Тұқымқуалаушылық ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз:
дене бітімінің ерекшеліктері;
шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокриндік бұзылушылықтар;
кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Біздің астын сызып көрсетініміз бұл 4-ші және 6-шы тармақтар.
Орта. Бұл ортаға байланысты түрлі ақпараттар келтіруге болады. Мәселен тұлғаға беріліп жатқан оң тәрбиеден оң нәтиже шықпай жатса демек, мәселенің бір ұшы тұлғаның ортасында болуы бек мүмкін. Тіпті жақсы ортада жүрсе тұлғаға арнайы тәрбие берудің де қажеті болмай қалады, әрине бұл барлық жағдайда да орындалады деп айта алмаймыз. Бұл жолы да ғылым тіліне көз жүгіртіп өтер болсақ онда ол былай:
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта-бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді.Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Табиғат жағдайына олардың мінез-құлықтары да ерекше байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер
бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және алдын-ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды. Ғылым бұл бөлімді осылайша қорытындылайды. Бұл яғни менің оқығанымды түсініп қорытып жазғаным емес, дерек көздердегі ақпаратты қалай бар солай алдым. Және осыған байланысты түсінгенімді де жалпақ тілде жеткізгім келеді. Байқағанымыздай ортамыздағы адамдар ғана біздің мінез-құлқымызды қалыптастырмайды қосымша ортамыздағы географиялық жағдайларда тұлғалық дамуымызда белгілі бір әсерін беріп отырады. Біздің ортадан өзімізге сіңіретін үлесіміз көбірек, яғни мынадай бір мағынаны алсақ болады. Ортамыздың жақсы болуы біздің сіңіретінімдің де аз болсада жақсы екенін, керісінше ортамыз жаман болса, ол жерденде аз болса да жаман қасиеттер сіңіретініміз мәлім. Айтқым келгені тұлғаның жақсы дамуына жақсы ортаның маңызды екендігі.