонымен қатар сүйектер қисайып,сынғыш болады. Сонымен қатар, қан тамырларда, бауыр мен бүйректерде,мида кальций көп мөлшерде жиналады.
Айырша без(тимус)- кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады.Айырша без адам организміндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметін толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без адамның балалық шағында ірі болады, жыныстық жетілуден кейін кішірейеді. Айырша без тимозин гормонын бөледі.Тимозин гормоны жетіспесе организмнің иммундық қасиеті төмендейді.Көкбауырдың мөлшері кішірейіп,қандағы лимфоцит жасушалары азайып,антидене түзілмейді.
Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты қыртысты қабаттан және ішкі милы қабаттан тұрады. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатында түзілген гормондар кортикоидтар деп аталады. Кортикоидтардың қызметі: глюкокортикоидтар нәруыздың көмірсуға айналуына(глюкоза), минералды кортикоидтар минералды заттардың, тұз және су алмасуын реттейді.Қан мен ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді, жыныс мүшелерінің дамуына әсер етеді. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінгенде қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады.Бүйрекүсті бездері қыртысты қабатының қызметі бұзылуынан пайда болатын ауруы «аддисон» ауруы деп атайды. Белгілері: ауру адам өте әлсіз болып, тез шаршайды, қан қысымы төмен, асқа тәбеті тартпайды, терісі қола(бозғылт) түсті болып өзгереді.Аддисон ауруының екінші аты «қола ауруы». Бездің милы затында адреналин және норадреналин түзіледі. Милы заттың гормондарының қызметі: артериялық қысымды жоғарлатады,жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді,қанда глюкоза мөлшерін арттырады,бауырдағы глюкогеннің мөлшерін азайтады, қанның ұюын тездетеді және қуық пен бронхылардың бұлшықеттері босаңсиды.
Аралас бездер экзокриндік қызмет атқаратындықтан оларды ішкі секрециялық бездерге жатқыза аламыз.Айтып кеткендей, олардың екі түрі болады: жыныс бездері және ұйқы безі. Ұйқы без бозғылттау түсті, құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астында орналасқан. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі: инсулин,глюкагон гормондарын қанға бөледі.Инсулин қандағы глюкозаны реттеп, оның бір бөлігін глюкогенге айналуына әсер етеді.Жыныс бездерінің ішкі секрециялық қызметтері: ер адамдарда тестостерон гормонын бөлсе, әйелдерде экстроген гормонын бөледі. Тестостерон гормоны организмдегі бұлшықет,бүйректегі нәруыздың түзілуін күшейтеді. Сонымен қатар, еркектердің ештеңеден қорықпауға,қайратты болуына әсер етеді. Экстроген сүт бездерінен сүттің бөлінуіне,жіңішке дауыстың шығуына, жатырдың дамуына әсер етеді.
III. Қорытындай келе, барлық өмірлік маңызды органдар бүкіл адам өмірінің циклын бақылайтын және теңгеретін эндокриндік механизмдермен тығыз байланысты. Осы күрделі механизмнің жұмысындағы кез-келген сәтсіздік немесе бұзылу бүкіл биологиялық ырғақтың тұрақсыздандырылуына әкеледі, қайтымсыз салдарға әкеледі.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
https://multiurok.ru/files/endokrindi-zhuiesinin-anatomiialyk-fiziologiialyk.html

Жоспар:
I.Кіріспе: Секрециялық бездер


II.Негізгі бөлім:
1)Ішкі секркциялық бездер
2)Ішкі секрециялық бездердің түрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет