Қорытынды. Мен жақсы берілген тәрбиені біздің тілде айтқанда «антивирус» дер едім. Жақсы мен жаманды ажыраушы тұлғаның тәрбиесі мен ар-ұжданы. Қандай жаман қасиеттер қаумалап қоршап алсадағы тәрбие оның бәрін кері итеруге күш береді. Кез келген дүние тепе-теңдіктіті қажет еткені секілді адам баласыда оны қажет етеді. Ол тура мағынадан да, ауыспалы өзге мағыналарынан да солай. Тұлғаны үйдің қабырғасы ретінде алып көрсек. Қабырға түрлі құбылыстарға ол мейлі жел-дауылға болсын, ол мейлі жер сілкінуге болсын шыдас беріп, мызғымастай болуы үшін кірпіштері дұрыс қалануы қажет. Мәселен ол тік сонымен бірге кірпіштері бірінің үстінен бірі нық әрі алдыңғысына сай бұрыш бұрышы асқан дәлдікпен болғаны жақсы. Осы секілді жоғарыда келтірілген тәрбие, тұқымқуалаушылық және орта бірімен бірі үйлесімде болса ол тақырыбымызға сай ЖАН-ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫҒАН ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУНА, діттеген жеріне түзу апаратын үлкен жол ашып бермек.